Вв дыбысы және әрпі. 1 сынып

Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,

Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу,

байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау

Қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегі ретінде

Көрнекілігі : В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,

суреттер, ертегіге қатысты суреттер

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн, қайырлы!

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінің айларын ата.
  • Бір аптада неше күн бар, бугін қай күн?
  • Дыбыс нешеге бөлінеді?
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • Дыбысты - естиміз, әріпті - жазамыз, көреміз, оқимыз.

Сабақты ертегі ретінде өткізу.

  • Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
  • Шалқан ертегісін кім айтып береді?
  • Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.

Атаның тапсырмасы . Өткенді қайталау.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
  • Һ
  • Һ дыбысы қандай дыбыс?
  • Дауыссыз дыбыс.
  • Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
  • Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
  • Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Мына буындардан сөз құрап оқыңдар.

А - на, та, ға, ю, сық.

Ба - ла, ға, тыр, уыр, лық.

  • Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
  • Ендеше көмекке кімді шақырамыз?

Әженің тапсырмасы . Жұмбақтар шешу:

  1. Темір тайым,

Тебінсем тоқтамайды.

Мінсем дайын,

Тамақты еш жоқтамайды. (велосипед)

  1. Үй ішінде бөлме,

Бөлме іші көлде.

Түрлі ұсақ балық,

Жүзді сайран салып. (аквариум)

Велосипед, аквариум сөздерін буынға бөлу.

  • Балалар мынау ненің суреті?
  • Ваза, вагон буынға бөлу
  • Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
  • В дыбысы - дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу)
  • Баспа түрі қай жерде кездеседі?Ал жазба ше?
  • В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

Немересінің тапсырмасы .

  • Ваза, вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Сергіту сәті.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау - менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Иттің тапсырмасы . Оқулықпен жұмыс.

Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазамыз.

  • Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
  • Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)

Мысықтың тапсырмасы .

Мына суреттерге сөйлем құрау. (ваза, аквариум, велосипед)

Тышқанның тапсырмасы . Ойын: Балапандарды ұясына апару.

  1. В дыбысы қандай дыбыс?
  2. Вокзал сөзін буынға бөл.
  3. Вагон сөзіне сөйлем құра.
  4. В әрпін тақтаға жаз.

Қорытынды.

  • Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
  • В дыбысы (кассадағы әріптерді оқытқызу)
  • Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындар туралы не білемін Э э дыбысы мен әріп
В в дыбысы мен әрпі
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Қазақ тілі. «к дыбысы мен әрпі»
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Ж дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Сабақтың соңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz