Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін


Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел
бесігін.

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау.
Өнерлерін тамашалау. Әліппе оқулығына оқушылардың ерекше
құрметі,бағасы,мектеп өміріндегі оқулықтың орнын
түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру.Білімдерінің
артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету.
Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті
заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.

Сабақ барысы:

Залда көңілді музыка ойналып тұрады. Сахнада орындықтар доғал болып
орналасқан.Жүргізушілер сахнаның сол жағында тұрады.

1-жүргізуші:
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.

2-жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.

Музыка баяу ойналады,оқушылар екі-екіден қол ұстасып сахнаға шығып
орындықтардың алдында тұрады.

1-жүргізуші:
Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес,ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. 

2-жүргізуші:
Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңбасы,әнұраны
Қазақ елі егеменді,сан жұрты бар дей келе,бүгінгі:

Бірге: Әліппемен аштық білім есегін,Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты
Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.

1-жүргізуші:
Шұқшитқан кеп әуелі Суреттері әдемі
Сені әрбір әріпке  Бұл қай кітап?

Хормен: Әліппе!Әліппе! (Ортаға әліппе
шығады.)
Әліппе:
Менің атым әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқытып ержеткен
Апаң менен ағаңда,
Әкең менен анаңда,
Шопан, биші ұстаз да,
Ғарышкер де аспаз да.
Барлық,барлық жақсы да
Әліппеден басталған.
Хор: «Әліппе»

1-жүргізуші:
Уа, халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Қайсы биші ,кім күйші?
Талабына қарайық

2-жүргізуші: Кәне достар: Әліппеден не үйрендік,не білдік? Келіңіздер,
ортаға салайық. «Әліппеге мың алғыс» бөлімі.

Нұрбек: Бар әріпті үйреткен – 
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Аслан: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте,
Үйреткен оны әліппе

Фариза: Әліппем менің әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Анар : Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мейірман : Әліппем менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!

Хор: «Әліппемен қоштасу»
Әліппе: Көп –көп рахмет, балалар!Енді сендерді әрі қарай жетелейтін
достарың Ана тілі болмақ. Ендеше, ортаға Ана тілін шақырайық.
 
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын
оқулықтарың Ана тілі
боламын.
 
1-жүргізуші: Достар,Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?

2-жүргізуші: Кәне ортаға салайық. « Ана тілі – данамыз»бөлімі:

Алихан: Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Мадияр: Ана тілі – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілі болмаса 
Мықты болмас тұрағым.

Оразмұхаммед: Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жирентер
Тілімізді ширатар
Ана тілі – данамыз.

1-жүргізуші: Ән «Анашым» Орынд.:Нұрсая,Анар

2-жүргізуші:
Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы
Математика – өмірде
Бар ғылымның патшасы.

1-жүргізуші:
Ойлантып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдіріп,
Ғалымдардың мықтысы
Математика данамыз. Енді математикадан алған білімімізді ортаға салайық.

2-жүргізуші: Ортаға сиқырлы сандарды шақырамыз.

Мәтжанби: Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.

Диас: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын,
Орныма мен тұрамын
Екі айшық саламын.

Бекарыс: Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды,
Төрт дегенің баяғы
Төрт түлкінің тұяғы.

Нұрсая: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті,
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.

Қыдырбек: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нөльмен бітер аяғым.

Индира: Қара мына қызықты,
Көсеуді кім ұрыпты?
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.

Нұржанат: Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз.
Жазылғын қос дөңгелек,
Мен боламын егіз.

1-жүргізуші: Қазақ биі «Қамажай» . Қол соғып қырсы алайық.

2-жүргізуші: Әліппеден оқыған Ыбырай Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты
ғибратты әңгімесіне қойылған көріністі тамашалайық.

1-жүргізуші: Қолыңа тұңғыш қалам ап,
А әрпін алғаш жазарсың,
Біліп ап А –ны саралап,
Б- сына көз саларсың.

2-жүргізуші: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды,
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

«Сырлы әріптер сыры» бөлімі:

Нұрсая: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім

Ақмаржан: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.

Әбілмансұр: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз.

Мехрибану: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.

Нұрбек: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.

Фариза: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.

Шынар: І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!

Нұрғали: З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.

Ақтілек: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.

Мейірман: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған! 

Мұғалім: - Қандай сөз шықты балалар? – Тәуелсіздік! 

Біздің отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? 21 жылдығын.
Елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев 
Хор: «Отан»

1-жүргізуші:
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын,
Ақыл бердің әліппе,
Ақылшы және әліппе.

2-жүргізуші:
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.

1-жүргізуші: Хор: «Жарқын жүзді ұстазым» Бұл ән барлық ұстаздарға
арналады.
2-жүргізуші: би «Қара жорға»
Хор: «Топ-топ,балақан»

1-жүргізуші: Әліппе біз 4 ай бойы сізден үйрегенімізді,ортаға салдық. Сауат
аштық,енді өзіміз жаза аламыз.Сізге рахмет!

Әліппе: Рахмет достар. Мен сендерге ризамын! Ал қош болыңдар!Үнемі биік
шыңнан көріне беріңдер!
Бірінші сыныптықтарды құттықтау. Мекке

Осымен «Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Көрісікенше күн нұрлы болсын!

Дін Шолпан
Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Ұқсас жұмыстар
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін 1 сынып
Қош бол, сырлы көк сандық
Тақырып Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырып Әліппе, саған мың алғыс
Мұғалім
Әліппемен қоштасу кеші
Айналдым ұстаздарымнан
Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілік
Әліппемен қоштасу тойымызға
Әліппемен қоштасу: оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау
Пәндер