Болашаққа сенімділік: өзін-өзі тану және мінезді қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: Болашаққа сенімділік

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өзіндік «Мен»-ін анықтауға, жеке тұлға ретінде дамуына бағыт бағдар беру; өзін-өэі тәрбиелеуге; болашаққа, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру; қуана білуге, қуанта білуге, кешірімді болуға, қателіктерін мойындауға және түзей алуға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: «Бақытты балалық шақ» фотогалерея; екі жас теректің суреті: біреуі бапталып күтілген, екіншісі күтілмеген; слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім:

Екі жас теректің мысалына мақал-мәтелдер айту

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Сұхбат» ролигі бойынша ойларын айту
  2. «Мен кіммін?» оқушы шығармалары
  3. «Мен туралы айтып бер» ойыны
  4. «Мінезді түзеуге бола ма?» өз-өздеріне сұрақ қою

ІІІ. Қорытынды бөлім:

  1. «Күлу - сенімділікдің белгісі» слайд-шоу
  2. «Тура бүгіннен бастап . . . » міндеттер қабылдау

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Экранда екі жас теректің суреті

Мақал-мәтелдер:

«Жақсы болсаң, жақын көп»

«Талабы жоқ жас ұлан

Жалыны жоқ шоқпен тең»

«Адам болатын бала алысқа қарайды»

«Елгезек екі айтқызбайды»

«Атаңның ғана баласы болма,

Адамның баласы бол»

«Сабағы жаман жемістің дәні де жаман»

«Балаң жаман болса көрінгеннің мазағы»

«Өжет адам өлімді жеңеді»

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Сұхбат» ролик бойынша оқушы ойларын тыңдау.
  2. «Мен кіммін?» оқушы шығармаларына тоқталу. Әр оқушы өз бойыншаға жақсы және жаман қасиеттеріне, кемшіліктерді жою үшін қандай әрекет жасайтындығы туралы ойларын жазады.
  3. «Мен туралы айтып бер» ойыны. Әр оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің бағалауы салыстырылып, қорытынды жасалады.
  1. Ашықпын
  2. Сабырлымын
  3. Мейірімдімін
  4. Өжетпін
  5. Өзіме сенемін
  6. Зерекпін
  7. Тілалғышпын
  8. Турашылмын
  9. Ұқыптымын
  10. Арманшылмын
  1. «Мінезді түзеуге бола ма?»

Абай атамыз «Мінезді тузеуге болмайды дегендердің тілін кесер едім» деген. Әр күн сайын өздеріңе сұрақтар қойып,

Кімді ренжіттім?
Кімді қуанттым?
Қандай жаман іс жасадым?
Қандай жақсылықтар жасадым?
Кімді ренжіттім?:
Кімді қуанттым?:
Қандай жаман іс жасадым?:
Қандай жақсылықтар жасадым?:

«Ренжіткен адамымнан ертең кешірім сұрайын» деген оймен жатыңдар.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

  1. «Күлу - сенімділікдің белгісі» слайд-шоу.
  2. Бүгіннен бастап мынадай міндеттер қабылдайық:
  • Тура бүгіннен бастап өз денсаулығыма қарайды бастаймын;
  • дене шынықтыруларын жасаймын;
  • біреуге жақсылық жасауға даяр тұрамын;
  • келешек өміріме жоспар жасап, оған жету жолында қадамдар жасаймын;
  • күнде жарты сағаттай жалғыз өзім отырып өзім туралы ойлаймын, арманға берілемін;
  • өзімді де, мені қоршаған жандарды да жақсы көретін боламын;
  • Тура бүгіннен бастап өзімді бақытты сезінемін!
  1. «Сен, мен және бәріміз» әнін орындау.

Ұқсас жұмыстар
5-сынып өзін-өзі тану сабағы: Адам мінезі және мінезді жетілдіру
Өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды шабыттандыру және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның адамгершілік және рухани құндылықтарын қалыптастыру
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Жақсы сөздің жанға әсері: 4-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы (сүйіспеншілік, адалдық, сенімділік, ризашылық)
Өзін-өзі тану: Мен осындай баламын - балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты қалыптастыру
Өзін-өзі тану (9-сынып): Мінез - адам көрсеткіші және мінез-құлықты қалыптастыру
Қызыққа толы әлем: әлемдік кереметтер арқылы өзін-өзі тану мен құндылықтарды қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz