Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
М.о.әуезов «көксерек»
Сабақтың тақырыбы: М. О . Әуезов <<Көксерек>>
Сабақтың мақсаты:
а) әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;
ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы,сот сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену , сұхбаттасу, айтыс,дәлелдеу т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б сызбалар, бүктеме,сот киімін,қасқыр <<киімін>> киген оқушылар
Пәнаралық байланыс: тарих,жануартану.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген М.Жұмабаевтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Қоршаған орта
Табиғат
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
* Оқиғаның басталуы -- Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.
* Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.
* Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық
* Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы
* Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.
( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)
Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)
Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. Екі топқа <<Адам>>, <<Қасқыр>> сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.
Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі
Қасқыр
Адам
ойлайды оқиды қомағай табиғат перзенті
перзент қоректенеді. Дала тағысы дала санитары
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен кКөксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Толғаныс. Синку-эй әдісі бойынша <<қасқыр>>, <<аңшы>> сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.
* Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
* Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
* Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
* Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген
сұрақтарына жауап беремін.
1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің <<Көксерек>> әңгімесі бойынша <<Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды>> тақырыбына шығарма жазу.
1. <<Көксерек>> сөзі сендерге қалай таныс?
2. <<Көксерек>> кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын <<Көксерек>> деп атады?
3. <<Көксерек>> әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
<<Көксерек>> әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1 Көксерек Қарадыр аулында.
2.Көксерек-түз тағысы
3. Жекпе жек.
<<Көксерек>> оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ. .
Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып, <<қылмыстық оқиғаға>> қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде <<зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды>>, <<орасан боп өсті>>, <<жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған>>, <<зорайып қатты өсті>>, <<аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті>> деп сипаттайды.
<<Гүрр>> етіп ала төбетті алқымынан ала түсті>>, <<гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді>>, <<қорқ-қорқ асайды>>, <<қылқ-қылқ жұтады>>, <<қабырғаларын кірт-кірт сындырады>>, <<дүр-дүр еткізіп келеді>> -бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін <<қырыстанып жатып алады>>, <<ызалы,долы,ашулы>>, <<долылық,, жойқандық бар>>, <<әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес>>, <<татулық жоқ,суық>>, <<Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын>>, <<ол түзде еркін ойнақы>> деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:
1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді;
2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;
3) өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым
Екі куәгердің сөздері.
Ақтаушылардың қорытынды сөздері: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.
Адам,жануар - табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар <<Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас>> деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. <<Бөрі бөрілігін істейді>>, <<Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды>> деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: М.Әуезовтің <<Көксерек>> әңгімесін аяқтадық.Жазушының <<Көксерегі>> -оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.
Үйге тапсырма: <<Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық>> тақырыбына эссе жазып келу.
Бағалау. Қорытынды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz