Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, білім - білік дағдыларын көрсету
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, білім - білік дағдыларын көрсету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаз қасиеттерін дамыту. Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қ.Р. - ң білімді азаматы мен азаматшасы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер, гүлдер, әліппе, ана тілі макеті, плакаттар, шарлар т.б.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені 1 <<Ғ>> сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз. Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ән - күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.
Бала деген, шіркін ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - aшып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!
Әли: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.
Дильназ: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Әділер: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Әмина: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Әріп сырын түсіндім мақтанамын. Әріп сырын үйреткен әліппемде, Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Хор: <<Менің атым - Әліппе>>
Мұғалім: Балалар біз осы төрт ай барысында не үйрендік?
* Оқуды
* Жазуды
* Есеп шығаруды
* Сурет салуды, бояуды
* Ән айтуды, ойнауды
* Денемізді шынықтыруды.
Мұғалім: Мектепке жылдың қай мезгілінде келдіңдер?
* Күз мезгілі
* Күз мезгілінің қай айында?
* Қыркүйек айы
* Алғаш мектепке келген күні сабақ қай пәннен басталды?
* Әліппе
* Алғаш қазақ балалары үшін әліппені кім жазған?
* Ыбырай Алтынсарин
* Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, соны тауып көріңдер?
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
* Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Олай болса өздерің алғаш рет қолдарыңа ұстаған Әліппені ортаға шақырайық.
* Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата - ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Мұғалім: Қош келдің, Әліппе, кел төрлет. Біздің сыныптың балаларының білімі мен өнерлерін тамашала. Қонақ бол.
Ән: <<Бала тілегі>> - Асылжан
Мұғалім: Әліппедегі барлық 42 әріпті танып білдік, ендеше осы әріптер әлеміне саяхатқа шығайық...
Алихан: Алфавитті жаттадық Онда жүйе, қалып бар, Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.
Мерей: Сан әріпті үйрендік, Бүгін бізге сеңіндер. Әріптер әлеміне, Саяхаттап көріңдер.
Шерхан: Алфавиттің А тұрады басында
Мерей: Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Еркебұлан: Байқадың ба Б тұрады үшінші.
Ал осының сыры неде түсінші:
А - деген ол аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты,
Б - деген ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппеге не айту керек.
* Рахмет, рахмет, рахмет.
Мұғалім: Әліппенің тойында,
Әркім құштар ойынға.
Әріптер сыр ашады,
Қыздар биге басады
Би: <<Папури>> - Айкүміс, Нұрай
Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
* Математика, дүниетану, ән күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру т.б.
* Ендеше, математикадан білімдеріңді тексеріп көрейін:
* Табақта бес алмаҚолымда екі алмаҚосқанда барлығы 7Болады неше алма?
* Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі, 5
Кәне, кім тез шешеді?
* Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек 8
Барлығы неше үйрек?
* Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда, 3
Қанша қалды дорбада?
Асылжан: Терең ғылым сананың Тегі деп ой саламын Маңызды етіп оқыңдар
Математика сабағын.
Адам: 1-дегенім бесік Шықтым содан өсіп.Айкүміс: 2-дегенім егін Далам, тауым, көлім.Дихан: 3-дегенім үміт Үміт жақсы жігіт.Сабина: 4-дегенім төзім Төзе білем өзім.Нұралы: 5-дегенім бақыт Бағалайтын уақыт.Аружан: 6-дегенім ақыл Тыңдағаның мақұл.Нұрдәулет: 7-дегенім жалау Жүректегі алау.Нұрай: 8-дегенім сөзім Серт беретін кезім.Мейіржан: 9-дегенім тоқтау Елдің жоғын жоқтау.Нұргелді: 10-дегенім Отан Қорға соны ботам.
Мұғалім: Ендігі кезек біздің көңілді жігіттеріміздің әзілдерін тыңдайық.
КВН - Әділер, Ералы, Әли, Еркебұлан
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата ана қуанышымызға ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын,
Ән бимен шашу шашылсын.
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.
Би: <<Үкілі қыз>> - Әмина, Мерей, Дильназ, Мерей, Аружан.
Әліппе: Балалар, мен сендердің білімдеріңді көріп ризамын. Енді мен кетейін.
Мұғалім: Балалардың саған арнаған өлең шумақтарын тыңдап кет.
Әмір: Қош бол құтты Әліппем Бар нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Толқындатып сөйлеттің.
Тілеуқабыл: Таныстырған 42-әріппен Қош бол менің қасиетті Әліппем Сенің арқаң оқи жаза білгенім Сауатты адам санатына кіргенім.
Мерей: Қош бол сүйікті Әліппем. Бәрімізді сүйіп өткен Балаларға үйреткен Әліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпен.
Хор: <<Рахмет саған, Әліппе>>
(Әліппе кетеді)
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр. Қарсы алайық.
* Балалар, бұл қонағымызды танисыңдар ма?
* Кім екен?
* Ана тілі
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
* Балалар, енді мені бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
* Ана тілі, кел төрлет. Біздің оқушылардың өнерін тамашала.
Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі өлең шумақтары аналар сіздерге арналады.
Ералы: Баланың да тірегі,
Ананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Құралай: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Ән: <<Сенің анаң алтын>> - Әмір, Дихан, Тілеуқабыл, Әли, Ералы
Мұғалім: Балалар, мынау кім?
* Санта клаус
* Ол қандай мерекеде келеді?
* Жаңа жылда
Санта клаус:
* Амансыңдар ма балалар, қалдарың қалай?
* Бұл жерде қандай мереке болып жатыр?
* Әліппемен қоштасу мерекесі
* Әліппемен қоштасып жатыр екенсіңдер, құтты болсын!
* Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ма?
* Ендеше мен сендермен бірге бір ойын ойнайын.
* Жақында қандай мереке болады?
* Жаңа жыл
* Дұрыс. Жаңа жылда кімдер келеді?
* Аяз ата, Ақшақар
* Тағы да жаңа жылда үйімізде, мектебімізде не болады?
* Шырша
* Ендеше мына жасыл шыршаның ойыншықтары әлі ілінбепті, осы шыршаны безендірейікші, ол үшін менің қойған сұрақтарыма шуламай дұрыстап жауап беріңдер.
Ойын: <<Шыршаға ойыншықтар ілу>>
* Қазақ тілінде неше әріп бар?
* Дыбыстар нешеге бөлінеді?
* Бір аптада қанша күн бар, оларды ата
* Табиғат нешеге бөлінеді?
* Қазақ тілінде қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар?
* Далада жүр 6 түйе,
Қосылды тағы 4 түйе,
Барлығы болды неше түйе?
* Айжанда болды 5 алмұрт,
Әселге берді 2 алмұрт,
Айжанда қалды қанша алмұрт?
* Дұрыс балалар, барлығың өте жақсы біледі екенсіңдер.
* Ал енді мен сендердің ата аналарыңмен бір ойын ойнап көрейін, олар қалай жауап береді екен, көрейік...
* Маған 3 ата - ана қажет. Мына жерде жатқан әріптердің кез келгенін таңдап алыңыздар.
* Енді мен сіздерге өз сұрақтарымды қоямын, ал сіздер жауаптарыңызды таңдаған әріптен бастап жауап бересіздер. Ал ендеше бастайык...
Ойын: ата - аналармен
* Сіздің атыңыз кім?
* Қай қалада тұрасыз?
* Балаңыздың сүйіп жейтін тағамы?
* Жұмысқа қандай машинамен барасыз?
* Балаңызды қалай еркелетесіз?
* Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзі қандай?
Санта клаус: Менің сұрақтарыма өте жақсы жауап бердіңдер, ендеше мен кетейін, жаңа жыл мерекесіне дайындалайын. Сау болыңдар!
Мұғалім: Құрметті ата аналар біздің сыныптың жігіттерінің орындауында шағын ғана көріністі тамашалаңыздар.
Көрініс: <<Бес саусақ>>
Мерей: Біз бірінші орта мектебінде, бірінші ғ сыныбында оқимыз. Біз бір үйдің баласындаймыз.
Мерей: Бас бармағың ата анаң,
Үлкендерден бата алған.
Еркебұлан: Балаң үйрек бауырың,
Ақыл қосар қауымың.
Мерей: Ортан терек нағашың,
Сол үйде өскен анашың.
Еркебұлан: Аты жоқ саусақ досьарың,
Жақсы болса қостағын.
Мерей: Кіші бөбек білімің,
Терең болсын ілімің.
Екеуі: Бес саусағың біріксе,
Текке кетпес уақытың.
Еркебұлан: Әкеп едім екілік,
Анам шықты жекіріп.
Мерей: Үш алдым деп кеп едім,
Әкем басын шайқады.
Еркебұлан: Алып едім төртті мен,
Әжем шықты күнім деп.
Мерей: Бес деп едім бүгін кеп,
Бәрі шықты күлімдеп.
Екеуі: Екіге көз жасыңды төккенше,
Беске теріңді төк.
Тыңдағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!
Мұғалім: Оқушылардың осы уақытқа дейінгі мектептегі күндерінен алып жасалған шағын ғана бейне баянға назар аударайық.
Слайд көрсету
Хор: <<Әрқашан күн сөнбесін>>
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым Әліппеден нәр алған даналарым Өзі оқып жазатын халге жетті Құтты болсын қадамы балалардың. Балалардың білімі құтты болсын Денсаулығы әрқашан мықты болсын Білімдерін әрі қарай дамытатын Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім сендердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын - дей отырып сендерге арнап алынған аздаған сыйлықты қабыл алыңдар.
(Сыйлықтарын тарату дипломмен бірге )
Бүгінгі кеш әр үйдің <<Той басы>> деп саналар Балалардың есімі әулеттерге таралар Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
* Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келіп отырғандарыңызға көп рахмет, осымен концертіміз аяқталды.
* Қош, сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz