Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейіндеу

E:\акмарал23.jpeg

Оразалы Ақмарал

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Бейнеу гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейіндеу

«Бала кезде ерекше көзге түсетін бейінділік -

оның келешек қабілетінің көрсеткіші»

Академик Т. Тәжібаев

Бүгінгі таңда білім беру ісі оқушының жас ерекшеліктеріне сай бағытталып, соның ішінде ең алдымен баланың жеке және жалпы дамуға дайындығы туралы мәселелерді шешуді көздейді. Осы мақсатта бастауыш мектептердің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалып келеді.

Қандай да болмасын пәнді оқыту барысында арнайы мақсат- міндеттер айқындалады. Сондай мақсат -міндеттердің бірі бастауыш мектептегі оқушыларды математика пәніне бейіндеу. Математика сабақтарын оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және ғылыми көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға және алған білімді практикалық мұқтаждықтардан туындаған түрлі есептер шығаруда тиімді қолдануға септігін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушылары екі түрлі қабілетпен әрекеттеніп дамып отырады. Атап айтсақ, біріншісі берілген оқу әрекеті арқылы дамып, білік, білім және дағдыны қабылдайды. Ал екіншісі - шығармашылық, бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау, мәселені шешу барысында өз бетімен әрекет жасайды. Математика сабақтары неғұрлым қызықты, тартымды болса, соғұрлым оқушының математика пәніне деген қызығушылығы мен ынтасы зор болып, оқу белсенділігі арта береді. Математика сабағын оқытудың маңызды әдістерінің бірі - өзіндік жұмыс түрлерін жасау.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың математика пәніне ынтасын арттыра отырып, пәнге бейіндеу мақсатында оқыту барысында өзіндік жұмыстардың түрлерін жүргізіп отырамын.

Математиканың қоғаммен байланысын көрсетуде және баланың ойлау қабілетінің жақсы дамуында мазмұнды есептердің маңызы зор. Оқушыға есеп шығару тәсілдерін үйретудің өзіндік қиыншылықтары болады. Алдымен есеп мазмұнын талдап, белгілі және белгісіз мәліметтерді анықтап алады. Сосын есептегі өлшем, мөлшерлерге талдау жасалады. Оқушыны ең алдымен есептің шартын құруға төселдіру керек. Есептерді түрлі тәсілмен шығару жолдарын меңгеруді үйретемін.

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніндегі өзіндік жұмыстардың бір бөлігі математикалық диктант болып саналады. Диктант тапсырмалары жас шамасына сай күрделеніп отырады. Мысалы, үшінші сынып оқушыларына төмендегідей диктант түрлерін қолдануға болады:

  1. 30 және 6 сандарының айырмасын 4-ке көбейт;
  2. 20-ның 8-ге көбейтіндісіне 16 - ның 5-ке көбейтіндісін қос;
  3. Қандай санды 3 есе арттырсақ, 27 саны шығады?
  4. 9 саны 72 -ден неше есе кем?

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырудың тағы бір әдісі - логикалық есептер шығару. «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К. Д. Ушинский. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету - математика сабағының міндеті. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастырып, ойлау белсенділігін және өзбеттілігін жетілдіріп отырамын.

  1. Дастан Нұржаннан биік, ал Ержаннан төменгі қабатта тұрады. Сұлтан Дастаннан төмен тұрады. Олар төрт қабатты үйдің қай қабаттарында тұрады?
  2. Әпкесі 16 алма сатып алды. Оның жартысын Гүлжан жеді, Бақытжан үш алма жеді, ал қалғанын Маржан жеді. Маржан неше алма жеді?
  3. Қайсар ойын кубигін 4 рет лақтырды. Ол қоржынына 25 ұпай жинады. Қайсарға неше рет алтылық түскен?

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстармен қатар, олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жаттығулары жатады. Осындай мақсатпен оқушылардың тесттер құрастырып жазуын жандандырып, балалардың белсенділігін арттырамын. Тағы бір айтарым, оқушыларды сабақ барысында тек математикалық тілде сөйлеуіне аса мән беріп отырамын. Математика сабағынан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеруіне және ата - ана мен мұғалімге оқушының жетістігін біліп отыруына, сондай - ақ баланың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектеседі. Математика пәніне деген ынтасын арттыру мақсатымен сабақ барысында әр түрлі дидактикалық ойындар мен қызықты шығармашылық жаттығулар енгізілген. Оқыту барысындағы тапсырма әдеттегіден өзгеше берілсе, оқушылар зор ынтамен орындап отырады. Олай болса, қызықты сабақтар - мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, мақсат - мұраты және көтерілген белесі. Математика пәнін оқыту барысында тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіп келемін:

- оқушылардың жаңа материалды оқып-үйренуге және оны игеруге деген қызығушылығын тудырдым;


Ұқсас жұмыстар
Зертханалық сабақ
Шешендік өнер жайлы ақпарат
Бастауыш сынып мұғалімдері
Олимпиада есептері
Ұбт-ға дайындау
Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Математика пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Сиқырлы сандар
Қызықты грамматика қосымша курсының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz