7-сынып. §16-17 Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары - сабақ жоспары

Сыныбы: 7 «А» Күні: Пән мұғалімі: Адамбаева Айгуль Омирсериковна

Сабақтың тақырыбы : §16-17. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың оқыту мақсаты : Материктің жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы сыни және рефлективті қатынас жасай алуға төселдіріп, шығармашылыққа жетелеу.

Міндеттері: - Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;

- мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы танымдық іс - әрекетке тарту;

- топтық жұмыстағы жауапкершілікті орнықтыру.

Қолданылатын модулдер: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бағалау, АКТ

Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ -жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.

Стратегиялар : «Блум таксономиясы», «Көпір», Венн диаграммасы, «Ой салу», «Ментальды карта», «Рефлексия»

Бөлімдері
Эпизод
Мұғалімнің іс -әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Ресурстар
Бөлімдері: Кіріспе
Эпизод: 7
Мұғалімнің іс -әрекеті:

Амандасу

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау

«Көпір»

Үй тапсырмасын пысықтау

Топтастыру

  1. баланы 3-топқа бөлемін.
Оқушының іс -әрекеті:
  1. Еуразияның ең биік нүктесі?
  2. Ең төмен жатқан нүктесі?
  3. Материк жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?

Оқушылар топқа бөлінеді.

Ресурстар: Суреттер
Бөлімдері:

Тұсаукесер

Эпизод: 10
Мұғалімнің іс -әрекеті:

Теория бойынша « Білу»

(тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Оқушының іс -әрекеті:

Еуразияның жер бедері алуан түрлі.

Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840м

Материктегі 14 шыңның абсолют биіктігі 8000 м-ден жоғары.

Ең биігі- Джомолунгма 8848м

Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м)

Ең ежелгі - Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары.

Еуразия литосфералық тақтасының соқтыңысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді.

Аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері - Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты.

Альпі -Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік - шығысына дейін созылып жатыр.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады.

Жер сілкіну орталықтарынан жан - жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар - цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі.

Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы - гейзерлер тән

Оңтүстіктегі Альпі - Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары шоғырланған.

Памир тауында материктегі ең ірі тау мұздығы Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан.

Ресурстар:

Қолдан жасалған материал

Атлас

Оқулық

Бөлімдері: Негізгі бөлім
Эпизод: 5
Мұғалімнің іс -әрекеті:

Теория бойынша « Түсіну»

(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)

Оқушының іс -әрекеті:

1. Неліктен Еуразия материгі пайдалы қазбаларға бай болып келеді?

Ж: себебі. Материктің даму тарихының ұзақтығы, жер қыртысы құрылымдарының күрделілігі.

2. Неліктен Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуді «Отты шеңбер» деп атайды?

3. Неліктен биік таулпардағы шыңдарын альпілік жер бедері деп атайды?

Ресурстар:

Таратпа материал

оқулық

Бөлімдері: 15
Эпизод:

Теория бойынша « Талдау»

  1. Салыстыр
  2. Айырмашылығы неде?
  3. Ұқсастығы неде?

Венн диаграммасы арқылы қамту

Мұғалімнің іс -әрекеті:

Венн диаграммасы арқылы Арабия және Үндістан түбектерінің пайдалы қазбаларын салыстырыңдар.

Арабия Ұқсастығы Үндістан

Оқушының іс -әрекеті:

Атлас

Ватман

флипчарт

Бөлімдері:
Эпизод:

Теория бойынша « Жинақтау»

(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны құрастыру тапсырмалары оқушының басты идеясына жазған жауабына қойылады)

Мұғалімнің іс -әрекеті: Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп, толтыру
Оқушының іс -әрекеті: Ватман
Бөлімдері:

Қорытынды

Эпизод: 5
Мұғалімнің іс -әрекеті: Практика бойынша: «Қолдану»
Оқушының іс -әрекеті: Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар.
Ресурстар:

Кескін карта

флипчарт

Атлас

Бағалау парағы

Бөлімдері: 3
Эпизод:

Рефлексия.

Эссе жазу

Мұғалімнің іс -әрекеті: Оқушылар сабақ барысында не ұнағанын, ұсыныстарын, пікірлерін жазады .
Оқушының іс -әрекеті: стикерлер

Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған видео-сабақ: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
7-сынып: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын бекіту сабағы (§12-13)
7-сыныптың сабақ жоспары: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары: сабақ жоспары
Ашық сабақ: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары (7-Б сынып)
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Қазақстанның жер бедері мен пайдалы қазбалары: сабақ жоспары
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
7-сынып географиясы бойынша сабақ жоспары: Солтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz