Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Ана құшағында
Сыныбы: 4- cыныбы
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру. Мәтіндегі ана туралы жазған
жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген
махаббат сезімін сезінуге баулу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Танымдық
іс - әрекеттер арқылы ой - өрістерін, тілін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, білімге деген
қызығушылықтарын қалыптастыру. Отанын сүюге, ізгілікке, әсемдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, ой қозғау,
топтастыру, танымдық ойындар, дамыта оқыту.
Көрнекілігі: Зымыранның суреті, автор суреті, сөзжұмбақ, ананың суреті,
ғажайып жетіліктің суреті, жұлдыздар.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
- балалар, қазір қай сабақ? Ана тілі сабағы.
- Ендеше, мына өлеңді бірге айтайық!
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
- балалар, бүгінгі ана тілі сабағымыз күндегі сабақтардан ерекше. Бізге
көптеген қонақтар келіп отыр. «Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын
пысықтайық.
1. «Үлек» дегеніміз не? Оған сипаттама бер.
2. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
3. Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай ата бармаса не болар
еді?
4. Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады?
5. Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің атын ата.
6. Портрет дегеніміз не? Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін
тіркестерді тап.
- Балалар, Үлекке сипаттама жазып келуге тапсырма берілді. Енді соны кім
оқып береді? (2-3 оқушыға оқыту, әр қатардан бір оқушыдан)
- Ендешен, үй тапсырмасын бекіту мақсатында «сөзжұмбақты» шешейік:
1. қыстың екінші айы?
2. бір өркешті түйе?
3. екі жастағы түйе?
4. үш жастағы түйе?
5. сүттен дайындалатын тағам?
6. түйенің мойын жүні?
7. түйенің төлі?
8. түйе жейтін шөп?
9. «Үлек» әңгімесінің авторының аты?
10. айыр өркешті түйе?
11. әңгімедегі жер аты?
12. Үлектің иесі?
- балалар, ерекше сызықта қандай тақырып шықты? «Ана құшағында»
Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс.
«Қазақ солдаты» романының авторы Ғабит Мүсірепов туралы түсінік беру.
Ғ.Мүсірепов әйгілі жазушы, қоғам қайраткері. «Ана құшағында» әңгімесін
оқып, түсіндіру. Ана суретін іліп, қысқаша түсінік беру.
Сөздік жұмыс:
Делең қағып - өзін қоярға жер таппау
Сыдырта сүзу – жылдам қарау
Балдыр басқан - әжім түскен бет
Қайыстай – мықты, жарамды
Делбе – құрдан өріліп жасалған қамшының бір түрі
- балалар, жазып болсақ сергіп алайық! Логикалық сұрақтар
«Тапқыр болсаң, озып көр»
Оқулықпен жұмыс, тізбектей оқыту.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Ғажайып жетілік» ойынын ұйымдастыру.
7 саны туралы не білеміз? аптаның 7 күні, 7 нота, 7 септік (ана сөзін
септеу), 7 жұт, 7 қазына, 7 керемет
1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді? Оның досы кім? Оның атын әңгіменің
қай жерінен кездестіресің?
2. Ана мен баланың бір – біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен
оқуға болады?
3. Мәрия апай деп отырған кім деп ойлайсың?
4. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады? Егер сен Қайроштың
орнында болсаң, не істер едің?
5. Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып, оқы.
6. «Жырлаймын анамды» ана туралы қандай мақал – мәтел, өлеңдер білесіңдер?
7. МАБ – қа дайынсың ба?
Тест тапсырмасын орындау. Әрбір оқушы МАБ – ты жақсы тапсыруға өз
тілектерін білдіреді.
Сабақты қорытындылау:
- балалар, біз бүгінгі ана тілі сабағында не үйрендік?
- Сұрақтарға жауап бердік, сөзжұмбақ шештік, тест орындадық, ана туралы
өлең, мақал – мәтелдер айттық, логикалық есептер шештік.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу, сурет бойынша ананы сипаттау.
Мемлекеттік мекеме №6 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»
Өткізген: 4«А» гимназия сыныбының мұғалімі
Башимова Навира Рзақұлқызы
Құрық селосы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz