Елбасы − ел тірегі жайлы ақпарат

Сабақтың тақырыбы: Елбасы− ел тірегі
The theme of the lesson: The leader of nation
Сабақтың мақсаты :
The aim of the lesson:
Білімділік:
- Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін әлемге әйгілі еткен, осы тәуелсіздікті орнықтыруда өлшеусіз еңбек сіңірген Елбасының жетістіктерімен таныстыру, білімдерін нығайту.
Educational:
- Enrich students’ general vocabulary.
Дамытушылық:
- оқушылардың іздену жұмыстары арқылы ойлау қабілетін дамыту, тарихи даталармен жұмыс жасау арқылы тіл байлығын дамытуға ықпал жасау.
- Оқушылардың эксперимент алаңында (ағылшын тілін ерте жастан оқыту) алған білімдерін қоғамда қолдана білу дағдыларын дамыту.
Developing:
- To develop attention, imagination, reading, speaking and pronunciation habit.
Тәрбиелік:
- Елбасының азаматтық және президенттік ерік -жігері, оның өмірбаяны, еңбек жолын үлгі тұтып, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Upbringing:
- To enlarge country studying knowledge and educate the feeling of love towards our motherland.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, деректі фильм, слайд, үн таспа, интернет, интерактивтік тақта, т. б.
Resources used: an interactive blackboard, photos, flags, films about president.
The method of the lesson: dialogue, individual work, work on pairs and group work.
Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ
The type of the lesson: integrated lesson.
Сабақтың байланысы: тарих және ағылшын тілі
Subjects’ connection: history-English
Сабақтың барысы:
The Procedure of the lesson:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, ғаламторда отырған екі оқушымен амандасу, жаңа сабаққа ынталандыру
Warm up
Greeting, to speak with students which sitting on internet. Motivation students to the lesson.
- Қызығушылығын ояту
І. Evocation
Мұғалім:
- Тәуелсіздік пен Елбасы . Бұл екі ұғымның арасында ажырамас бірлік пен айырылмас дәнекер бар. Ежелден еркіндік аңсаған, Ұлы Даланың азат ойлы, ерікті мұратты перзенттері Тәуелсіздіктен артық қасиетті де, қастерлі ешнәрсе жоқ деп есептеген және сол үшін күрескен. Қазақ халқы өз тәуелсіздігін жариялап, ерікті елге айналды. Елбасымыз ел тізгінін ұстады. Өзінің біртұтас халқы, нақты шекарасы, ұлттық валютасы, ел қорғар әскері бар, өзге өркениеттер мен мемлекеттер толық мойындаған жаңа тұрпатты Қазақстанды орнықтырудағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегін құрметпен айтқан парыз.
The teacher: Dear students, as you know, our school- lyceum has got the experimental classes: English young learners. That’s why today’s lesson is dedicated to the integrated one. I want you to talk about our leader of nation, President of our country in English. And I think that you can use the new information in your live which you’ll take here.
Елбасы туралы деректі фильм
The short film about president
ІІ. Мағынаны тану(тақырыпты ашу)
- Realization of meaning.
Оқушыларды суреттердің қиындылары арқылы екі топқа бөлу.
Елбасының - ел тірегі екендігін дәлелдейтін деректер келтірейік.
You should write the dates of the years on the placates which help you to understand the meaning of this phrase “The leader of nation”
1. 1991ж. 29 тамызда « Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы»жарлығы шықты. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. . Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Елбасының ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 29тамызды Халықаралық ядролық қару жараққа қарсы күрес деп жариялады
Sovereign Kazakhstan.
2. 1992ж. Алматы қаласында Дүние жүзі қазақтарының І құрылтайы өтті
1992. The state symbols of the Republic of Kazakhstan.
3. 1993ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев « Болашақ» бағдарламасын тағайындайды. Осы жылы « Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды
1993. Tenge- a symbols of the Republic of Kazakhstan.
4. 1995ж. наурызда Президент жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылады
1995. the constitution of the republic of Kazakhstan is a guaranty of civil and ethnic peace in the country.
1996. Non- nuclear policy of the Republic of Kazakhstan
5. 1997. recovered names.
1997ж. қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстан - 2030» стратегилық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі, сыртқы саясаттың ерекшеліктері айтылды
6. 1999ж. 10 қаңтарда - «Нұр Отан » Республикалық саяси партиясы құрылды, Төраға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
7. 2002ж - « Байтерек » монументі пайда болды. Елбасының жасаған сызба -нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылды. Халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 жылдың ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97метр
8. 2003- Toleration and tolerance- the basis of religious and ethnic harmony in Kazakhstan.
9. 2007- Kazakhstan- a bridge between Europe and Asia
10. 2008- “Kazakh eli” - symbol of independence and creation.
Ғаламтормен байланыс
Listen the students which are in the internet
11. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. 20 қазанда Астанада ЕҚЫҰ−ның жоғары деңгейдегі саммит өтті. 56 елді бір келісімге келтірген Астана декларациясы қабылданды.
2011 жылы Қазақстан Республикасының жиырма жылдығы аталып өтілді, осы жылы қысқы Азия ойындарының жарыстары өтті. Сәуірде Қазақстан Республикасының президенттік сайлауы өткізіліп Н. Ә. Назарбаев ұлы жеңіске жетті.
12. Expo 2017 On 22 November 2012, the Bureau International des Expositions voted to select Astana as the host of Expo 2017. It will be Kazakhstan's first world's fair as well as the first in Central Asia. My congratulation.
2010- Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді
ІIІ. Елбасының өмірбаянына шолу (деректі фильм)
Speak about president’s biography (see the short film)
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді : «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып өсуін тілейді Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келеді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтқан, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білген.
Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бірақ өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.
The childhood
Nazarbayev was born in Alma-ata, a rural town near Almaty, when Kazakhstan was one of the republics of the Soviet Union. His father was a poor laborer who worked for a wealthy local family until Soviet rule confiscated the family's farmland in the 1930s . Following this his father took the family to the mountains to live out a nomadic existence. At the end of World War II the family returned to the village of Chemolgan, and Nazarbayev began to pick up the Russian language.
Бірде әкесі үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алады Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де солай жасаған. Ешкім де ұлтқа бөлінбеген. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазған: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса қайтіп бөлінеді. » Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.
He performed well at school, and was sent to a boarding school in Kaskelen. After leaving school he took up one year, government-funded scholarship at the Karaganda Steel Mill in Temirtau. He also spent time training at a steel plant in Dniprodzerzhynsk, and therefore was away from Temirtau as riots over working conditions enveloped the town. By aged 20, he was earning a relatively excellent wage doing "incredibly heavy and dangerous work" in the blast furnace. He joined the Communist Party in 1962, and quickly became a prominent member of the Young Communist League.
Жасөспірім шағы
Нұрсұлтан Назарбаев тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыған. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын - туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кіріскен. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқап отырған. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдаған.
Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын ».
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz