Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Тапқыр достар. 7-сыныптар
Мұғалім: Сагиндикова
Сандугаш
Кадиргалиқызы
Сыныбы: 7 cыныптар
Ақтау қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп,
графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен
дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын
арттыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау
қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа,
компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS
Power Point-та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
Сайыс сабақ 10 кезеңнен тұрады. Сайысқа 2 топ қатысады.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас
өрендер!
«Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс
ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып
өтейік.
Сайыс сабағының бағдарламасы:
I. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)
II. «Келесі» ойыны (Сұрақтар қою)
III. Сөзжұмбақ шешу
IV. «Қатені тап» ойыны
V. Ребустар
VI. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)
VII. «Ойлан, тап!»
VIII. Кодтау
IX. Қылқалам сыры (Сурет салу)
X. Қорыту. (Топты марапаттау)
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ мүшелерімен таныс болыңыздар.
(Әділқазылар алқасының төрағасы және мүшелерімен таныстыру).
1- бөлім. «Таныстыру»
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді
оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен
таныстырады).
I. «Алғырлар» тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
II. «Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2- бөлім. «Келесі» ойыны.
«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді
іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне
сүйеніп, «Келесі» атты 2- бөлімді бастайық.
Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп
айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр
дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.
«Алғырлар» тобына:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
4. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
5. Масштаб құралының қызметі (суреттің үзінділерін үлкейту)
6. 1 байтта неше бит бар? (8)
«Тапқырлар» тобына:
1. Екілік жүйесінің сандары (0,1)
2. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Paint графикалық редакторның терезесінің элементтері (тақырып
жолағы, меню жолы, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер
палитрасы).
5. Жазу құралының қызметі (сурет ішіне мәтін орналастырады)
6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
3-бөлім. Сөзжұмбақтар шешу
- «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның
ойлы сөзімен келесі бөлімімізгекөшейік.
«Алғырлар» тобына:
1. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы (Принтер)
2. Дыбысты шығаратын құрылғы (Колонка)
3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы (Диск)
4. Модем не үшін керек (Интернет)
5. Компьютерді басқаратын құрылғы (Тінтуір)
| | | | | | | |П |р |и |н |т |е |р | | | |к |о |л |о |Н |к |А | | | |
| | | | | | | | | | |д |И |с |К | | | | | | | | | | | | |и |Н |т |е |р |н
|е |т | | | | | | | | | |т |і |н |т |у |і |р | |«Тапқырлар» тобына:
1. Ең ұзын клавиша.
2. Компьютерге мәтін жазу құрылғысы
3. Экранға ақпаратты шығаратын құрылғы.
4. Жазу құралының орысша атауы
5. Монитор, клавиатура, жүйелік блок, тінтуір - мұның бәрі
.................
деп аталады.
| | | | | | | |П |р |о |б |е |л | | | |к |к |л |а |в |и |А |т |у |р
|а | | | | | | | |м |о |н |И |т |о |р | | | | | | | | | | | |Н |а |д |п |и
|с |ь | | | |к |о |м |п |ь |ю |т |е |р | |
4- бөлім. «Қатені тап»
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол
әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
«Алғырлар» тобына:
1. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін
ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен
тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған
қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз
жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес
2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.
«Тапқырлар» тобына:
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол
әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді
іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді
пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті
қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.
Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды
сақтаймын
Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы
5- бөлім. Ребустарды шешу.
«Алғырлар» тобына:
[pic]
Жауабы: «Пайнт»
«Тапқырлар» тобына:
Жауабы: «Компьютер»
6- бөлім. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)
Берілген «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ» тізбегінен компьютер
терминіне байланысты сөздерді құрастыр. Бір әріп бірнеше рет қайталануына
болады. Екі топтың қайсысы көп сөз құрастырса, ұпай саны көбірек қосылады.
Мысалы; Файл, диск, форма, код, компьютер, колонка, мышь, курсор, т.с.
7- бөлім. «Ойлан, тап!»
Кестеде әріптер орналасқан, осылардан Paint графикалық редакторының
құралдарының атын оқи аламыз. Қай топ бірінші болып, барлық сурет салу
құралдарын тапса, сол жеңіске жетеді.
Жауаптары: өшіргіш, қарындаш, қисық сызық, құю, кисть, масштаб,
эллипс, бүріккіш, жазу.
8- бөлім. Кодтау
Тақтаға қазақ алфавиті ілінеді, берілген сөздегі әріптердің
алфавиттегі орын реті табылған соң, сол сандар қосылып, қосындыны екілік
санау жүйесіне аудару керек.
1. Файл; (Файл = 29 + 1 + 13+16 = ?10 = ?2)
2. Диск; (Диск =7+12+24+14 = ?10 = ?2)
3. Байт; (Байт =3 + 1 + 13 + 25 = ?10 = ?2)
4. Меню. (Меню = 17 +8 + 18+41 = ?10 = ?2
Бағалану сіздің алған жапырағыңыздың нөміріне байланысты.
9 - бөлім. Қыл қалам сыры» - сайысы. Берілген тақырып бойынша сурет
салу тапсырылады.
«Алғырлар» тобына:
1. Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін
сал.
Мына тақпақты жаз:
Ішінде-су,
Үстінде-бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.
«Тапқырлар» тобына:
1. Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
Мына тақпақты жаз:
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.
10 - бөлім. Қорыту.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын-
бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда
ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей сайыстарда өз білімімізбен
биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділқазыларда. (Марапаттау
рәсіміне кезек беріледі).
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 17 жыл ішінде Қазақстан Республикасының
«Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы
бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені
даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық
үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен
«Тапқыр достар» сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
-----------------------
4
5
3
2
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz