9-сынып информатика: Паскаль тілінде көпөлшемді жиымдар - сабақ жоспары

Ауданов Махсет

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы

Бейнеу гимназиясының

Информатика пәні мұғалімі

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Көп өлшемді жиымдар

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен таныстыруды жалғастырып, паскаль тілінде екіөлшемді жиымға берілген қарапайым есептерді шығаруды үйрету

Дамытушылық мақсаты: Көп өлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат бере отырып, оқушыларды бағдарлама құруға дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту . Білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын, іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өзбетімен жұмыс жасауға, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға мақсатты оқуға баулу

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың түрі: аралас

1. Ұйымдастыру бөлім

1. Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу

2. Үй жұмысын тексеру:

1. Бір өлшемді жиымның ең үлкен элементі және оның тұрған орнын анықтау.

2. Бір өлшемді жиымның ең кіші элементі және оның тұрған орнын анықтау бағдарламаларын тексеру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары

1. Жиым деп нені айтады?

2. Паскаль тілінде бірөлшемді жиым қалай сипатталып жазылады?

3. Жиым элементтерінің орны қалай сипатталады?

4. Индекс дегеніміз не?

5. Бірөлшемді жиымды бағдарламаға қалай енгізеді?

6. Бірөлшемді жиымды экранға қалай шығарады?

7. Жиым элементтеріне қандай амал қолданады?

3. Жаңа тақырыпты баяндау

Көп өлшемді жиымдар

Жиым - бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген элементтер жиыны.

Турбо Паскальда жиым өлшеміне шек қойылмаған, іс жүзінде бір және екі өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Жалпы бірөлшемді жиым математикада вектор , ал екіөлшемді жиым матрица ұғымдарымен сәйкес келеді. Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді , ал екі индекс болса - екіөлшемді және т. с. с. n индекс болса, n-өлшемді жиым дейді.

Осы айтылғандарға сәйкес жиым элементтері былай белгіленеді: А[i], B[i, j], C[i, j, k] және т. с. с., көпөлшемді жиым элементтерін басқаша да белгілеуге болады, мысалы, B [i] [j] . Мұндағы A [j] бір өлшемді жиымның i-ші элементі, оны математикада a i түрінде белгілейді, B[i, j] - екіөлшемді жиымның (кестесінің) i-жолы мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуі; ал C[i, j, k] үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i, j, k) деп қарауға болады.

Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:

TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;

Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:

VAR B: array [1…N, 1. . M] of <элементтер типі>;

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін. Мысалы, жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т. с. с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:

for i: = 1 to n do

for j: = 1 to m do

read (B [i, j] ) ;

немесе экранға мәлімет шығару үшін:

for i: = 1 to n do

begin

writeln;

for j: = 1 to m do

write (B [i, j] ) ;

end.

b 1, 1 b 1, 2 b 1, 3

b 2, 1 b 2, 2 b 2, 3

B = ( b i, j ) = b 3, 1 b 3, 2 b 3, 3

b 4, 1 b 4, 2 b 4, 3

b 5, 1 b 5, 2 b 5, 3

Мысал:

1. Екіөлшемді А (3, 3) жиым элементтерін енгізу және шығару бағдарламасын құру.

p rogram esep mas;

var i, j:integer;

A: array [l. . 3, 1. . 3] of integer;

BEGIN

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i, j] ) ;

writeln;

end;

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i, j] ) ;

writeln;

end;

END.

2. Екіөлшемді жиым элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін табу.

p rogram esep2;

var i, j, s, k:integer;

A: array [1. . 3, 1. . 3] of integer;

BEGIN

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i, j] ) ;

writeln;

end;

k:=1; s:=0;

for i:=1to 3 do

for j:=1to 3 do s:=s+a[i, j] ;

for i:=1to 3 do

for j:=1to 3 do k; =k*a[i, j] ;

writeln(`s=`, s) ;

writeln(`k=`, k) ;

END.

Бекіту: (Компьютермен жұмыс)

1. А(5, 5) екі өлшемді жиымының басты диагоналында орналасқан элементтерді шығару бағдарламасын құрыңдар.

PROGRAM ESEP1;

VAR A:ARRAY[1. . 5, 1. . 5] OF INTEGER;

I, J:INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO 5 DO

BEGIN

FOR J:=1 TO 5 DO

READ(A[I, J] ) ;

WRITELN;

END;

FOR I:=1 TO 5 DO

FOR J:=1 TO 5 DO

IF I=J THEN WRITE(A[I, J], ’ ‘)

END.

2. А(5, 5) екі өлшемді жиымының жанама диагоналында орналасқан элементтерді шығару бағдарламасын құрыңдар.

PROGRAM ESEP1;

VAR A:ARRAY[1. . 5, 1. . 5] OF INTEGER;

I, J:INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO 5 DO

BEGIN

FOR J:=1 TO 5 DO

READ(A[I, J] ) ;

WRITELN;

END;

FOR I:=1 TO 5 DO

FOR J:=1 TO 5 DO

IF I+J=6 THEN WRITE(A[I, J], ’ ‘)


Ұқсас жұмыстар
Паскаль тіліндегі көпөлшемді жиымдар: теориясы, сипатталуы және практикалық қолданылуы
Паскаль тілінде массивтер (жиымдар): 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып информатикасы: Бірөлшемді жиымдар және Паскаль тілінде элементтермен жұмыс
9-сынып информатика: Тармақталу алгоритмдерін Паскаль тілінде программалау
9-сынып: Паскаль тіліндегі жиымдар - теория, практикалық жаттығулар және бағалау
9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу - сабақ жоспары
9-сынып информатика: Жиымдар - практикалық сабақ және массивтермен жұмыс
Информатика (7-сынып): Арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу ережелері
9-сынып: Паскаль тілінде символдық және жолдық шамалармен жұмыс
9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz