Ана -өмірдің шуағы. ертеңгілік, ересек тобы

Ана - өмірдің шуағы
Балалар көңілді әуен ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші: Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тірегімнің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Аяулы аналар, қадірлі ұстаздар сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тірлік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Балабақшамыздың меңгерушісі Туктубаева Гүлнар Қалиасқарқызына құттықтау сөзі беріледі.
Альтайр: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Өнерлі болып өсеміз,
Өмір сырын шешеміз,
Өсірген ой мен сананы,
Қуантамыз ананы!
Адина: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!
Арман: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ме екен?!
Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ме екен?!
Ернар: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, Ана-күн!
Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын!
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек-ау.
Бірақ, әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау!
Жәния: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән: «Ақ мамам »
Дана: Ана десе шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алып жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Арлан: Ананың әр сөзі ой талабы
Жүрегімнің төрінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Айғаным: Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Элана: Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы ерекше
Тіршілік жаңа оянды.
Көрініс: «Ана жүрегі»
Ана: (Аружан) Айналайын жанбалам
Құладың-ау сен жаман
Ауырған жоқпа еш жерің
Жүргенің жақсы-ау сен аман.
Бала: (Дос) Айналайын
Балалар аналармызды ешқашан ренжітпейік, жүрегін ауыртпайық, құрметтейік, сыйлайық, әрдайым қамқоршы болайық.
Аружан: Келбетіңе ұлылық,
Даладан кең пейілі
Ана деген мейірім,
Ана деген ұлылық!
Ыстық демі бетімді,
Аймалап бір өткені,
Күн шуағы секілді,
Мейірімін төккені.
Ислам: Анашым өмір гүлім, өмір жырым,
Анасыз қараңғы ғой тірлік нұрым.
Құлыным, балапаным деген сөздер,
Шықпайды дәл осылай басқа жаннан.
Жазира: Ақ жүректен сақтаған
Жарқын күлкі бақ маған
Ақ бетіңнен сүйемін
Келші, келші ақ мамам!
Әділжан: «Балам» деп шырылдайды ана жаным,
Түн ұйқысын төрт бөліп балағаны.
Баласы адам болып сенім артса,
Ананың одан басқа жоқ арманы.
Мая: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Би: «Кукарелла»
Мұхамдәли: Анам менің- аялаған ақ гүлім
Анам менің- бақытым менің шаттығым.
«Анашым» деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің- өмірдегі тірегім
Анам менің- кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
И. Даниял: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймын!
Сымбат: Жүре берсем қасында,
Әйбат анам, ай анам,
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Дархан: Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі.
Әлішер: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, -
Рауоль: Анам менің әдемі
Анам менің тірегім
Анам менің жүрегім
Анамды мен сүйемін.
Ән: «Әжем»
Көрініс: «Әже мен бала»
Әже: Айналайын ботақаным, құлыншағым, қарғам менің.
Бала: Жо-о-оқ әже қарға болмаймын, керек емес ондайдың қарға қарқ-қарқ етеді, алысқа ұшып кетеді. Қасымда болып әрдайым, мен ешқайда бармаймын - деп екеуі бір-бірін құшақтайды.
Әже туралы тақпақ:
Нұрасыл: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Данияр: Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Мені бағып өсірген.
Ә. Даниял: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
(Әуен ырғағымен Көктем келеді) .
Көктем: Табиғатты ояттың
Бүкіл жерді көгертіп,
Сендерге мен асықтым
Балаларды сағындым.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Аяулы аналар-әжелер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Шаңырақтарыңызға бақ қонсын!
Жүргізуші: Балалар сізді сағынып күтті.
Сондықтан қазір сізге өнерлерін көрсетеді.
Арман: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Ән: «Көктем келді»
Көктем: Рахмет сендерге, балалар!
Ал мен сендерге ойын дайындап әкелдім, кел ойнайық.
Балалармен ойын: «Қолғаппен кәмпитті ашу»
Енді ата-аналармен бірге ойын ойнасақ.
Ата-аналармен ойын: «Папурри биі»
Би: «Джентельмен»
Балалардың ағылшынша тақпағы
Дос : My dear, dear mоmmy,
Май диа, диа мамми
I love you so much!
Ай лав ю соу мач
I want you to be happy
Ай уант ю то би хаппи
On the 8th of March!
Он зе ейтс оф мач!
Әлібек: I like the way you look,
Ай лайк зе уей б лук,
I like the way you cook,
Ай лайк зе уей ю кук
Now I want to say:
Нәу ай уант ту сей:
«Happy Mother’s Day!»
Хаппи мазес дей
Аяулым: Mommy I love you
Мамми ай лав ю
More than you see
Мо зән ю си
You have always been there
Ю хав олуис бин зейа
When I needed you to be
Уен ай нидет ю ту би
Айнур: Today is Mother's Day.
Тудей из мазес дей
Let's help Mama.
Летс хелп мам
I'll make breakfast.
Ай уйл мейк брекфаст
You make lunch.
Ю мейк ланч
I'll do the dishes.
Ай уйл ду зе дишес
You do the shopping.
Ю ду зе шоппинг
Let's help Mama.
Летс хелп мам
It's Mother's Day.
Ит из мазес дей
Ән: «Ақ гүлімді сыйлаймын»
Жүргізуші:
Жарқырап қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз!
Осы гүлдей жайнасын деп,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz