Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Ақмола облысы, Степногорск қаласы
С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы -мектеп лицейі
Сызу және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Ементаев Тоқтар Тайжанович
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік : Призма, пирамида, конус, шар фигураларын жазықтықпен қию әдісін үйрену. Үстінен және қырынан қарағандағы көріністе шығарып алу тәсілдерін жаттықтыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларда геометриялық фигураларда кеңістікте ойша көзалдарына елестетіп қию дағдысын дамыту. Сызу қабілеттерін арттыру, дамыту.
б) Тәрбиелік: Сызу құралдарымен еркін пайдаланып, ұқыпты, таза сызуға және шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке дамыту.
Сабақтың көрнекілігі, құралдары: Геометриялық фигуралар. Слайдтар, сызу құрал жабдықтары.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық, варианттық, логикалық жарыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаңа сабақ түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.
- Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.
- Жаңа сабақ түсіндіру.
- Сарамандық жұмыс.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Логикалық тапсырма(топпен жұмыс)
- Бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдерме балалар қане, сызу сабағына дайынбыз ба? Құрал жабдықтарымызды дайындайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы геометриялық денелерді жазықтықпен қию. Сабағымыздың мақсаты призма, пирамида, конус фигураларын жазықтықпен қию жолын үйренеміз. Үстінен, қырынан қарағандағы көріністерді шығарып аламыз.
- Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Енді өткен сабақтарымызды қысқаша қайталап өтейік.
Геометриялық қандай денелерді білесіңдер?
Жауап. Призмалар, пирамидалар, конус, қиық конус, шар.
Қандай проекциялаушы жазықтықтарды білесіңдер?
Жауап. фронтальV, горизантальH, профильдіW.
Проекциялардағы нүктелерді нелер арқылы табамыз?
Жауап. Проекциялаушы сәулелер арқылы
- Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.
Мына таблицаны сызып алыңдар
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Сызба құралдармен жұмыс істеуді. Үш көріністі проекциялау. Нәрсенің бетінде, қырында, бұрышында жатқан нүктелерді тауып алу.
Геометриялық денелерді жазықпен қию.
- Жаңа сабақ түсіндіру.
Әлемдегі жеті кереметіндегі, және басқа да керемет құрылыстардың слайдына назар аударыңдар.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Осы құрылыстардың барлығының пішіндері әр түрлі геометриялық фигуралармен жасалған. (Жеке-жеке тоқталып өту. )
Ал енді призманы жазықтықпен қию жолын қарастырайық.
Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма екіге бөлінеді. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған бөлігіне көңіл аударайық. Алғашқыда призманың табандары паралель еді, енді олар паралель емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады. Сондықтан оның төбелерінің проекциялары - А1, В1 және С1 нүктелері бір түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизанталь проекциясы призманың горизанталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол үшін А1, В1 және С1 нүктелері арқылы горизанталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3, В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз.
Пирамиданы табанына паралель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида дейді. Кішкентай пирамиданы алып тастағаннан кейін қалатын бастапқы пирамиданың бөлігін кескіндейік. Оның фронталь проекциясын салу қиын емес. Қимада пайда болған төртбұрыш ЕFMN пирамида табанына ұқсас; оның қабырғалары пирамида табанының қабырғалаларына паралель. Е және N нүктелерінің фронталь проекциялары Е1 және N1 нүктелері арқылы байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың горизанталь проекцияларын A 2 мен C 2 нүктелерін қосатын кесінді бойынан табамыз. Табылған Е 2 және N 2 нүктелері арқылы пирамиданың табан қырларының горизонталь проекцияларына паралел түзулер жүргізсек, олар В 2 мен D 2 нүктелері арқылы өтетін вертикаль түзуде қиылысады. Табылған қиылысу нүктелері F 2 мен M 2 қима төбелерінің горизанталь проекцияларын береді.
Конусты табанына паралель жазықтықпен қиюдың нәтижесінде қиық конус алынады. Жазықтық конусты кішкене конусқа және қиық конусқа бөледі. Оның фронталь проекциясы тең бүйірлі трапеция, ал горизанталь проекциясы бір центрден жүргізген екі шеңберден тұрады. Бұл шеңбердің диаметірі трапецияның табандарына тең. Техникада конус тәрізді тетік бөлшектерді жасауда және олардың сызбаларын салуда конустылық деген ұғым пайдаланылады. Конустылық деп қиық конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын бөлшекті атайды. Конустылықты К, қиық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек мына өрнекті аламыз.
Сызбада конустылық сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне оған паралель, не оның осьіне паралель болатын шығарма сөреге жазылады. Табанының сүйір бұрышын конус төбесіне қарай бағыттайды. Мысалы қиық конустың үлкен диаметрі D=40, бьиіктігі L=3
0 және конустылық K=1:3берілсін. Қиық конустың кіші диаметрін шығарып алуға болады. Шынында да
өлшем бірлігі.
- Сарамандық жұмыс. Ал балалар интерактивті тақтадағы 3 вариантқа қараңдар. Оқушыларды варианттарға бөлу. Әр топ өз 1, 2, 3 варианттар арқылы жұмыс жасайды.
- Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz