Ағашты күйдіріп өрнектеу жайлы ақпарат

Технология пәні бойынша ашық сабақ жоспары

(8-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын меңгерту

ә) Дамытушылық: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана білуін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: Дайын бұйым өндіру жолындағы өндірістік жүйе, оның сатылы кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып тұтынушы қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер: ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған портреттер, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған бұйымдар.

Құрал-саймандар: Үшқат, өңдейтін қағаздар, ара, күйдіріп өрнектеу аспабы, түрлі түсті бояу, қылқалам, үлгі қағазы, көшірме қағазы, лак, қарындаш т. б.

Сабақ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Жаңа сабақ

Сарамандық жұмыс

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Ағашты күйдіріп өрнектеу. Ең әуелі біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы құрылысы тұрғысынан: 1-негізі; 2-ток күшін үнемдеуші; 3-күйдіргіштің тұтқасы, 4-шиыршық (спираль) немесе электрод; 5-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады (оқулықтың 103-бетіндегі 72-суретті қараңыз) .

Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады. Тіпті оны қолдан жасап алуға болады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін тарнсформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады.

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаған абзал :

  • Электр күйдіргіш аспабымен тек мұғалімнің рұқсатымен ғана іске қосу қажет.
  • Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.
  • Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.
  • Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.
  • Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.
  • Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.
  • Электркүйдіргішті бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді қабардар ету қажет.
  • Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажыратып, оны суығанша жерге қоймау керек.

Күйдіріп өрнек салуға үшқатты немесе ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен үшқаттан кесілген дайын үлгілер мен трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады.

Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады.

Құрметті оқушылар, жұмысқа кіріспестен бұрын біз ең әуелі сабақтың мақсатын белгілеп алуымыз керек. Сендер қандай бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды өндірістік сипатта өткіземіз. Ол дегеніміз, яғни бүгін біздің сыныбымыз «Холдинг-фирма» болады. Ал, бүгінгі істейтін жұмыстарыңды түсіндіретін мен - фирма директорымын. Сендер фирманың жұмысшыларысыңдар. Әрине холдинг болғандықтан, біз де үлкен-үлкен цехтар мен бөлімдер жұмыс істейді.

1) Техникалық бақылау бөлімі

2) Дайындық цехы

3) Дизайнерлер бөлмесі

4) Өндіріс цехы

5) Лактау цехы

6) Сауда менеджерінің жұмысы


Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Ағашты күйдіріп өрнектеу
Ағашқа күйдіріп өрнек салу
<<Ағашты күйдіріп өрнектеу>> 8 сынып
Декоративті- қолданбалы өнер.Пиротопия және пирография
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы
Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу
«тіл дамыту» қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
Геометриялық оюлар
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz