Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Төртбұрыштар тарауын қайталау. сабақ жоспар. 8 сынып

-260985381000Омарова Шахмарал Ахметжанқызы.
Астана қаласы, №15 мектеп-лицейдің жоғары категориялы
математика пәні мұғалімі, екінші деңгейлі курс бітірушісі, Республикалық <<Мен және менің сабағым>>-бейне-сабақ
байқауының номинанты.


Геометрия 8 сынып.
<<Төртбұрыштар>> тарауын қорытынды пысықтау сабақ
Сабақтың мақсаты:
<<Төртбұрыштар>> тарауынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
<<Төртбұрыштар>>тарауы бойынша білім мен біліктерін бекіту және
бақылау;
Есептер шығара білу қабілетерін жетілдіру;
Тақырыптың ғылымилығын меңгерту, проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу.
Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық:
компьютер, мультимедиапроектор;
оқушылар дайындаған презентациялар;
өзіндік жұмыс тапсырмалары;
жеке жұмыс тапсырмалары;
Қолданылған модульдер:
Білім берудегі жаңа тәсілдер, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
2. Оқушылардың төртбұрыштар туралы презентациялары (10 минут)
3. Оқушылардың өзіндік жұмысы (7 минут)
4. <<Төртбұрыштар>> туралы көркембейнелеу арқылы дайындаған презентациялары(10мин)
5. Есептер шығару және қорғау (10 минут)
6. Рефлексия. сабақтың қорытындысы (2 минут)
7. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 минут)
Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар төрт топқа бөлінеді төртбұрыштар түрлері бойынша - трапеция, ромб, тіктөртбұрыш және параллелограмм. Топтардың жұмыс істеу ережесі құрылады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Үйге берілген тапсырма-төртбұрыштар және олардың қасиетеріне презентация дайындап келу. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.

<<Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек>> Паскаль.
Бүгін сабақта біз <<Төртбұрыштар>> бойынша алған білімдерінді тек пысықтап және тексеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен мына қызықты фигура өздерін білетін фигуралардан құрастырылған қыз суреті бейнеленген. Осыдан өздерін білетін фигураларды анықтап, таныған фигураларды атап шығындар. Сендер біз өткен төртбұрыштардың барлық түрлерін таныдыңдар. Миға шабуыл. (презентация 1-дің 2 слайды )

II. Өз презентацияларын қорғау (слайдтар 3 - 14)

Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер щығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды қайталап, не білетінімізді еске түсірейік.Төртбұрыштар туралы дайындап келген презентацияларын қорғауға дайындалған оқушыларды шақырамын. Жеке - жеке презентацияларын қорғайды.
Қорытындылау:жұптық жұмыс сосын топтық талқылауға салып, төртбұрыштардың ортақ және өзіне тән қасиеттерін анықтап, кесте толтыру. (формативті бағалау) слаид15,16.
III. Оқушылардың өзіндік жұмысы.Презентация2-слаид 1
Біз толық қайталадық, енді жеке тапсырмаға көшеміз, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз.
Өзіндік жұмысы 5 нұсқада берілген, жауаптары бірдей. Аяқтаған соң бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (формативті бағалау).
Жауабы 1слайдта.
Қорытындысын кішкене талдау.
IV. Төртбұрыштар туралы көркембейнелеу арқылы дайындаған презентациялары. Енді сендер өздерін ғаламтор арқылы және басқа да қосымша әдебиеттер арқылы дайындаған презентацияларынды қорғандар. Презентация2- (слайдтар 2 - 6)
Әр топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.
V. Есептер шығару.
Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
10 мин уақыт беріледі. Іске сәттілік тілеймін.
Оқушылар топ басшысының басшылығымен тапсырмаларды орындайды да шешуін постерге жазады.Әр топ талқылап,сосын біреу шығып қорғайды. Топтарға тапсырмалардың нұсқалары қосымша 2-де
Үйге тапсырма: Тест тапсырмаларының басқа нұсқасын орындау.
VI. Рефлексия және сабақтың қорытындысы(слаид 7.)
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.(слайд 7)
Сендерге сабақ ұнадыма?
Қандай қиыншылықтар болды?
VII. Бағалау.Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша өздерінді бағалайсындар, <<Бағдаршам>> бойынша. Егер тақырыпты түсінбесен қызыл қағазды алып қызыл бағдаршамға жапсырасын, егер әлі де кейбір сұрақтарға көмек қажет болса сары қағазды алып, сары бағдаршамға жапсырамыз, ал егер тақырыпты жақсы түсінсендер жасыл қағазды алып, жасыл бағдаршамға жапсырамыз. Ал, кәне бағалаймыз.(слаид 8)
Топ басшылары бағалау парақтарын таратады және жинап тапсырады.
Ынтымақтастықта жұмыс жасағандарына рахмет! Маған бүгін шығармашыл, белсенді еңбекқор оқушылармен жұмыс жасау өте ұнады. Алдағы өмірлерінде әруақыт жолдарын болып, алдарында жасыл шам ғана жанып тұратын болсын!

Қосымша 1
Тест жұмысы.
1-нұсқа
* Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш ................деп аталады
А) трапеция
В) квадрат
С) параллелограмм
Д) тік төртбұрыш
* Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызығы 10 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар?
А) 5
В) 10
С) 30
Д) 20
3) Қандай төртбұрыштың диагональдары бұрыштың биссектрисасы болады
А) ромбының
В) трапецияның
С) параллелограмның
4) (Белгісі) Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол параллелограмм .............болады
А) ромб
В) трапеция
С) тіктөртбұрыш
5) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о
В) 45о
С) 55о
6) Қабырғалары 9 және 4 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

7) Қабырғасы 18 дм болатын ромбының периметрін табыңдар.
Өздік жұмысының жауаптары:
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
5
6
7
Жауабы

Фамилия
Баға
2-нұсқа
* Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш ................деп аталады.
А) трапеция
В) ромб
С) квадрат
Д) параллелограмм
* Үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см. Оның орта сызығын табыңдар?
А) 20см
В) 30см
С) 10см
Д) 5см
3)Қандай төртбұрыштың диагональдары тең?
А) Тіктөртбұрыштың
В) ромбының
С)параллелограмның
4) (Белгісі) Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол төртбұрыш ..............деп аталады.
А) квадрат
В) ромб
С) параллелограмм
5) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о
В) 45о
С) 35о
6) Қабырғасы 6 см квадраттың ауданың табыңдар
7) Қабырғалары 20 және 16 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.
Өздік жұмысының жауаптары:
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
5
6
7
Жауабы

Фамилия
Баға

3-нұсқа
* Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм..................деп аталады.
А) ромб
В) трапеция
С) тіктөртбұрыш
Д) квадрат
* Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызығы 5 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар?
А) 5см
В) 20см
С) 15см
Д) 10см

3)Қандай төртбұрыштың диагональдары тең?
А) Теңбүйірлі трапеция
В) ромб
С) параллелограмм
4)(Белгісі)Егер төртбұрыштың екі қабырғасы тең және параллель болса, онда ол төртбұрыш .....................деп аталады.
А) квадрат
В) трапеция
С) параллелограмм
5)Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 135о. Қарсы жатқан бұрыштың шамасын табыңдар?
А) 35о
В) 45о
С) 135о
6)Тіктөртбұрыштың қабырғалары 18 және 2 см.Оның ауданың табыңдар.
7)Қабырғалары 16 және 20 дм болатын параллелограмның периметрін табыңдар.
Өздік жұмысының жауаптары:
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
5
6
7
Жауабы

Фамилия
Баға

4-нұсқа
* Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты................деп атайды.
А) параллелограмм
В) ромб
С) трапеция
Д) квадрат
* Үшбұрыштың бір қабырғасы 16 см. Оның орта сызығын табыңдар?
А) 10см
В) 20см
С) 5см
Д) 8см
3)Қандай төртбұрыштың диагональдары перпендикуляр?
А) ромбының
В) трапецияның
С) параллелограмның
4)(Белгісі) Егер төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан тең болса, онда ол төртбұрыш .................болады.
А)Трапеция
В) тіктөртбұрыш
С)параллелограмм
5) Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 135º. Қарсы жатқан бұрыштың шамасын табыңдар?
А) 135о
В) 45о
С) 55о
6) Қабырғалары 12 және 3 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар
7)Қабырғасы 18 см болатын квадраттың периметрін табыңдар.
Өздік жұмысының жауаптары:
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
5
6
7
Жауабы

Фамилия
Баға

5-нұсқа
1)Барлық қабырғалары тең параллелограмм .................деп аталады.
А) квадрат
В) трапеция
С) ромб
Д) тіктөртбұрыш
2)Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызығы 6 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар?
А) 10см
В) 15см
С) 3см
Д) 12см

3)Қандай төртбұрыштың диагональдары тең болады?
А) Теңбүйірлі трапецияның
В) параллелограмның
С) ромбының
4)(Белгісі) Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол паралллелограмм .....................болады.
А) трапеция
В) ромб
С) тіктөртбұрыш
5)Параллелограмның бір бұрышы135º. Іргелес жатқан бұрыштың шамасын тадыңдар.
А) 135о
В) 45о
С) 55о
6)Квадраттың қабырғасы 6 см. Оның ауданын таыбңдар
7)Теңбүйірлі трапецияның периметрін табыңдар, егер оның табандары 30 және 22 дм, ал бүйір қабырғасы10 дм болса.
Жауаптар таблицасы:
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
5
6
7
Жауабы

Фамилия
Баға

Қосымша 2
Есептер
1-ТОП.
Әрбір катеті 8 см болатын тікбұрышты, теңбүйірлі үшбұрышқа бір бұрышы ортақ квадрат іштей сызылған. Квадраттың периметрін табыңдар.
2-топ.
Ромб қабырғасының диагональдарымен жасайтын бұрыштарының қатынасы
2:7. Ромбының бұрыштарын есептеңдер.
3-топ.
Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 10 см және 6 см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңдар.
4-топ.
Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны 18 см, бүйір қабырғасы 4 см, ал олардың арасындағы бұрышы 60º-қа тең. Трапецияның кіші табанының ұзындығын табыңдар.


Ұқсас жұмыстар
ІІІ топ
Трапеция
Айнымалы тоқ тізбегін сипаттайтын шамалар
Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер
Орта мерзімді сабақ жоспары. үлгі 6 сынып
9 санының құрамы
Төртбұрыштар
Тұрақты ток тарауын қайталау
Үшбұрыштар мен трапецияның орта сызықтары, геометрия 8 - сынып
Пәндер