Халық ауыз әдебиеті - асыл мұра

Мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, елжанды болуға баулып, ана тілін қастерлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Топтаса отырып жұмыс жасауға, бір-біріне көмек бере білуге, бірін-бірі сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мақал-мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар айту арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Ата-аналар мен мектептің байланысын нығайтып, оларды тәрбиелік шаралараға белесене қатысуға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі : нақыл сөздер, сайысқа қажетті құралдар мен тапсырмалар, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсәлдері : сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың түрі : сайыс
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы :Мұғалім: Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер! Бүгін тіл мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра» атты ашық сағатымызға қош келдіңздер. Бүгінгі сайысты тамашалауға келіп отырған қонақтарға бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр:
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Оларға нелер жатады?
- Олар біздергі дейін қалай сақталып келеді?
- Оның балалар үшін қандай маңызы бар?
/ қонақ ата-аналар, мұғалімдер бір-бірден тұрып оқушыларға толық жауаптар береді /
« Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. » - деген екен Ғ. Мүсірепов.
Олай болса ана тілін қастерлеп, құрметтей білейік деп оқушылардың орындауындағы «Ана тілім» хорын қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Бүгінгі күнге дейін алған білімдерін өз ана тілдері мерекесінде пайдаланғалы отырған 1 ә класс оқушыларын және кластың белсенді ата-аналарын құрметпен ортаға шақырайық! Бірінші топ: « Сұңқар», екінші топ «Тұлпар ».
Әр сайыстың төрешісі болады,
Әр тартыстың нәтижесі шығады.
Әділ баға беретін қазылармен,
Танысқымыз келеді де тұрады - демекші сайысымыздың төрелігін беретін
әділқазылармен танысып өтейік:
1. Мектеп директоры - Кулсарина М. К
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі - Аманова К. Л
3. Мектеп кітапханашысы - Исатаева А. А.
1 айналым «Жұмбақ»
Ата-аналараға : Сөзжұмбақ шешу.
Оқушылар : Бір-біріне жұмбақ жасырады.
«Сұңқар» тобына.
1. Қос құлағы бар, басы жоқ,
Қарны дәу, асы көп. / қазан /
2. Белі бұлған,
Қоқысты қуған. / сыпырғыш/
3. Қорапқа қамалып,
Айтады жаңалық. / радио /
4. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. / сөз /
5. Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді. / ай /
«Тұлпар» тобына:
1. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. / күн /
2. Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған. /ақша бұлт /
3. Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. / тіл мен тіс /
4. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. / кітап /
5. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. / жұлдыз /
2 айналым. «Мақал-мәтел құпиясы»
Ата-аналарға : Берілген суреттерге қарап, мақалдар ойлап табады.
Оқушыларға: « Ойнай отырып, ойла» түрлі түсті асықтарды таңдау арқылы сол түске сәйкес келген тақырыптағы мақалдың жалғасын айту.
Сары асық - еңбек туралы мақал.
Қызыл түсті асық - Отан туралы мақалдар.
Көк түсті асық- тіл туралы мақал.
Жасыл түсті асық - кез-келген тақырыпта мақал айту.
Сары асық -еңбек туралы мақалдар:
1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3. Ердің атын еңбек шығарар.
4. Еңбегі аздың, өнбегі аз.
5. Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Көк асық - тіл туралы мақалдар :
1. Адам көңілден азады,
Тілден жазады.
2. Ақынның тілі қылыштан өткір.
3. Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
4. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
5. Бал тамған тілден, у да тамар.
6. Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
7. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Қызыл асық -Отан туралы мақалдар:
1. Отан - қуат,
Отбасы-шуақ.
2. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
3. Отан-оттанда ыстық.
4. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
5. Егемен елдің-еңсесі биік.
6. Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Жасыл түсті асық - кез-келген тақырыпта мақалдар:
1. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2. Білім инемен құдық қазғандай.
3. Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар,
4. Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен.
5. Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
3 айналым «Дыбыстар сыры»
Ата-аналарға : таңдалған әріптен басталатын сұраққа жауап беру.
Оқушыларға: таңдалған әріптен басталатын сөздер айту.
4 айналым «Сыр сандық»
Ата-аналарға : Сандықта жасырылыған сөздерді синоним сөздермен көрермендерге түсіндіріп беру, әр жауапқа бір ұпайдан беріледі.
Оқушыларға : Сандықтың ішінде жасырылған затты сипатына қарай тауып, атын атау.
1. Ұлттық тағам, мал сүтінен жасап кептіреді. Жолға шыққанда азық түрінде қолданған.
Оның көлемі де түрлі-түрлі болады. Қалада оны сатады. Ауылда әр бір үйден табылады.
/ құрт /
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz