Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Білім - ақыл-ой дариясы
Ашық сабақ
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Білім-ақыл-ой дариясы.
Мақсаты: Білімділік. Пән бойынша білік дағдыларын қалыптастыра отырып,
Ы.Алтынсариннің өмірі шығармалары жайлы,т.б. өнер адамдарының әдеби,
музыкалық мұраларынан білім беру.
Тәрбиелік: Ән тыңдау, ән айту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды сүбге, білімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әнді орындау, музыкалық характерлерін айыру, жұмбақтар шешу
арқылы ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, бақылау, бағалау.
Сабақтың өткізу ұстанымдары:
• Оқыту, дамыту және тәрбиелеудің бірізділігі.
• Ғылыми ізденісі
• Музыкалық пәнаралық байланысы
• Музыкаға деген қызығушылығы
Сабақтың оқу жұмысын
ұйымдастыру формасы: жекелік
топтық
ұжымдық
Құрал-жабдықтар: Музыкалық материал
Ж.Еңсеповтың әні: «Құтты білік»,
«Ямаха» синтизатор аспабы,
минидиск аппараты.
Көркем материал: Композитор суреті, интерактивті тақтамен слайд көрсету.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
«Құтты білік» әні Ж.Еңсепов әнінің әуені ойнап тұрады. Оқушылармен
амандасу, оқу құралдарын тексеру, жан-жағын жинастыру, сабаққа келмеген
оқушыларды түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
-Балалар , білім ордасы не?
-Мектеп. Мына өлең жолдарын тыңдап көріңдер. Үнтаспадан өлең тыңдау. Не
ұқтыңдар кім айтады?
Сендерді оқу-білімге, өнерге, білімпаздыққа шақырып тұр.
Тақтадағы мақал-мәтелдерге қараңдар.
«Ғылым таппай, мақтанба,
Орын таппай, баптанба».
(Абай)
Оқусыз білім жоқ, Оқу –білім
бұлағы,
Білімсіз күнің жоқ. Білім-өмір шырағы.
(халық мақал-мәтелі)
Жасыңда оқыған оқуың-тасқа жазғанмен тең.
Үлкейгенде оқыған оқуың-мұзға жазғанмен тең.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып, тақырыптарды жазыңдар.
1. «Сүйікті мектебім» әні Ө.Байділдаев
өлеңі: Ш.Смаханұлы
тыңдау.
2. Ыбырай Алтынсарин
3. «Құтты білік» әні : Ж.Еңсепов
өлеңі: Ж.Баласұғни
аударған А.Егеубаев үйрену.
«Сүйікті мектебім»
әнін жазған: Ө.Байділдаев
Ән көңілді айтылады өлшемі 2/4 қай нота басқыштан басталып тұр. (4 фа ,
кілт белгісінде 2 # ) Ән үш шумақтан тұрады. Тыңдау.
Ыбырай Алтынсарин 1841 -1889 жылдары өмір сүрген Торғай облысының
Николаевск уезі Арақарағай болсында туған. Ы.Алтынсарин –қазақ халқының
аса, көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, қоғам қайраткері, фольклорист,
энциклопедист.
Балғожа би немересі Ыбырайға:
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл қойсаң басыларсың,
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың»
деп хат жазып, ғылымды сүюге тәрбиелейді.
Ы.Алтынсарин домбыра аспабында жақсы ойнай білген.
Дауыс ашу жаттығулары:
«Құтты білік»
Әні: Ж.Еңсепов»
өлеңі:Жүсіп Балсағұни
аударған: А.Егеубаев
Жігерлі, 2/4
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда-ақылдың бұлағы,
Білімді сөз-шырын жанның құнары.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Барлық іске зерек болса парықтап,
Ала білсе өз керегін анықтап,
Сонда толық болар ісің, пішінің
Білімді асты жейді баппен пісіріп.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма –
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен
Тартар күйік, ет кескендей етінен.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Білімді-аз , білімсіздер қаптаған.
Ақылсыз көп, ақылдыны таптаған.
Білімсіздер білімдіге жау болды
Надандардың аңдығаны дау болды.
Бұл сөзімді білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін ұға алмадым.
ҮІІ Қорытындылау:
Сөзжұмбақ «Білім»
ҮІ. Бекіту.
Топтастыру.
[pic]
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсарин –оқу, «Құтты білік» -жаттау.
Бағалау.
-----------------------
домбырашы
жазушы
Ыбырай
Жаңашыл педагог
Ағартушы
Қоғам қайраткері
энциклопедист
этнограф
Хор ұйымдас
тырушы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz