Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Табақ бетіне өрнек салу

Ақмола облысы, Степногорск қаласы
С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы -мектеп лицейі
Бейнелеу және сызу өнері пәндерінің мұғалімі Ементаев Тоқтар Тайжанович

Сабақтың тақырыбы: Табақ бетіне өрнек салу

Сабақтың мақсаты:
* Оқушының дөңгелек, шеңбер ішіне өрнек әлементтерін орналастыру шеберлігін шыңдау.
* Қылқаламмен өрнек әлементтерін орындауға үйрету.
* Шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын, өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру және қазақ халқының ұлттық қолөнерін насихаттау.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Қолданылатын құрал жабдықтар:
Табақтар, әр түрлі дөңгелек формалы ыдыстар, фотосуреттер, арнайы қағазға сызып көрсетілген көрнекі құралдар, гуашь, акварель бояулары, қылқалам, қарындаш т.б.

Әдіс тәсілдер:
* Сұрақ-жауап
* Топтық
* Ұжымдық
*
Сабақтың барысы
I. ұйымдастыру.
Сабақ шарты түсіндіріледі:
Сабақ мүғалімнің кіріспе сөзі арқылы басталады:
Мұғалім:
Бүгінгі сабағымыз <<табақ бетіне сурет салу>> тақырыбына арналады. Сабағымыз қызықты өту үшін сыныпты үш топқа бөліп, сайысамыз. Әр топқа берілген тапасырмалар бар. Сабақ 4 турдан тұрады.
І тур.
<<Ой жарыс>> деп аталады. Онда әр топ өздеріне алдын-ала берілген тапсырмаларды айтады.
II тур.
<<Білгенге-маржан>> теориялық тапсырмалар карточкалар арқылы тексеріледі.
III тур.
<<Кәне, жарысайық!>> 3-4 кезеңдер бойынша өрнек салу.
IV тур.
<<Бәйге>> деп аталады. Бұл турда суреттерін аяқтаған әр топтық оқушылары өз суреттерін қорғайды.
Мұғалім:
Сайысымызды қосымша турдан бастаймыз. Ол <<тансытыру>> деп аталады.
І топ. <<Өрнек қанаты>>
II топ <<Бүршік>>
III топ <<Айша бибі>>
Енді топтар өздерін таныстырып неліктен сол аттарды таңдағанын айтып берсін, өз белгілерімен таныстырсын.
Қосымша тур <<Таныстыру>>
І топ. <<Өрнек қанаты>>. Тобымыздың атын <<Өрнек қанаты>> деп алған себебіміз, мектеп қабырғасында білім алып, өнер үйреніп, үлкейіп, қанатымызды қатайтып өрнектай болып биікке ұшсақ деп армандаймыз.
Ітоп. <<Бүршік>>. Тобымыздың атын <<Бүршік>> деп атадық. Себебі, біз алғаш көктемдегі бүршік атқан гүлдей әсем де әдемі, сұлу болғымыз келеді.
III топ. <<Айша бибі>> <<Ою ойғанның ойы ұшқыр>> деп халық мақалында айтылғандай, біз <<Айша бибі>> атауымыз оюшы болсақ деп армандаймыз.
І тур. <<Ой жарыс>>
Ал енді оқушылар, өздерің алдын ала дайындаған тапсырмаларыңды ортаға салыңдар.
<<Өрнек қанаты>> тобы <<Ою-өрнектер>> туралы материалдар жинау
<<Бүршік>> тобы <<Ою - өрнектерді>> қолдану (Қазақ халқының қолөнерімен байланыстыру).
<<Айша бибі>> тобы қазақ халқының ыдыс-аяқтары жайлы мәлімет жинайды (оны ою-өрнекпен байланыстыру)
Жауаптар:
<<Өрнек қанаты>> тобының жауабы
Ою-өрнектер бірнеше түрге бөлінеді.
* Көк әлеміне байланысты өрнектер; Ай, айшық, жарты ай, жұлдыз, кемпір қосақ, күн шұғыла.
* Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер; айыртұяқ, арқар мүйіз, қошқар мүйіз, түйетабан, кұсқанат, өрнекмұрын.
* Құстарға байланысты өрнектер; қазмойын, қазтабан, кұсқанат, құсмұрын.
* Жер, су, өсімдіқ, гүл жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер: ағаш, гүл, жауқазын, ирексу, райхангүл, су, үзілмес, үшжапырақ, шиыршық.
* Қару - құралдарға байланысты өрнектер: айбалта, айыр, балдақ, қармақ, шынжыр.
6. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер: қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша, сүйір.
<<Бүршік>> тобының жаубы. Ою өрнектерді қазіргі кездегі тұрмыс салттық бұйымдардан кездестіреміз.
* Зергелік бұйымдарында; алқа, сақина, белбеу, білезік, жүзік, оймақ, қапсырма, шашбау.
* Киізден жасалатын бұйымдарда; аяқ-қап, кесе қап, түе киіз, шайнек қап, ірге киіз, сырмақ, текемет.
* Ұлттық киімдерде; көйлек, шапан, қалпақ, тақия, жаулық, кемешек, орамал, сәукеле, кебәс, мәсі, қамзол.
<<Айша бибі>> тобының жауабы: Қолөнердің ішінде кең тараған түрі ағаштан ойып ыдыс-аяқ жасау. Ағаштан ыдыс-аяқ жасайтын шеберлер көбінесе емен, қайың, үйеңкі, тал жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланған. Ыдыс-аяқтарды өрнектеп безендіру халық шеберлерінің талғампаздығын көрсетеді. Ыдыс, аяқтарды ағаштан басқа да материалдардан жасайды. Олар металл, фарфор, балшық, тас, қамыс, жүн, тері.
Ағаш ыдыстары; астау, күбі, қасық ожау, табақ, тегене, тостаған, шара, шөміш.
Металл ыдыстары; бақыр, қазан, қасық, леген, таба, тегеш, шәугім, шелек, шылапшық.
Фарфор ыдыстары; аққұман (шайнек), кесе, шыныаяқ.
Балшықтан; құмыра, кесе.
Тастан; тасқұман.
Қамыстан; мардан.
Жүннен; аяққап, дорба, кесеқап, қанар, қапшық т.б.
Теріден; жан торсық, саба, сүйретпе, қауға.
Оқушы ойлары тыңдалады. Білімдері түрлі жетондар арқылы бағаланады.

II тур. <<Білгенге маржан>>
* Топтарға карточкалар үлестіріледі. Онда бір-бір сұрақтар, теория қайталанады.
* Карточкадағы сұрақтар.
* Табақты жасау және өрнек салу кезеңдері.
* Өрнек салуда қолданылатын түстер түрлері.
* Табақты өрнектеуге қажетті құрал - жабдықтар .


Ұқсас жұмыстар
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп иесі
Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері
Қарындашпен сурет салу
Ою-өрнектер сыр шертеді
Ұлттық ою-өрнек қолданбалы сәндік өнері бойынша сабақтар кешені
Қаңылтырмен көркем безендіру
Ағашқа күйдіріп өрнек салу
Тарих зерттеуші
Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету
Пәндер