Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Жол және біз
3 - сынып
Тақырыбы: Жол және біз
Мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді
үйрету:
Жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын
қалыптастырып
дамыту:
Май қызметкерлерімен кездесу:
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, жол белгілеріне байланысты
сөздер, көрініс кейіпкерлері.
Жүрісі.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінде қалада да, ауылда да,
үлкен көшелер және онда жүйіткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген
сайын ерсілі – қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні
де даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын көліктің барлық
түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен
жаяушылардың әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете
біліп, қатаң сақтауын қажет етеді.
Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе көше қиылысында жол полициясы
қызметкеерлері мен бағдаршам қадағалайды.
Балалар тәртіпсіздік көрсеткенде, жолда жүру ережелерін бұзғанда
өздері ғана қырсыққа тап болмай, басқа да адамдардың өміріне қатер
төндіреді. Жол тәртіібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне
ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік
мүгедек болып қалады. Көшелер мен жолдардағы түрлі оқиғалар туралы оқып
және естіп жүрсіңдер.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру
ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қортынды жасап отыруға міндетті.
Жолда жүру ережесін жақсы білетін және оларды әрқашанда, барлық жерде
сақтайтындарға еш нәрсе де соқтықпайды.Жолда жүру ережелерін үнемі
сақтауға дағдыларыныңдар.Өз жолдастарының көшеде және жолда теріс
қылықтар жасауына жол бермеңдер.
Оқушы: Арманға алда күткен асығармыз
Бір қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ередесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Оқушы: Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінге бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталды сәлемменен
Мұғалім: Айналайын, көше саған үй емес! Атты тәрбие сағатымызды ашуға
рұқсат етіңіздер.
Балалар, біз жол жүру ережесімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз
уақыт болыпты. Ендеше біз қала орталығына елестету арқылы саяхатқа
шығамыз.
Жұмбақ: Бір көзім кідір дейді.
Бір көзім жүр дейді.
Бір көзім абайла дейді.
Қала үлкен адамдар да көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?
- Бағдаршам
- Дұрыс
- Көше тәртібін реттеуші кім?
- Сақшы
Балалар сақшы ағайларың бізге таныс емес сөздерге түсінік береді.
Оқушылар: Сәлеметсіз бе ағай?
Сақшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Естеріңде болсын, балалар, жол жаяу
жүргіншілер мен көлік қозғалысына қызмет етеді. Оның әр бөлігінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Тротуар жаяу жүргіншіге трамвай жолдары трамвай
қозғалысына арналған.
Мұғалім: Қане, балалар, жол жүру белгілерімен танысайық! Көптеген мектеп
оқушылары жолда жүру ережелерін жете білмейді. Ал кейбірі біле тұра жаяу
жүзгіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Олай болса, көшеден
өту ережесі туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік.
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сол, біз етейік төрелік
Оқушы: Олардың 126 түрі бар.Көп бірақ олардың бәрін жаттап алудың қажеті
жоқ.Пайдалануға қажеттілерін еске түсіріп, төрт белгісімен танысайық.
Оқушы: Ескерту белгісі
Өзі қызыл, үшбұрыш, ескертуің мен болам
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған
Маған қарап жүрер болса жүргізуші жаяу да
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған
Оқушы: Тыйым салу белгісі.
Мен бәріне әрқашан тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін
Осы жолы үндемеймін, бар ма тағы сұрағың?
Оқушы: Көрсеткіш белгісі
Баратын сапардың қашығын.
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын
Күндіз де, түнде де, от болып жанады.
Көкпенен боялған төртбұрышшырағым
Оқушы: Бағыт беретін белгі.
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс қатерді, қауіпті
Барлығын анықтапр көрсетіп жіберем
Сондықтан бәрі де тез мені танытыпты
Оқушы:
Төрт топтан құралған белгілер туыстай
Жол сілтеп тұрамыз у- шусыз ұрыспай
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай
Мұғалім: Ендеше, балалар сақшы ағайымызға бүгінгі біщге берген мәліметі
үшін рахметімізді айтып, сақшы ағай туралы кім қандай өлең біледі екен соны
тыңдайық?
Көрініс: Қожа Насыр мен оқушы
Ән: «Сақтық керек көшеде»
Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес.
Жол жүру ережесін білмей тұрып,
Оқушы:
Көше, Көше қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен – кіші баршамызға
Оқушы:
Бұл белгіні көргенде бағдаршам белгілері арқылы жөн тауып жолдан
өтесіз?
Оқушы:
Бұл белгіні көрген кезде шлагбаул түсіріліп тұрған жоқ па қара
Оқушы:
Апатты болдырмау үшін және автомобиль дөңгелегінің астына түспеу үшін
жолдан тек қана жаяу жүргінщілер өтпелінен өт
Оқушы:
Жаяу жүрушілердің қозғалысына тыйым салынады.
Оқушы:
Велосипед қозғалысына тыйым салынады.
Тек қана Велосипед және мопедтер қозғалысына рұқсат беріледі.
- қоректену
- бірінші дәрігерлік көмек белгісі
- аурухана
- телефон
Ойын: Бағдаршам
Ойынның шартты:
Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында
аяқтарын қозғалысқа келтіреді
Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Оқушы: Қызыл көзін ашқанда
Сының сүйем баспа алға
Оқушы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Оқушы: Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Хор: Бағдаршам
Мұғалім: Қымбаты қонақтар, ұстаздар.
Біздің мектепте қыркүйек айынан қазан айына дейін жолда жүруге
байланысты айлық өтті. Оқушылар жолда жүру ережесімен атыстырылды.
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін, білеміз
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз
Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап,
бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
Осымен Айналайын көше саған үй емес! Атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz