Delphi ортасында main menu және popup menu компоненттері

Информатика 10 класс (ЖМБ)

Сабақ тақырыбы: Delphi ортасында Main Menu және Popup Menu компоненттері

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға Delphi ортасында компоненттер туралы түсіндіруін

әрі қарай жалғастыру;

2. Оқушыларға формалаға Main Menu және Popup Menu

компоненттерін орнатуды үйрету;

3. Оқушылардың программалау тіліне қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі -көрнекілікті

Программалық дидактикалық қамтылуы: дәптер, компьютер, Delphi бағдарламасы

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені.
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  • Форма дегеніміз не? (Жаңа жоба ашылғаннан кейін экранның ортасында форма конструкторы орналасады. Форма - қосымша терезесі, Delphi ортасында кездескен бірінші нысан. )
  • Форма арасында қалай ауысу керек?(Форманың арасында, кодты өңдеу терезесі мен нысандар инспекторының арасына ауысуF11функционалды пернесінің көмегімен орындалады. Форма мен кодты өңдеу терезесінің арасындағы ауысуF12батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. )
  1. Жаңа тақырыпты талдау.

Компонент- тұтынушы интерфейсінің пішінге түсіруге болатын элементі. Ол батырма, мәрін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер -жалпы терезеде көрінетін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компоненттері визулды (көрінетін) деп аталады. Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады.

ТMain Menu - қосымшаның басты мәзірін көрсетеді. Бағдарлама пішінін ТMain Menu компонентін қосқаннан кейін оны баптау керек. Ол үшін батырманы ерекшелеу, оң жағын басып, Menu Designer (Мәзір құрастырушысы) қатарын таңдайды. Экранда мәзір элементтерін толтыру қажет болатын терезе пайда болады. Элемент құру үшін мауспен мәтін енгізетін аймақты шертіп, мәзір қатарының атын енгізу керек. Жазу енгізіп болған кезде экранда оң немесе төменгі жағынан келесі элементті енгізетін аймақ пайда болады. Осы аймақтарды толтыра отырып, сіз біртіндеп сіздің мәзіріңіздің құрылымын жасасайсыз.

қасиет
түсініктеме
қасиет: Name
түсініктеме: Компоненттің атауы. Бұл атау бағдарламадағы компонентке және оның қасиетіне қол жеткізу үшін қолданылады.
қасиет: Caption
түсініктеме: Мәзір элементінің атауы
қасиет: enabled
түсініктеме: Мәзір элементіне қол жеткізу белгісі. Егер қасиет мәні жалған болса, онда пункт атуы инверсті түспен беріледі және оны басқанда Click оқиғасы орындалмайды
қасиет: Bitmap
түсініктеме: Қасиет мәзір пунктінің сол жағында орналасқан суретке ВМР форматын береді
қасиет: ShortCut
түсініктеме: Қасиет батырмалар бірігуін көрсетеді, оларды басқанда мәзірдің сәйкес пункті таңдалады.
қасиет: Visible
түсініктеме: Мәзір қатарын көрсету немесе жасыру белгісі
қасиет: Image Index
түсініктеме: ТImage Index компоненттер коллекциясындағы сурет нөмірі

TРopur Menu компоненті - жаңама мәзір құратын компонент

қасиет
түсініктеме
қасиет: Name
түсініктеме: Компоненттің атауы. Бұл атау бағдарламадағы компонентке және оның қасиетіне қол жеткізу үшін қолданылады.
қасиет: Caption
түсініктеме: Мәзір элементінің атауы
қасиет: enabled
түсініктеме: Мәзір элементіне қол жеткізу белгісі. Егер қасиет мәні жалған болса, онда пункт атуы инверсті түспен беріледі және оны басқанда Click оқиғасы орындалмайды
қасиет: Bitmap
түсініктеме: Қасиет мәзір пунктінің сол жағында орналасқан суретке ВМР форматын береді
қасиет: ShortCut
түсініктеме: Қасиет батырмалар бірігуін көрсетеді, оларды басқанда мәзірдің сәйкес пункті таңдалады.
қасиет: Visible
түсініктеме: Мәзір қатарын көрсету немесе жасыру белгісі
қасиет: Image Index
түсініктеме: ТImage Index компоненттер коллекциясындағы сурет нөмірі
  1. Жаңа тақырыпты пысықтау

1-тапсырма . ТMain Menu және TРopur Menu компоненттерін пайдалану

procedure TForm1. N1Click(Sender: TObject) ;

var c, a, b: real;

begin

a:=StrToFloat(Num1. Text) ;

b:=StrToFloat (Num2. Text) ;

c:=A+b;

Rez. Text:=FloatToStr(c) ;

end;

procedure TForm1. N2Click(Sender: TObject) ;

var a, b, c: real;

begin

a:=StrToFloat(Num1. Text) ;

b:=StrToFloat (Num2. Text) ;

if b<>0 then

begin

c:=A/b;

Rez. Text:=FloatToStr(c) ;

end

else

begin

ShowMessage (' Санды 0-ге бөлуге болмайды!') ;

Num2. Text:='';

end;

end;

procedure TForm1. N3Click(Sender: TObject) ;

begin

close;

end;

procedure TForm1. N4Click(Sender: TObject) ;

begin

close;

end;

procedure TForm1. N5Click(Sender: TObject) ;

begin

ShowMessage('Есептегіш') ;

end;

end.

  1. Үйге тапсырма: лекцияны оқу
  2. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу
Bde- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Жолдан ішкі жолды
Интеграцияланған өңдеу ортасы. lazarus бағдарламасы. бағдарлама интерфейсі. 10 сынып,
Білім беруді ақпараттандырудың интернет жүйесінде
Құпия сұрақ
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сызықтық алгоритмдерді программалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz