С дыбысы және әрпі

Здравствуйте уважаемый сайт Мир учителя!

Казахстан

ВКО, Жарминский район, село Калбатау

КГУ «Средняя школа им. Маяковского»

Должность: воспитатель

Ф. И. О Сейтханова Айтолкын Мешетхановна

Презентация открытого урока

Категория : 0 кл

Хотела бы получить свидетельство на отправленный материал

Способ оплаты

« Qiwi кошелёк»

Заранее спасибо!

С дыбысы және әрпі

Казахстан ВКО,

Жарминский район, село Калбатау

КГУ « Средняя школа им. Маяковского »

Воспитатель группы предшкольной

подготовки Сейтханова Айтолкын

Мешетхановна

Мақсаты: 1. Балаларды с дыбысы және әрпімен таныстыру.

2. С дыбысына сөз, сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. С әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

3. Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ойын, көрнекілік, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: әріптер, түрлі-түсті суреттер, әліпби, DVD, текшелер, слайд, «Сауат ашу» - әліппе дәптері.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме! деп

Сәлемдесіп аламыз .

-Балалар, бүгін бізде сауат ашу сабағы.

Сауат ашу сабағында С дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ал бүгінгі сабағымызда біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз.

Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысымен.

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс .

-Б дыбысына байланысты қандай тақпақ жаттадық?

-Қане кім айтады?

II. Негізгі бөлім.

-Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.

-Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.

Балалардың жауабы.

Ал енді көзімізді жұмайық.

-Ендеше, саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?

-Балалардың жауабы

-Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?

-Карта.

Балаларды картамен таныстырамын.

1. Дыбыстар елі.

2. Суреттер елі

3. Сиқырлы сөздер елі.

4. Жазу елі.

Ал балалар ендеше «Білім»әлеміне саяхатымызға аттанайық.

-Балалар біз дыбыстар еліне келіп жеттік.

Бірақ біз дыбыстар еліне кіре алмай тұрмыз.

Ол үшін біз мына жұмбақты шешуіміз қажет.

Сақинаны, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? (С)

-Балалар, қане с дыбысын айтып көрейік.

-С қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс

-Қандай текшемен белгілейміз?

Ал балалар дыбыстар елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.

-Балалар, біз суреттер еліне келдік.

Мына суреттерге назар аударайық.

Сағат, мысық, автобус, сандық, т. б

-Ендеше с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.

-Жақсы балалар, саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

-Ал балалар сиқырлы сөздер еліне де келіп жеттік.

-Балалар, қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр.

Бізге мына буындарды, сөздерді оқи аласыңдарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді.

-ас, -са, -со, тас, са-на, со-на.

«Адасқан әріптер» дид. ойыны.

Шарты: әріптерді тауып сөз құрау, текшемен жазып дыбыстық талдау жасау. Сол сөзге сөйлем құрайды.

-Балалар, ары қарай жолға шығайық.

Біз тағы бір елге жақындап қалдық.

Бұл «Жазу» елі екен. Ал енді с дыбысының әріп таңбасымен танысайық.

Ауада жазып көрсетемін.

Тақтада әріпті жазамын С с .

-Балалар әріпті қайтеміз көреміз, жазамыз, ал дыбысты естиміз, айтамыз.

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

III . Дәптермен жұмыс.

С дыбысының баспа түрін жазу.

IV. Бекіту

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)

V. Қорытындылау.

-Балалар сабақ ұнады ма?

-Қандай дыбыспен таныстық.

VI. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Гг әрпі мен дыбысы
Дауысты дыбыс әріптері
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Суреттер елі
Сс дыбысы мен әрпі (мектеп алды даярлық сыныбы)
Ж дыбысы және әрпі
Щ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Сс дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz