Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері

ОҚО Мақтарал ауданы "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта

мектебі" мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі

Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

"Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері "

Жалпы білім беретін орта мектептің 6 сыныбына арналған бағдарлы оқыту бойынша өлкетану курсы

Түсінік хат

Мектептегі өлкетану бағдарлы курсы -оқыту мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал. Қазақстан тарихы пәні бағдарламаларында жергілікті өлке тарихы мен ескерткіштері туралы мәліметтер қамтылмаған. Мектептегі өлкетанудың қоғамдық өлкетанудан айырмашылығы, өлкетану оқу-тәрбие үрдісінде педагогтың басшылығымен жүргізілелі. Өлкетану курсының маңыздылығы кәсіптік бағдар беруді екі бағытта шешуге көмектеседі. ОҚО аймағына тән ауылшаруашылығы мамандықтарының маңыздылығын көтеру және әр ауданның экономикалық ерекшелігіне сәйкес мамандық түрлерін игерту.

Отан тарихын өлкетану курсы арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасы мен патриоттық сезімі арта түседі. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың. "Өлкетану "курсы көмегімен оқушылар, ОҚО мен әкімшілік аумақтарының құрылу және зерттелу тарихы, зерттеушілердің еңбектері, тарихи-мәдени ескерткіштері мен табиғат кешендері жайлы оқып үйренеді.

Бұл авторлық бағдарламаны дайындаудағы мақсатым-ОҚО өлкесінің әкімшілік аумақтарының тарихы туралы зерттеушілер еңбектерінен терең мағлұмат беру. ОҚО өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі орындары туралы ғылыми зерттеу деректері негізінде оқып үйрету. Отантану білімі негізінде оқушылардың өлкетану курсын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру. ҚР -ның өзге аймақтарымен салыстыра білу қабілетін дамыту.

Мақсаты:

білімділік: Оңтүстік өлкесінің табиғи-тарихи ескерткіштерінің орнын, салыну кезеңін, қай тұлғаға арнап тұрғызғанын, құрылу әдістерінің ерекшеліктерін зерттеу. Уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру

дамытушылық: Оқушыларды жеке зерттеушілік жобаларға тарта отырып, шығармашылық дарындылығын дамыту

тәрбиелік:Табиғи-тарихи ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге, бағалауға, өз Отанымен мақтануға тәрбиелеу

Міндеттері:

-"Мәдени мұра" бағдарламасына сәйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына сіңіру;

-Тарихи ескерткіштер тарихына, сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы бала көкірегін имандылық нұрымен сәулелендіру;

-Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды зерттеу арқылы оқушыларда тарихи таным қалыптастыру;

-Тарихи таным арқылы оқушыларды адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу;

-Тарихи ескерткіштерді сақтап-қорғау жайлы заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрету;

Бағдарламаның ерекшеліктері:

-Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып, тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру;

-Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту;

-Өлке тарихын зерттей отырып, оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту;

-Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру;

-Туған өлке тарихын зерттеп, оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу;

Курс мазмұны

І. Оқтүстік Қазақстан облысы-Қазақстанның оңтүстіктегі қақпасы

1. ОҚО-ның әкімшілік - аумақтық картасы. ОҚО әкімшілік - аумақтық бөлінісі. ОҚО-ның аудандары. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа) 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

2. ОҚО-ның құрылу тарихы. Облыс 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 жылдары Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың ш. ш. немесе республиканың 4, 3 % аймағын алып жатыр. Тұрғындары 2567707 адам (2011 ж) . Орталығы-Шымкент қаласы.

3. Географиялық жағдайы. Жер бедері. Топырағы. Климаты. Геологиясы мен кен байлықтары. Гидрографиясы. Өсімдік және жануарлар дүниесі.

4. Халық саны 2 567 707 адам. ОҚО республика халқының 15 %-ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 ш. ш-ға 22 адам. Республика бойынша №1 орында. Обдыс халқының 70 % -ын қазақтар құрайды. Облыс тұрғындарының 47 %-ы қалада, 53 % -ы ауылда тұрады.

5. Шаруашылығы. Облыс республиканың барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5, 9 -ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98, 6 -ы, фармацевтикалық препараттардың 70, 1 - ы, минералды және газды сулардың 51, 5 - ы, мотор майы мен бензиннің 38, 9 -ы, рафинатты қорғасынның 23, 6 -ы, цементтің 19, 7 -ы, мақта майының барлығы облысымызда өндіріледі. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Ауылшаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10, 3 млн. га. Ауылшаруашылығында 63, 3 мың шаруа қожалығы бар. Көлігі.

6. Шымкент қаласының құрылған уақыты, тарихы. Жер аумағы 347 ш. ш. Тұрғыны 660300 адам (2013 ж) . Ұлттық құрамында қазақтар үлесі 56 -ды құрайды. "Шымкент" атауының этимологиясы.

7. Экономика және бизнес. Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т. б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т. б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға - "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т. б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады.

ІІ. ОҚО аудандарының тарихи ескерткіштері мен киелі орындары.

8. Созақ ауданы 1928 жылы қаңтарда құрылған. Жерінің аумағы 41, 0 мың ш. ш. Тұрғыны 54, 0 мың адам. Аудан аумағында 36 елді мекен, 2 кент (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы-Шолаққорған ауылы. Жер бедері тасты-құмды шөлді жазықтар-Бетпақдала мен Мойынқұм алып жатыр. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Қаратау жотасы орналасқан. Климаты тым континенттік. Уран кентасы мен таскөмір өндіріледі.

9. Созақ ауданының тарихи ескерткіштері:Ақсүмбе ежелгі қаласыжәне 500 метр жерде Ақбикеш мұнарасы (ХІІғ) . Созақ -ортағасырлық көне қамал-қала болған. "Хан Мазары" деген қасиетті жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандар жерленген. Кесенелер:Баба Түкті Шашты Әзіз әулие, Қара бура әулие, Ысқақ баб әулие, Саңғыл би. "Келіншектау" табиғи ескерткіші. Сүгір Әлиұлы.

10. 1928 жылы Шаян ауданы болып негізі қаланды. 1965-1996 жылдары Алғабас ауданы деп аталды. 1996 жылдан бастап Бәйдібек ауданы болып аталады. Жер аумағы 7, 2 мың ш. ш. Тұрғыны 54, 7 мың адам. Ауданда 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Орталығы - Шаян ауылы. Жер бедері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі қырқалы жазық. Климаты континентті. Байжансай полиметалл кені, әктас, құрылыс материалдары бар.

11. Тарихи ескерткіштері:Бәйдібек кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, Аппақ Ишан мешіт-мұражайы, Ақмешіт әулие үңгірі, "Қызыл көпір" тарихи ескерткіші. Шаян ауылындағы мешіт-медресе.

12. Отырар ауданының тарихы. 1935 жылы 16 ақпанда Шәуілдір ауданы болып құрылды. 1962 жылы Арыс ауданының құрамына өткен. 1963 жылы Шәуілдір ауданы негізінде Қызылқұм ауданы ұйымдастырылған. 1991 жылы Қызылқұм- Отырар ауданы болып өзгертілді. Жері 18, 1 мың ш. ш. Тұрғыны 55, 2 мың адам. Ауданда 43 елді мекен, 11 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы- Шәуілдір ауылы. Жер бедері жазық, басым бөлігін Қызылқұм шөлі алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік.

13. Тарихи ескерткіштері. Отырар археологиялық мемлекеттік қорық- мұражайы, Әл Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы, Арыстанбаб кесенесі, Отырар қаласы, Марданкүйік қаласы, Ботайтөбе ежелгі қаласы, Қостөбе, Шаушыққұмтөбе.

14. Отырарлық дарындар:Әбу Наср әл-Фараби, Социалистік Еңбек Ері-21, Кеңес Одағының Батыры- 2, Халық Қаһарманы М. Әлиев, академик Р. Бердібаев, С. Ерубаев, К. Әмірбеков, Ә. Қалыбекова, Б. Шойбеков . . .

15. Ордабасы ауданы 1964 жылы құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келген. Аумағы 2, 7 мың ш. ш. Тұрғыны 107 мың адам. Ауданда 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы- Темірлан ауылы. Жер бедері жазық. Ең биік жері Қайнар ауылында 383 метр. Климаты континенттік.

16. Тарихи ескерткіштері:Қажымұқан мұражайы. Күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Кеңес Одағының Батыры Қ. Сыпатаев.

17. Сайрам ауданы 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 1760, 4 ш. ш. Ауданда 56 ұлттың өкілінен құрылған, 302700 адам тұрады. Әкімшілік құрылымы 78 елді мекенді біріктірген, 17 ауылдық окргтен тұрады. Орталығы- Ақсу кенті.

18. Сайрам ауданында 58 тарихи мекендер мен қалашықтар және архитектура скерткіштері бар. Ортағасырлық қалалары- Сайрам және Манкент. Кесенелері: Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбділ Әзіз баб, Мір-Әлі баб, Қожа Тәліп, т. б.

19. Түлкібас ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. 1930-1935 жылдары Жуалы ауданына қосылған. 1935-1963 жылдары аудан қайта құрылып, орталығы Ванновка селосы болды. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданы құрамында болды. 1993 жылы Ванновка селосы т. Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Жер аумағы 2, 3 мың ш. ш. Тұрғыны 100 мың адам.

20. Ауданда "Шарафкент", "Будухкент", "Томтодж", "Абардадж"сияқты ескі қалалар орны, 31 бар. Қасқасу петроглифтері. М. Х. Дулати мен Т. Рысқұловқа ескерткіш орнатылған. Кеңес Одағының Батыры и. И. Рыбалко. Ақсу-Жабағылы қорығы.

21. Төлеби ауданы 1932 жылы құрылған. 1991 жылға дейін Ленгер деп аталған. Жер аумағы 3, 1 мың ш. ш. Тұрғыны 118, 4 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан отталығы- Ленгер қаласы. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Климаты континенттік. Кен байлықтарынан қоңыр көмір мен құрылыс материалдары өндіріледі.

22. Мәдени-тарихи ескерткіштері:"Төрткүлтөбе", "Тастақсай", "Сулы үңгір", "Дәуіттөбе", "Қасқасу". Кесенелер:Бекасыл әулие, Дүзелбай-Данай, Жаныс баба . . .

23. Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылған. Орталығы Тұрбат, Шарапхана кейін Ленин селолары болған. Жерінің аумағы 4, 1мың ш. ш. Тұрғыны 103 мың адам. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы.

Жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас, т. б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік.

24. Қазығұрт ауданының туристік орындары. Нұх пайғамбар. Қазығұрт жайлы ежелгі аңыз. Қазығұрт тауы. Өгем тауы. Алтынтөбе. Ақбура әулие. Қырық қыз. Атбұлақ. Тесіктас. Исмаил ата. Ысқақ ата. Мақпал көл.


Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік - аумақтық өзгерістерді түсіндіру
Маңғыстау туған мекенім
ХІХ ғасырдың аяғындағы 80 - 90 жж. реформалардың мазмұны
Тарих -ғасырлар куәсі (сайыс сабақ)
Қазақстанның хiv – xv ғасырлардағы сәулет өнері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақстан тарих пәнінен емтихан тесті. 7 сынып
Сыныпта оқушылар
Тест тапсырмалары. 7-сынып. Қазақстан тарихы
Ата –анаммен бірге мерекедемін (ОҚО-ның 80 жылдық мерейтойы туралы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz