Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"ХХі ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы 9-10 сынып
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
/зияткерлік сайысы/
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
9-11 сыныптар арасында <<ХХІ ғасыр көшбасшысы>> зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі <<ХХІ ғасыр көшбасшысы>> сайысына қатысатын оқушылар:
Сайыс 3 турдан тұрады:
* Бәйге
* Жорға
* Дода
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
<<Бәйге>> тур да сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын
Бәйге
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 12 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3."Бәйгенің" сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлер 5 сек. соң 1,2,3 немесе 4 деген жауаптардың бірін бірдей уақытта көтереді.
4. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.
1-сұрақ Буын үндестігінің басқаша атауы?
* ассимиляция
* сингорманизм
* диссимиляция
* ықпал
2-сұрақ. Бұл ән - бұрынғы әннен өзгерек кімнің өлеңі?
* Абай Қүнанбаев
* Шәкәрім
* Сәкен Сейфуллин
* Мағжан Жұмабаев
3-сұрақ. Зевс құдайының латын атымен аталған планета ?
* Уран
* Юпитер
* Меркурий
* Сатурн
4-сұрақ. Қазақтың тұңғыш романы?
* Қалың мал
* Ботагөз
* Абай жолы
* Қамар сұлу
5-сұрақ. Процессор қандай құрылғы?
* Енгізу құрылғысы
* Ршығару құрылғысы
* Өңдеу құрылғысы
* Сақтау құрылғысы
6-сұрақ Сақтарды <<Азиялық скив >>деп атаған кімдер?
* Парсылар
* Ирандықтар
* Гректер
* Ғұндар
7-сұрақ. Құрылғысы түгелдей анықталған алғашқы ақуыздың аты?
* Гемоглобин
* Лизин
* инсулин
* альбумин
8-сұрақ. Салмағы 0-ге тең болтаны дененің күші?
* Асқын салмақ
* Асқын жеңілдік
* Салмақсыздық
* Асқын ауырлық
9-сұрақ: Астрономияның негізгі заңдарын ашқан кім?
* Кеплер
* Ньютон
* Эйнштейн
* Галилео Галилей
10-сұрақ. 2008 жылғы олимпиада қай қалада болды?
* Афина
* Лондон
* Сидней
* Пекин
11-сұрақ:Солт бағыт пен жер бетіндегу нысандар арасындағы бұрыш қалай аталады?
* Азимут
* Ендік
* Бойлық
* Бағыт-бағдар
12-сұрақ. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы
* Синтаксис
* Мофология
* Фонетика
* Лексика
Әділқазы алқасы 1 кезең бойынша алған ұпайларын айтып өтеді.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Жорға кезеңінің шарты
* 1.Бұл сайыста экрандағы 7 нотаның бірін таңдау ұсынылады.
* 2.Әр нотада әр түрлі пәндер бойынша 8 сұрақтан берілген.
* 3.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
* 5. Барлық оқушылар 8 сұрақтан жауап беріп болғаннан кейін ұпайы көп және ең аз уақыт жұмсаған 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
ДО-1: терминдер қай стильде көп кездеседі? (ғылыми)
ДО-2:арифметикалық прогрессияның шығуына үлесін қосқан неміс математигі? (Гаусс)
ДО-3: Еуразиядағы ең ірі қол мәдениеті (Андронов)
ДО-4: Қазақстандағы ең үлкен хифарм зауыты қай қалада орналасқан? (Шымкент)
ДО-5: Элемент атомының басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті? (Валенттілік)
ДО-6: Температура тұрақты кезде болатын изопроцесс (заңы) ? изотермиялық Бойль-Марриот
ДО-7: In what day Kazakh Republic constitution? 30 -th August
ДО-8: Паскаль программалау тілін ең алғаш енгізген кім? Никлаус Вирт
РЕ-1: Ер тарғын жырындағы жырау кім? Сыпыра жырау
РЕ-2: Пифагор теоремасы бойынша тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5 см, ал бір катеті 4 см болса, екінші катеті неге тең? 3 см
РЕ-3: "Диуани-Хикмат (Даналық кітабының) авторы? Ахмет Йассауи
РЕ-4: Қай мемлекетте бір де бір өзен жоқ? Мальта
РЕ-5: Часть речи, которая обозначает признак действия, признак предмета, и другого знака наречие
РЕ-6: Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер шеңбердің радиусын өзгерпей, оның жылдамдығын 2 есе кемітсе, оның центрге тартқыш үдеуі қалай өзгереді?
4 есе кемиді
РЕ-7: Who is queen of Great Britаіn? Elizabeth II
РЕ-8: Жасушаны зерттейтін биология ғылымының бір саласы? Цитология
МИ-1: Қыз бен жігіт айтысына да, ақындар айтысына да жататын айтыс? Біржан мен Сара айтысы
МИ-2: Квадраттың қабырғасы а болса, оның дигоналі неге тең? (а2)
МИ-3: Құрманғазының <<Кішкентай>> атты күйі қай қазақтың көтерілісшілерінің біріне арналды? Исатай Тайманұлы
МИ-4: Байкал көлінен ағып шығатын жалғыз өзен? Ангара
МИ-5: Устойчивое сочетание слов, используемые для называния отдельных предметов, признаков, действий Фразеологизмы
МИ-6: Дененің жылдамдығы екі есе азайтса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді? 4 есе азаяды
МИ-7: What is the biggest state of USA? Alaska
МИ-8: Ақпаратты кодтаудың ағылшындар жасаған жүйесі? ASCII
ФА-1: Етістердің неше түрі бар? Ата 4 етіс: өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз
ФА-2: y=k/x функциясының графигі (гипербола)
ФА-3: Москва түбіндегі шайқаста 316-шы атқыштар дивизисын басқарған генерал-майор? И. В. Панфилов
ФА-4: Ұзындығы 6420 км суы мол, үндістер <<су атасы>> деп атаған өзенді атаңыз.
Миссисипи
ФА-5: ТҰРМЫСТА <<МАРГАНЦОВКА>> ДЕП АТАЛАТЫН ҰНТАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ АТАУЫ КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫ
ФА-6: Молекулалар арасында өзара әсер елеусіз аз болатын газ Идеал газ
ФА-7: When is independence day of Kazakhstan? 16-th December
ФА-8: Жойылып кеткен жануарларды қазба қалдықтары арқылы зерттейтін ғылым?
палеонтология
Соль-1: Шешендік сөз түрлері Шешендік арнау, толғау, дау
СОЛЬ-2: sinPI6- ң мәні неге тең? (1/2)
Соль -3: 1975 жылы шыққан <<Аз и Я>> кітабының авторы Олжас Сүлейменов
Соль-4: Қазақстаның ең лас өзені? Сырдария
Соль-5: Температураның абсолют температурасын енгізген кім? Кельвин
Соль-6: Where is Oxford university? London
Соль-7: Файлдарды сығуға, көлемін кішірейтуге арналған көмекші программа
Архиватор
Соль-8: Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз? Темірқазық
ЛЯ-1: Мағынасы бір, ал айтылуы әр түрлі сөздер қалай аталады? Синоним
Ля-2: Квадрат теңдеудің неше түбірі бар, егер оның дискрименанты 0-ден үлкен сан болса? 2 түбір
Ля-3: Теміртау қаласындағы химия кәсіпорнының өнімін атаңыз. синтетикалық каучук
Ля-4: Ғұндардың басшысын кім деп атады? Шаньюй
Ля-5: Тізбек бөлігіне, толық тізбекке заң жазған физик? Ом
Ля-6: What is the capital of Canada? Ottawa
Ля-7: Бір элемент атомдарынан тұратын заттар? Жай заттар
Ля-8: Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны? Файл
СИ-1: <<Батыр Баян>> поэмасының авторы Мағжан Жұмабаев
СИ-2: Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель болатын төртбұрыш
Параллелограмм
Си-3: Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы тау жүйесі? Іле алатауы
СИ-4. Қазақстанның Ресейге қосылуы қай жылдан басталды?1731 ж
СИ-5. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым оның барлық нүктесіне бірдей беріледі,-деп тұжырымдалатын заң Паскаль заңы
СИ-6: Тамографияда қолданылатын сәулелер қалай аталады? Рентген
СИ-7: How many regions are in Kazakhstan? 14
СИ-8: Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат
алмастыру жабдығы қалай аталады Модем
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Дода кезеңінің шарты
Бұл турда сайыскерлерге мектеп пәндерінен тыс сұрақтар қойылады. Ұсынылған әр тақырып бойынша 10,20,30,40,50 ұяшықтарын таңдау арқылы сұрақтарға жауап бере алады. Ең аз ұпай жинаған сайыскер таңдауды бастайды.
Тұлғалар-10: "Мона Лиза" Туындысының авторыЛеонардо да Винчи
Тұлғалар-30: "Қыз Жібек" фильмінде Төлегеннің ролін сомдаушы актер?
Құман Тастанбеков
Тұлғалар-40: Аса көрнекті геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылыми докторы , профессор ҚазКСР ҒА-н ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті, КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Сәтбаев
Тұлғалар-50: Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 -- 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Саяхатшы аты кім?Ф. Магеллан
Тұлғалар-20: Тұңғыш космонавт - әйел В.В. Терешкова
Ғарыш әлемі-10- Қазақша аты Қызыл жұлдыз, диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші планета Марс
Ғарыш әлемі-20 Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі
Комета
Ғарыш әлемі-30 Жұлдызсияқтылар -- кіші планеталар деп те аталатын күнді орбита бойымен айнала қозғалатын, белгілі бір формасы жоқ аспан денелері Астероид
Ғарыш әлемі-40 Күнде өте кең тараған химиялық элемент сутек
Ғарыш әлемі-50 Ай бетіне алғашқы адам 1969 жылы 21 шілдеде қадам басты. Ол кім? Қай елден?Н.Армстронг, Америка Құрама Штаты
Мұналар мен ғимараттар-10: 12 -- 14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Мұнара дүние жүзіне "құлағалы тұрған мұнара" атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 -- 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. Пиза мұнарасы
Мұналар мен ғимараттар-20: Статуя свободы - бұл АҚШ-тағы және дүние жүзіндегі ең керемет алып мүсін. Бұны АҚШ - на қай елдің азаматтары сыйлады?Француздар
Мұналар мен ғимараттар-30 Эйфель мұнарасы - Францияның символы, Париж қаласындағы туристер көп баратын жердің бірі. Осы мұнараның конструкторы кім?
Гюстав Эйфель
Мұналар мен ғимараттар-40: Астандағы мына ғимарат- пирамиданы, архитектор сэр Норман Фостер салған. Ол қалай аталады? Бейбітшілік және келісім сарайы
Мұналар мен ғимараттар-50: Дүние жүзіндегі ең биік ғимарат 828 м,150 қабатты Бурдж Халиф ғимараты. Ол қай қалада орналасқан? Дубай қаласында
Музыка-10: Мына естіп тұрған күйдің авторы мен аты (Құрманғазы Балбырауын)
Музыка-20: Ән өнеріне өз үлесін қосқан, көптеген қазақ әндерінің сөзіне <<Арыс жағасында>>, <<Ақ бантик>>, <<Сыған серенадасы>> әндерінің музыкасын жазған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов
Музыка-30: <<Жұмыр қылыш>>, <<Акжелкен>> сияқты туындылары бар, әр түрлі шетелдік, мемлекеттік марапаттар иегерлері, музыкалды-инструменталды топ Ұлытау
Музыка-40: Мына әуенді орындайтын музыкант кім? Асылбек Енсепов
Музыка-50: Музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы.. Сүйікті шығармаларынан <<Достық жолымен>>, <<Менің Қазақстаным>> контатасын , Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған <<Алтын таулар>> операсын, <<Ата толғауы>> және оркестр үшін жазылған шығармаларын, <<Халық қуанышы>>, <<Қайрат>> , <<Жеңіс солдаты>> сияқты увертюраларын атауға болады. Бұл кім?Нұрғиса Тілендиев
Спорт-10: 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада жеңіл атлетика алтын жүлдегері
Ольга Рыпакова
Спорт-20: 2011 жылы өткен қысқы 7 Азия ойындарында Қазақстан неше алтын медель алды?32
Спорт-30: ҚР-ң Спорт және туризм министрі кім?Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы
Спорт-40: Азиада ойындары ең алғаш нешінші жылы ойнатылды, қайда?
1951жылы Үндістанда өтті
Спорт-50: 2008ж Австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының
алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? /Испания/
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
<<Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар>> Н.Ә.Назарбаев
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz