Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтау және жақсарту

УДК 159. 922. 7
ББК 88. 5
А 90
Ата-аналар мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтау және жақсарту: мектептің педагог-психологтары мен сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік құрал
Құрастырған:
Павлодар облысы, Май ауданының педагог-психологы - Н. У. Альменова, жалпы бiлiм беру орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi - С. Е . Аханбаева , мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары - Н. Б. Дошматова.
Пікір жазғандар:
пед. ғылымдарының кандидаты, доцент Л. С. Сырымбетова
пед. ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Д. Каирбекова
Аннотация
Бұл әдістемелік құралда мектеп психологына ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтауға және жақсартуға қажетті ақпаратпен қатар, классикалық әдістемелер, сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілген.
Құралдағы жинақталған материалдар оқушыларға және ата-аналарға қарым-қатынасты, тәрбие әдістері туралы диагностика мен дамытушылық, ағартушылық жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді.
Мектеп психологтарына, мұғалімдерге және ата-аналарға қолдануға қажетті әдістемелік құрал.
Мазмұны
Тақырыптың өзектілігі . . . 3
Ата-аналар кодексi . . . 4
Балаңыз мектепке баруға дайын ба? . . . 5
0-1 сынып ата-аналарына арналған сауалнама . . . 6
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс . . . 7
Мектептің орта буының оқушыларының ата-аналдарымен жұмыс . . . 9
Отбасы жағдайын зерттеуiнiң өзiндiк диагностикасы . . . 13
ОТА сауалнамасы (Отбасы тәрбиесiнiң анализi) . . . 14
Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы . . . 22
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” . . . 27
Отбасы тәрбиесiнiң ерекшелiгi мен кемшiлiктерiнiң анализi . . . 30
Қосымша . . . 32
Тақырыптың өзектілігі
«Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп баланың жан-жақты тұлға ретінде дамуы отбасынан басталады. Отбасы қоғамда баланы тәрбиелеудің басты, әрі алғашқы институты болып келеді. Ал бала өз әке-шешесіне қарап, оларды өзінің болашағы үшін үлгі етеді. Яғни өз-өзін бағалауы, жауапкершілгін, қоршаған ортамен қатынас етуін, ұжымда өмір сүру ережелері мен тәртібін және т. б. қасиеттерді отбасынан алады. Сондықтан отбасының тәрбиелік функцияларды сәтті орындауы көптеген факторларға тәуелді болады. Олардың бірі ата-ананың психологиялық-педагогикалық мәдениеті. Ата-ананың психологиялық - педагогикалық мәдениетінде баланы отбасында тәрбиелеудің адамзаттық жинақталған тәжірибесі көрініс алады. Бұл қасиет отбасы өмірінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, әке мен ананың педагогикалық іс-әрекетінің негізі болу үшін, дәстүрлі қателерді жібермеуге және дәстүрлі емес, стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім табуға көмектеседі.
Мақсат: ата-аналар мен балалардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, сұрақ қою арқылы ата-ананың балаға қатынасын, тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдерін, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтап, оны жетілдіруге көмек жасау.
Міндет:
- Тәрбие мақсатына жету үшін сәйкесті икемдерге ие болу.
- Ал ата-ананың баласын қолдап, көңіл бөлуі оның қоршаған ортада дұрыс бейімделіп, әлеуметтенуіне жағдай жасау.
- Қоршаған ортаның жаман және жақсы жақтарын да ата-анасы ашып, түсіндіру.
- Ата-ананың психологиялық, педагогикалық білімдерінің бала тәрбиесіне деген маңыздылығын түсіндіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме, сауалнама, анкета, кеңес беру, ролдік ойын, топтық талдау, дамытушылық жаттығулар.
Ата-аналар кодексi
Ата-ана құқығы:
- Ата-аналар комитетiнiң құрамына дауыс беру және сайланғандардың бiрi болу.
- Ата-аналар комитетiнде қарастырылатын мәселелердiң iшiне өз ұсыныстарын енгiзу.
- Мектеп әкімшілігі және мұғалiмнiң келiсiмiмен жеке сабақтарға қатысып, мектептегi педагогикалық процестiң жақсартуына өз үлесiн тигiзу.
- Отбасы намысы мен бала құқығын қорғау.
- Проблемалық жағдайлар, дау-дамайлар бойынша психологқа, мектеп әкімшілігіне жолығу.
- Баланы оқыту түрiн таңдау.
- Жекелеген мұғалiмдер мен оқушыларды марапатталуына ұсыныс беру.
Ата- ананың мiндетi:
- Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау.
- Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында ең бастысы - бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортақ қызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысының қорғалған және оның жеке басының құндылығының болуы.
- Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу.
- Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие - жеке өнеге оқыту емес, бұл- отбасының бар тыныс - тiршiлiк әрекетi.
- Баланы сүю және оған деген сүйiспеншiлiктердi жылы сөзбен, ыстық мейiрiммен жеткiзу.
- Баламен қатарлас бiр деңгейде сөйлесу. Балалар өз- өзiне ешқашан кiшкентай болып көрiнбейдi, олар өзiн үнемi үлкен ретiнде сезiнедi. Балаларда өзiндiк әрекеттi тәрбиелеу.
- Егер де өз принциптерi мен ұғымдары болмаса, балаға жақындамау керек. Бағыттау, кеңес беру, бiрақ бала пiкiрiмен санасу.
Балаңыз мектепке баруға дайын ба?
Бес жаспен алты жастың аралығында бәрi баласын оқуға беруге, шәкiрт қатарына қосуға асығады. Сәбидiң бәрi оқушы партасына отырып, Әлiппенiң бетiн ашуға шынында бiр мезгiлде әзiр боп, бiр мезгiлде “пiсiп-жетiлеме?” Осы ретте сәбидiң мектеп есiгiн ашуға әзiр, әзiр емесiн қалай жаңылмай, тап басып анықтауға болады? - деген сұрақ туады. Бұл орайда қазiр психолог мамандар ұсынатын, сыннан өткен тәсiлдер көп. Солардың кей бiрiне тоқталайық.
1-ТӘСIЛ. Балаңызға жаңадан бiрнеше ойыншық әкелiңiз. Бiр минуттай ғана уақыт қолына ұстатып, көрсетiңiз. Содан кейiн оларды алып қойып, бiр қызықты ертектi дауыстап оқи бастаңыз. Оқиға шиеленiсiп, ең қызықты тұсына келген сәтте оқуды доғарыңыз да, балаңыздан “әрi қарай тыңдайсың ба, әлде жаңа ойыншықтарыңмен ойнайсың ба?” деп сұраңыз. Балаңыз ертекке қызықушылық танытып, аяғына дейiн тыңдағысы, не болып, не қоятынын бiлгiсi келсе, мектепке баруға дайын, оқуға “пiсiп-жетiлiп тұр” - деген сөз. Ал ойыншыққа ықыласы ауып, ойынды қаласа, шәкiрттiктiң ауылы алыс, оны қолға алу әлi ерте болғаны.
2-ТӘСIЛ. Балаңызға мектеп ойынын ойнатыңыз. Оның оқушы әлде мұғалiм болғысы келе ме, соған назар аударыңыз. Оқуға әзiр тұрған бала, сөз жоқ, оқушы болады, кiтап оқып, қағаз жазуды қалайды. Ал дайын болмаса машақаты көп оқушылықты қойып, мұғалiмдiкке жармасады.
Баланың мектепке алты жастан әлде жетi жастан баратынын байқататын негiзгi көрсеткiштiң бiрi - есте сақтау қабiлетi. Оны анықтаудың жолдары да аз емес. Мысалы, тау, пеш, таға, терезе, етiк, күшiк, балға, қаламсап, шай, балық дегендей бiр-бiрiмен мағыналық байланыс жоқ сөздердi қағазға түсiрiп алып, балаға анық, ашық дауыспен оқып берiңiз. Содан кейiн есiнде қалған сөздердi қайталап айтуын сұраңыз. 5-6 жасар сәби осындай сөздiң алғашқы оқығанда кемiнде 5-еуiн, екiншi, үшiншi рет оқығанда 9-10-ын есте сақтап қалуы тиiс. Бiрер сағаттан кейiн қайталап сұрағаныңызда да бiр-екеуден артық ұмытпауы шарт. Бұл орта көрсеткiш. Егер балаңыздың есте сақтауы бұдан төмен болса, мектепке баруға әлi дайындауларыңыз керек.
Ол үшiн төмендегi көрсетiлген массаждар мен жаттығуларды орындауға болады. “Нүктелiк” массаж.
- 1нүкте - сөйлеу аппаратының аймағында қан айналымын жақсартады. /астыңғы ерiннiң ортасы/
- 2 нүкте - бұл саладағы массаж мұрынның кiлегейлi қабығының қан айналымын жақсартады. Мұрын арқылы еркiн тыныс алып, тұмау тез қайтады. /мұрын шетi/
- 3 нүкте - бұл саладағы массаж есту мүшелерiне әсер етедi. /құлақ асты/
- 4 нүкте - бұл аймақтағы массаж қиялдауды серпiлтiп, қабылдауды жақсартады. /қас арасы/
Қол бұлшықтарын дамытуына арналған жаттығу. Балаға орындауға ұсыныңыз:
- қолды бүгiп, қол ұштарын иыққа қойып бiрнеше айналмалы қимылдар жасау. Ең алдымен артқа, содан соң алға.
- қолды алға қарай созып, оны еркiн ұстау. Сосын қол бiлезiгiне айналмалы қимылдар жасау.
Қол бұлшық еттерi мен саусатарын дамытуына арналған жаттығулар.
- қол саусақтарын жан-жаққа таратып қайта жинау.
- қол саусақтарының жастықша ретiнде қосу.
Баланың ағзасын сауықтандыру бойынша жоғарыда көрсетiлген iс-әрекет бағыттарынан басқа баланы жылдам, тез, шапшаң аяқ киiмiнiң бауын /етiк, кроссовка т. б. / байлауға, киiмiнiң түймелерiн, тағуды, үстiндегi киiмiн өзi киiп, шеше бiлуге үйрету қажет. Сондай-ақ ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға, шамасына қарай үй iшiндегi жұмыстарды атқаруға үйрету.
Мектептегi оқу балаға психикалық тұрғыдан зор талап қояды. Бес жасар бөбектiң бiр нәрсенi 10-15 минуттан артық қарауға да, тыңдауға да шыдамы жете бермейдi. Тез шаршайтыны, тез жалығатыны, көңiл-күйiнiң құбылмалығы оны сабақты игеруiне, ұғынуына кедергi келтiредi. Ол не нәрсенi де қызығып есiне сақтамаса, керек екен, қажетi бар екен, - деп есiне сақтамайды. Баласын бес жастан оқуға берген, берем деген ата-ана мұның бәрiн саралап, салмақтауы қажет. Қатарынан қалып қояды деп қорқып, дайын емес сәбидi бес жаста мектепке тықпалағаннан пайда жоқ. Бала кемелiне келгесiн өзi-ақ қуып жетедi.
0-1 сынып ата-аналарына арналған сауалнама
Өз балаңыз туралы не айтасыз ?
1. Ата - жөнi :
Туған күнi
2. Балаңыздың қандай өнерi бар?
3. Немен шұғылданғанды жақсы көредi ?
(мүсiндеу, сурет салу, т. б. )
4. Балаңыздың жұмыс ынтасы қалай ?
(тез, жай, ынта қойып, тез жалығады)
5. Қай қолмен жұмыс iстейдi?
6. Әңгiме айтқанды ұната ма, ертегiнi, көрген киносын, фильмдi әңгiмелеп айта алама ?
7. Дыбысты дұрыс айта ала ма?
8. Қандай дыбыстарды айта алмайды ?
9. Балаңыз қалай тамақтанады ?
(жақсы, жаман, тез, ақырын, )
10. Қалай ұйықтайды?
(тыныш, мазасыз, тез, түнде сөйлейдi, жиi аунайды)
11. Достарымен қандай қарым-қаныста ?
(жылы шырайлы, дөрекi, бiрқалыпты, ашуланшақ, )
12. Топпен немесе жеке ойнағанды ұната ма ?
13. Мектепке дейiн жиi ауырды ма?
14. Өз балаңыздың тәртiбi мен мiнезiнде қандай өзгешелiктi көрiп жүрсiз ?
Сауалнамаға жауап берген
Баланың /анасы, әкесi, әжесi, атасы, ағасы, әпкесi, жеңгесi, қамқоршысы т. б. / астын сызыңыз.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс
1- сынып ата-аналарына арналған сауалнама
- Сіздің балаңыз мектепке қуана-қуана бара ма?
- Ол жаңа тәртіп ережелерге бейімделді ме ?
- Өзінің оқу жетістіктерімен, сәтсіздіктерін уайымдайды ма?
- Өзінің мектепте көрген-білгендерімен сізбен бөлісе ме?
- Эмоционалдық алғаш әсерлердің қай түрі басым?
- Үй тапсырмасын орындауда қандай қиыншылықтарды бастан кешіреді?
- Бала сыныптастары жөнініде жиі шағымдана ма?
- Оқу жүктемесін меңгере ала ма?
- Былтырғы жылмен салыстырғанда, оның тәртiбі қалай өзгерді?
- Себепсіз сұрақтар жөнінде жиі шағымдана ма?
- Қай кезде ұйықтайды? Тәулігіне неше сағат ұйықтайды? Ұйқысы былтырғы жылмен салыстырғанда өзгерді ме? /егер өзгерсе, қалай?/
1 - сынып ата-аналарына арналған жадынама
1- ереже
Ешқашан баланы бір уақыта 1-сыныпқа және қандай да бір секцияға не үйірмеге жібермеңіз. Балаға мектепке баруының өзі балаға ауыр стресс /5-7 жас/. Егер бала асығыссыз сабағын қарауға, қыдыруға, демалуға мүмкіндігі болмаса, онда ол балада невроз басталуы мүмкін. Сондықтан қандай да баланың секцияға не үйірмеге қатысуына 1-сыныпқа барар алдында немесе 2-сыныпқа көшкеннен соң апаруға болады.
2-ереже
Есіңізде болсын, бала тек 10-15 минут қана зейінін шоғырландыла алады. Сондықтан, баламен сабақ қарарда, әрбір 10-15 минуттан соң үзіліс жасап міндетті түрде сергіту сәтін жасау керек. Үй тапсырмасын жазба жұмыстарынан бастаған жөн. Ал сабақ қараудың барлық жиынтығы бір сағаттан аспау керек.
3-ереже
Әлемнің невропотолг және офтальмолог дәрігерлері - компьютер, теледидар және көзге көп әсер ететін сабақтар тәулігіне бір сағаттан аспау керек дейіді.
4-ереже
Сіздің балаңыз алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап сіздің көмегіңізді өте қажет етеді. Ол тек өзінің сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынастарын қалыптастырып қоймай үйрене бастайды.
Егер сіз оның байсалды, байыпты, өз-өзне сенімді болып өссін десеңіз оны әрдайым мадақтап, мақтап отырыңыз. Оның кейде алып қалған екіліктері мен дәптерінің таза еместігіне ұрыспаңыз. Кейін таза жазуға, жауапкершіліке сізідің арқаңызда үйренеді. Ал күнделікті кінәлаудан және жазалаудан бала өз-өзіне деген сенімін жоғалтады.
Бiрнеше қысқа ережелер
- Баланың жетістігі үшін емес, оның өмірдегі қалпы үшін жақсы көретіндігіңізді сендіріңіз.
- Ешқашан да /тіпі іштей/ балаға басқа баладан “кемсің” деп айтпау керек.
- Баланың кез келген сұрағына шамсына қарай шын және шамаданбай жауап беру керек.
- Әр күн сайын баламен жеке болуға уақыт тауып көріңіз.
- Баланы қысылмай-қымтырылмай тек сыныптастарымен ғана емес сондай-ақ үлкендермен де жасқанбай сөйлетуге үйретіңіз.
- Оны мақтан ететіңізді жиі айтыңыз.
- Балаға әрқашан шындықты ғана айтыңыз, тіпті ол сізге қайшы келсе де.
- Баланың тек іс-әрекетін ғана бағалаңыз.
- Үлкендер балаға қалай қараса, бала өзіне де солай қарайды.
- Өмірде тек бала ғана емес, үлкендер де қателесетінін айту керек. Сондықтан бүгінгі қателікті ертеңдері түзетуге болатынына сендіру керек.
Мектептің орта буының оқушыларының ата-аналарымен жұмыс
Орта буынға арналған
Аты-жөнi
I Балаңыздың қандай мiнезi ұнайды? /астын сызыңыз/
А 1- бiлiмге бейiмi
2 - сабақ кездегi бiлiмге белсендiлiгi
3 - есте сақтау қабiлетi жоғары
Ә 4 - ерiк-жiгерiне, өзiне сенiмдi
5 - ылғида, көтерiңкi көңiлде болуы
6 - ақ көңiлдiлiгi
7 - мұғалiмдермен, құрбылармен, ата-аналармен тiл табыса бiлуi
8 - тәртiптi, сыпайы, тiл алғыш
9 - кез келген ортада өзiн ұстай алады
Б 10 - кек сақтамауы
11 - еңбек сүйгiштiгi
12 - ұяңдылығы
II Балаңыздың қандай мiнезi ұнамайды ?/астын сызыңыз/
А 1 - оқуға солғырт қарауы
2 - сабақ кезде бiлiмге қызықпаушылығы
3 - есте сақтау қабiлетi төмен
Ә 4 - өз-өзiне сенбеушiлiк
5 - қияңқы, тiл алмайды
6 - көңiл-күйiнiң тез өзгеруi
7 - мұғалiмдермен, үлкендермен тiл табыса бiлмеуi
8 - құрбыларымен тiл табыса бiлмеуi
9 - кез келген ортада өзiн, мәдениеттi ұстай алмауы
Б 10 - ашуланшақ, кекшiл
11 - еңбектенгiсi келмейдi
12 - ұялшақ
Бiз қандай ата-анамыз?
- Балалар тәрбиесi туралы газет-журанал беттерiнде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелi оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кiтаптарды оқисыз ба?
- Балаңыз бiр оғаш нәрсе iстеп қойды делiк. Сiз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңiздiң нәтижесi екендiгi жөнiнде ойланып көрдiңiз бе?
- Балалар тәбиесiнде қасыңыздағы қосағыңыздың пiкiрiмен үнемi ақылдасып отырасыз ба?
- Егер балаңыз сiзге жәрдем берсе, сол кезде оның өз жұмысы бұдан кедергiге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалса да қабылдар ма едiңiз?
- Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сiз тек қажет кезiнде ғана қолданасыз ба?
- Жүйелiк, реттiлiк - педагогикалық маңызды принциптердiң бiрi деп санайсыз ба?
- Спорт пен денешынықтыру баланың жан-жақты, үйлесiмдi дамуына маңызы зор екенiн ескерiп отырасыз ба?
- Сiз баладан бiр нәсенi орындау жөнiнде талап тұрғысынан емес, өтiнiп сұрап көрдiңiз бе?
- “Менiң уақытым жоқ”, немесе “Тоқтай тұр, әуелi жұмысымды бiтiрiп алайын” - деген тәрiздi сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сiзге ыңғайсыздық туғызбай ма?
Жауабы:
Әрбiр мақұлдау жауаптарыңыз - 2 ұпай
Ал кейде орындалатын болса - 1 ұпай
Қарсы болсаңыз - 0 ұпай
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесi туралы түсiнiгiңiз кемiскi екендiгiн дәлелдейдi. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сiз бұл мақалға көп иек етiп отыра бермей, жеткiншектер тәрбиесi төңiрегiнде өз бiлiмiңiздi жетiлдiре түсуге асыққаныңыз абзал.
7-14 ұпайға дейiн жинасаңыз, сiз бала тәрбиесiнде әрине үлкен қателiк жасап жүрген жоқсыз, әйтпесе де осы бағыттағы iс-әрекетiңiз жөнiнде тереңiрек ойланып көрiңiз. Ал тiптi былай iстеуге де болады, алдағы жексенбiнiң бiрiн балаңызбен көңiлдi демалуға арнаңыз. Бұл күн балаңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуда алғы қадамы болмақ және балаңыз бұған шексiз риза болатынына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз сiз өзiңiздiң ата-аналық
мiндетiңiздi орынды атқарып келесiз. Бала тәрбиелеуде сiз басқа да ата-аналармен, өз тәжiрибеңiзбен бөлiсiп ақыл-кеңес бере аласыз.
Сiз қандай ата-анасыз?
- Кез келген iсiңiздi тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
- Балаңызыдың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
- Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателерiңiздi мойындайсыз ба?
- Өзiңiздiң қателiгiңiз үшiн балаңыздан кешiрiм сұрайсыз ба?
- Балаңыз жасаған iс ашуландырған кезде өзiңiздi ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
- Балаңыздың орнына өзiңiздi қоя аласыз ба?
- Бiр сәтте сiзге мейiрiмдi адам деп сенуге бола ма?
- Өзiңiзiдiң басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерiлетiн жағдай айтасыз ба?
- Балаңыздың жүрегiн жарақаттайтын сөздердi, сөйлем тiркестерiн атамауға тырысасыз ба?
- Балаңызға уәде берiп, жақсы мiнез-құлқын ескере отырып уәдеңiздi орындайсыз ба?
- Балаға қалаған iсiн жасауға, өзiн ұстауға кедергi жасамай бiр күн еркiндiк бересiз бе?
- Басқа бала сiздiң балаңызға дөрекiлiк көрсетсе, себепсiз ренжiтсе, көңiл аудармайсыз ба?
- Балаңыздың көз жасы, дөрекi еркелеуi уақытша екенiн бiлесiз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
- Әрқашан жасаймын, келiсемiн - 3 ұпай
- Кейде ған келiсемiн - 2 ұпай
- Келiспеймiн - 1 ұпай
Сауалнаманы бағалау өлшемдерi:
0-16 Бала тәрбиесi - сiз үшiн проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшiн педагог немесе психолог мамандардың көмегiне сүйенiңiз
16-30 Балаға қамқорлық жасау - бiрiншi кезектегi маңызды iс. Сiздiң бойыңызда тәрбиешiлiк қабiлет бар, бiрақ тәжiрибеде әрқашан бiр қалыпты бiр бағыттағы мақсатпен әрекет етесiз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сiзге жауапкершiлiкпен ойлану керек.
30-39 Бала сiздің өмiрiңiз үшiн ең құнды болғаны. Сiз балаңызды тек түсiнiп ғана қоймай, әрi ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз
Ата-ана балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Бала өнегелi болса сөз жоқ, ол көрiктi болады. Сiз, құрметтi ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгiлi. Ал “кейде” не “күнде” балаңыз “2” деген нашар баға алса, онда оған ренжисiз, сөгесiз, тiптi тiлдеп те жiбересiз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керiс тудырмай-ақ түсiнiсiп, жөн сiлтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық тұрғыдан берiлетiн төмендегi 14 кеңеске құлақ түрiңiз.
- Таңертең /не түсте/ бала сабаққа барарда баланы жайлап қана оятыңыз. Сiздiң биязы үнiңiз бен күлкiңiз-ақ ұйқысын ашуы тиiс. Кешегi бiр терiс қылықтарын айтып, босқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесiн жұқартпаңыз.
Яғни, тамағын iшпей жатып ұрыс-керiс ұйымдастырмаңыз.
- Егер балаңыз сабақтан кешiгетiндей болып жатса, онда “бол да болдың” астына алып айқайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзiңiз кiнәлiсiз;
- Баланы сабаққа /әсiресе, таңертең/ ашқұрсақ түрiнде жiбермеңiз;
- “Бұзақы болма”, “Қисалаңдамай тыныш жүр”, “Бүгiн екi алсаң, құртамын” деген ескертулердi жиi айта бермеңiз. Керiсiнше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуiне тiлектестiк бiлдiрiңiз;
- Есiктен кiрмей жатып, “Бүгiн қандай баға алдың?” деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз, оның сабақтан шаршап келгенiн ескерiңiз.
Егер бала әлденеге ренжiп келсе, бiрдеңенi айтпақшы болса, “сенi тыңдауға уақытым жоқ” демей, арнайы көңiл бөлiп, мұқият тыңдаңыз;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz