Темір және оның қосылыстары

Күні: 29. 01. 2014ж.

Сабақ тақырыбы: §37. Темір және оның қосылыстары. ( 163-167-бет)

Сабақ мақсаты: 1. Табиғатта кең тараған темір металы туралы мағлұмат беру;

2. Кәсіптік білімдерін дамыту;

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Д. М. Менделеев жасаған периодтық кестесі, слайд, химиялық

реактивтер, ыдыстар, интерактивті тақта

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасы)

ІІІ. Мағынаны таны (жаңа сабақ)

IV. Сәйкестендіру тесті

V. Толықтыру тесті

VI. Есептер шығару

VII. Кім білімпаз? (бекіту)

VIII. Бағалау

IX. Үйге тапсырма

X. Қорытындылау

Сабақ барысы: І. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Кім көп біледі? Үй тапсырмасы : Алюминий және оның қосылыстары

а) Тест тапсырмасы:

1. Алюминий қосылыстарда неше валентті?

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5

2. Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

а) HNO 3 , NаСl, KOH

ә) H 2 О, СuСl 2, NаOH

б) HСl, SО 2 ¸KOH

3. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан

бастап жұмыс жасайды?

А) 2000; ә) 1998; б) 2007; в) 1992

4. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:

а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен

ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау

б) Al 2 O 3 сутегімен тотықсыздандыру

5. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:

а) Nа¸Mn¸Al

ә) Ni¸Cr¸Zn

б) Cu¸Nа¸Сr

Жауабы: 1. ә; 2. ә; 3. б; 4. а; 5. ә:

ә) Есеп шығару

ІІІ. Мағынаны таны : Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик)

2. Табиғатта таралуы және маңызы (геолог)

3. Темірдің ашылу тарихы (тарихшы)

4. Физикалық қасиеттері (физик)

5. Темірдің алынуы (металлург)

6. Темірдің табиғатта таралуы (географ)

7. Темірдің химиялық қасиеттері ( химик)

8. Темір биологияда (биолог)

9. “Кім жылдам?” есептерді орындау

10. Сәйкестікті тап

11. Тест тапсырмалары

1. Химик:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша орналасқан

реттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56

26 электрон, 26 протон, 30 нейтрон,

4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2),

электрондық конфигурациясы: 1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 6 3d 6 4s 2

Темір - VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы

s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі

d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2, +3

2. Геолог: Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe 3 O 4 , гематит-Fe 2 O 3 , лимонит-Fe 2 O 3 ∙ nH 2 O, пирит- FeS 2

3. Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б. з. д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес Хеттер патшасына (б. з. д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болатты Шығыста тіпті Аристотель (б. з. д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

4. Физик:

Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б) -1539 С, Т(қ) -3200 С p-7, 87 г/см. Темір оңай магниттеледі және магниттік қасиетін жоюға бейім келеді . . .

Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы- темірдің магниттік қасиетіне негіделген.

“Темірді қызған кезде соқ” қандай физикалық қасиетіне негізделген. (созылғыштығына)

5. Металлург:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe 2 O 3 + 3H 2 = 2Fe + 3H 2 O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe 2 O 3 + 2Al = Al 2 O 3 + 2Fe

көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe 3 O 4 + 4CO = 3Fe + 4CO 2

6. Географ: Темір - табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл.

Оның жер қыртысындағы үлесі 5, 1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2) . Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда . Онда таулар толық темірден құралған. Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай) .

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0, 01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

7. Химик: Жай заттармен әрекеттесуі:

Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын

шашыратып жанады:

3Fe + 2O 2 = Fe 3 O 4 (FeO * Fe 2 O 3 )

Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe + 3Cl 2 = 2FeCl 3

Fe + S = FeS

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe + H 2 O = FeO + H 2

Ылғалды ауада тат түзеді:

4Fe 0 + 6H 2 O + 3О 2 = 4Fe(OH) 3

Fe 0 - 3е- = Fe +3 4

O 2 0 +4е- = 2О -2 3

Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.

Сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:

Fe + 4HNO3 (сұй) = Fe(NO3) 3 + NO + 2H2O

Fe + H2SO4 (сұй) = FeSO4 + H2

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

8. Биолог:

Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.

Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

9. Қолданылуы:

Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және


Ұқсас жұмыстар
Темірдіңтабиғатта таралуы, алынуы,физикалық, химиялық қасиеттері
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Алюминий және оның қосылыстары
Химиялық реакциялар белгілері
Кальций және оның қосылыстары жайлы ақпарат, 9 сынып
Темір элементі
Галогендер және олардың қосылыстары
Кремнийдің табиғатта таралуы
Мыс және оның қосылыстары 10-сынып
Темір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz