Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ж. қашқынов. ұнатам күзді мен


Күн:
Сабақ №11
Тақырыбы: Ж. Қашқынов. Ұнатам күзді мен
Мақсаты:
Білімділік: Жеңіс Қашқынов туралы ақпарат беру. Өлеңді түсініп оқу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік
қорларын молайту.
Тәрбиелік: Ұғымталдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі. Сұрақ-жауап, «ыстық орындық», жұмбақ, топпен жұмыс, екі жұлдыз, бір
ұсыныс.
Көрнекілігі: суреттер, ақынның портреті, сиқырлы сандықша, ағаштың суреті,
күз мезгілінің суреттері, проектор, жеміс-жидектер..
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
***
Бір, екі, үш
Отырамыз тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
- Қазір сендер «Көкөністер», «Жемістер» , «Құстар» тобы болып үшке бөлініп
отырасыңдар. Топ басшыларын сайлаңдар. Және сабақтың соңында бағалағанда
әділ баға қоямыз және не үшін қоятыңдарынды айтыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Күз» өлеңін жатқа айту.

Сұрақтарға жауап беру: (слайд арқылы көрсету)
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Абай қай жылы туған?
3. Абайдың шын аты кім?
4. Абайдың анасының аты кім?
5. Абайдың әжесі?
6. Абайдың әкесі кім?
7. Абай қандай өлеңдер жазған?
8. Абайдың туған жері.
9. «»Күз өлеңінде не туралы айтылған?
10. Күзгі еңбекті ата.

Жұмбақ жасыру:
Өрік, алма
Шие, алма
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (күз)
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгін біз сендермен күз тақырыбын әрі қарай
жалғастырамыз. Бүгін біз сендермен Жеңіс Қашқыновтың «Ұнатам күзді
мен» атты өлеңімен танысамыз.
- Өлеңді оқымас бұрын біз сендермен Жеңіс Қашқынов туралы қысқаша
мәлімет алайық. Ол үшін тақтаға қараймыз.
- Жеңіс Қашқынов (1942-2005) жылдары өмір сүрген. Ол 1942 жылы 4
наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қуаныш» деген ауылда
туған. Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза
бастаған.

Оқулықпен жұмыс:
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылардың оқуы.
3. Талдау.
- Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жаз. Ол үшін
сендердің алдарында тұрған сызбадағы сұрақтарға жауап беру
керексіңдер.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Топпен жұмыс:
«Көкөністер» тобы: күздегі пісетін көкөністердің суретін саласыңдар.
«Жемістер» тобы: жемістердің суретін саласыңдар.
«Құстар» тобы: құстардың атауларын жазасыңдар және суреттерін саласыңдар.
- Суреттерді салып болғасын екі жұлдыз, бір ұсыныс айтасыңдар.

Ойын: «Кім жылдам?». Жапырақтарға жазылған 12 айдың ішінен күз айлары
жазылған жапырақтарды кім тез жинайды?

«Сиқырлы сандықша» (жұмбақ шешу)
1.Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су беріңдер шөлдеп жатыр. (Асқабақ)
 2.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)
 3.Жайлы ,жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін. (Орамжапырақ )
 4.Аспай піскен,
Қайнамай түскен.(Жеміс)
  5.Бақтарда балбырап,
Тұрады албырап.
Уылжыған уыздай,
Алма емес ол бірақ. (шабдалы)
 6.Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар.(бидай)
 7.Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем-дәмді ас. (Күріш)
8. Жесең ащы,

          Көзіңнен шығарар жасты.  «Пияз»

9. Күндер суып, шөп пісіп
Ел пішенін орады
Бұл қай кезде болады? (Күз)
 10.Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям.  (Қияр)
11. Іші жұмсақ,сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)
 12.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
Қорытындылау:  «Алма теру» ойыны.
1-алма: Ұнатам күзді мен өлеңінің авторы кім?
2-алма: Жеңіс Қашқынов қай жылдары өмір мүрген?
3-алма: Жеңіс Қашқыновтың туған жері.
4-алма: Ұнатам күзді мен өлеңінде не туралы айтылған?
5-алма: Күзгі еңбекті ата.
6-алма: Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Үйге тапсырма беру: 23-бет. Жаттау.
Бағалау.
Мақтау, мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Тақтадағы сөзден
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер, Paint графикалық редакторын қорытындылау
Мәтіндік редакторда
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Күз дос екен бізбенен
Атамекен
Армысың алтын күз! 1 сынып
Менің Отаным – Қазақстан. Республикасының Конституциясы туралы
Берекелі күз, мерекелі күз
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
Пәндер