Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың
информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында:
«Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап
көрсетті [1].
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының
арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық
бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге
тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық
білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. [2]
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік
техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына
топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге
бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы
ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке
тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Кез келген педагогикалық технология ақпараттық –
коммуникативтік технология болып табылады. Ақпараттық – коммуникативтік
технологияға көшпей оқу-тәрбие процесінде білім беруді меңгеру мүмкін емес.
Білім берудегі ақпараттық – коммуникативтік технология – оқу мен оқу-
тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен инструменттік
құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника құралдарының оқу
процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде
оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.
Ақпараттық – коммуникативтік технология – мұғалімнің өз жұмыстарының
әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке
қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу
процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. [3]
Ақпараттық – коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің
функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»
деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізгі шарттарының бірі.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
□ Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,
әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
□ Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
□ Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және
гипермәтіндік технологиялар).
□ Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша
білім алуды қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті
мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету.
Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте
жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы
нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде
ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды. [4]
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының
практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету
жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары
сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы
үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы
нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және
оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету
керек.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші
кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік
сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық
негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі
ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана
білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. [5]
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
– мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу
үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін
сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
□ Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру
және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін
пайдалану.
□ Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық
іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
□ Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану
арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
□ Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу
процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге
бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны
дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс
үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас
ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын
арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын
молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге
көмегі бар.
Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың
маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды
шәкірттің шығары анық. [6]
1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты жолдауы
2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу –
тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану
қажеттілігі» (4-5 бет)
3. «Информатика негіздері» журналы №3-2006 жыл - М. Ғалымжанова
«Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім
беру деңгейін көтеру» (2 бет)
4. Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру
деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» -
2 бет
5. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың
қолданылуы» - 17 бет
6. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық
құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет
Алматы облысы , Қарасай ауданы
Еңбекші ауылындағы орта мектептің
физика, информатика пәнінің ІІ санатты мұғалімі
Амантаева Эльвира Толиятовна
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz