Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Тәуелсіздікке арналған ертеңгілік. даярлық тобы


«Еліммен бірге-Елемін»

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

1-бастаушы: Ызғарлы қыс отыз күн,

Желтоқсан деп аталған

Желтоқсанда жастарым,

Тәңірінен бата алған.

2-бастаушы:Батамен елім көгерген,

Бодандық билік көнерді.

Тәуелсіз атқан таң үшін.

Еске алам өрттей өренді.

1-бастаушы: Құрбандық еттің жаныңды,

Көк мұзға көміп қаныңды.

Тәуелсіздік алған күн,

Жастардың күні жалынды.

2-бастаушы: Атыңнан айналайын,егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіз ел,

Бәрі: Ғасырдың тойы болсын тәуелсіздік.

Әнұран орындалады:

Жүргізуші:Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Келмеске кетті мәңгүрттік,

Мереке бүгін, думан күн

Аруақтар рухын жаңғыртып,

Еліміз қайта туған күн.

-Балалар,бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ.

1986 жылғы 16желтоқсан қазақ халқының мәңгі

есінде қалған күн.Тәуелсіздік жолында құрбан

болған аға-әпкелерімізді 1минут үнсіздікпен еске алайық.

1бала: Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі,

Мәлім атың!

Ата-баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме!

2бала:Күміс күйге,әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін біліп қой.

3бала: Әр жыл сайын,

Тәуелсіздік таңы атты

Топқа бардың,тайға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр.

Ән айтылып,жыр төгіліп қанатты.

4бала: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Зал іші кілем,төсек,стол,домбыра макетімен безендірілген.Н.Тілендиевтің

«Аққу» атты күйі орындалады.Қолында ұршығы бар әже келіп отырады.Қолында
қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді.

Ол әжесіне жүгіріп келіп,мойнына асылып,еркелейді.

Бала: -Әже не істеп отырсыз?

Әже: - Ой құлыным,мен ұршық иіріп отырмын.Кел отыр,ойыннан

шаршаған боларсың.

Бала: -Әже, біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып

жатырмыз. Әже «тәуелсіздік»деген не?

Әже: Құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін
қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар, батыр аға-
апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға

22жыл болды.Аллаға шүкір енді өзіміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.

Бала: Әже,мен сізге тақпақ айтып берейін бе?

Әже: Айта ғой құлыным!

Бала:Күміс күй мен әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған бабасы мен баласын,

Тәуелсіздік күні бүгін- Ұлы той.

Әже: -Ой ақылдым,өркенің өссін!

Бала: Әже, мен шаршадым,ұйықтап алайыыншы.

Әже: Ұйықтай ғой құлыным.(музыка әуенімен бала ұйықтайды.Әже орнынан
тұрып кетеді.)

(музыка әуенімен қолына

Ән: «Желтоқсан желі»

Жүргізуші: Ойын ойнап,ән салмай ,өсер бала болар ма?

демекші,ендігі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Шаңырақ»

Жүргізуші: «Есейгенде ер болып,елді жаудан қорғайды» демекші

бүгінгі бала ертеңгі болашақ ел қорғайтын сарбаздар
болатыны

анық.Олай болса «Сарбаздар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Сарбаздар»

Жүргізуші: Бірің шекер,бірің бал,

Жайнап өскен құлындар.

Отан деген ұғымды ал-

Талдап берер кімің бар?

1бала:Шертер бізге сан аңыз

Отан-байтақ даламыз

Отан сөзін аялап,

Қастер тұтқан бабамыз

Отан-бабам,ерлігім,

Отан-ауам,әр демім

Отаныммен бір түлеп

Асқар шыңға өрледім.

2бала: Туған жерің ата-анаң

Отаным деп атаған

Отан досың,туысың,

Отан алтын босағаң

Отан туған өз елің

Айдын-көлің,өзенің

Мирас еткен бабалар

Қорға әрбір кезеңін.

3бала: Отан туған жеріміз,

Сүйіп өскен еліміз

Қасиетті Отанның

Ұланымыз бәріміз.

4бала: Туып өскен жер екен,

Орман,тоғай, көл екен,

Асқар таулы,бел екен,

Ел қорғаған ер екен

Жасыл жайлау,жер екен,

Көктегі әсем нұр екен,

Мен,сен және ол екен

Қазақстан елі екен!

Ән: «Бақытты балалық»

Би: «Тостаған»

Жүргізуші:Тәуелсіздік арайлап атқан таңға

Тірек болар әнұран мен елтаңба

Рәміздер-Тәуелсіздік мәртебесі

Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.

1бала: Тәуелсіздік еліміздің күн,айы,

Жанға қуат беретіндей ұдайы

Еріміздің аталғанда есімі,

Еліміздің кіретіндей шырайы.

2бала: Елін сүйген еңселім де, еркінім,

Аппақ таңнан дауысыңды естіп, елтідім.

Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!

3бала: Айналайын азат күн!

Аспанында қазақтың,

Алаулайсың ғажапсың!

4балаУа,алтын күн!

Нұр бейнеңді маған бер!

Өрле күнім жарқырап,

Бар әлемді жарқырат.!

3бала: Нұрым саған адамзат!

4бала: Ақ күнді көтерген ел құсы-

Халқымның батырлық белгісі!

5бала: Уа,көгілдір аспан-нұр бейнеңнен үзік бер,

Ту қылып көтерейін биікке!

Кең дүнием сенікі халқым!

Жеке ән: «Қазақстан»

Ән: «Бақытты бала»

Жүргізуші: «Тәуелсіздік» деген сөзді ардақтаңдар ей қазақ,

«Тәуелсіздік» бұл бостандық,бұл ғажап

«Тәуелсіздік»таңы атты ей қазақ,

«Тәуелсіздік» мерейтойын тойлап жүрсін шартарап.

Музыка ырғағымен балалар залдан шығып кетеді.


Ұқсас жұмыстар
Біз Қазақтың баласы
Әріптерді үйреніп
Дұрыс шештіңдер балалар
Қайырлы таң, балалар
Тәуелсіздік - ел бақыты
Күз сыйы. даярлық тобы
Зейінді дамыту
Қоштасу кеші
Жылдың төрт мезгілі ата
Саптық тұрыс
Пәндер