Қазақ тілін қадірлеу және тіл мәдениетін тәрбиелеу

Тақырыбы: Қазақ тілі - бай тілім

Мақсаты : Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, слайд, ойындар, қима әріптер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім : «Жан көріністерінің ең қымбаты-ой, ой тілі-сөз. Тіл -адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. »- деген Мағжан атамыз. Ендеше тіл туралы ойларымен бөлісу үшін ортаға балаларды шақырамыз.

1-оқушы : Тіл-халықтың тарихы, тіл- ұлттық қазына, тіл- біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

2-оқушы: Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.

Болашағым, бақытым, дара тілім.

3-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам-бір қолы жоқ шолақ адам секілді. » Ғабиден Мұстафин.

4-оқушы: Дәулет деген ұғыңдар!

Кеше бар да бүгін жоқ.

Тілің болса, үнің бар

Тіл болмаса, түгің жоқ.

5-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. » Ғабит Мүсірепов

« Ана тілін сүйемін» әнін орындау.

Слайдпен жұмыс. Тіл туралы нақыл сөздерді оқып беру, мағыналарын ашу.

Мақал -мәтелдерді айту.

  1. У ішсең ұлтыңмен,

Жұтасаң жұртыңмен.

  1. Өзін-өзі басқарған ел бақытты.

Өзін-өзі билеген ел бақытты.

  1. Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле.

« Кім шапшаң?» ойыны

Балаларды үш топқа бөлу. Қима әріптер тарату. Әр топ өзіне берілген қима әріптерден сөздер құрайды. (Отан, қазақ дос)

6-оқушы: Тіліңді үйрен күнде сен.

Ол іс деме жай ғана.

Өз тіліңмен жиренсең,

Өлім, қылмыс, надандық .

Барлығы хормен:

Ақ сүтіндей ананың,

Ана тілің- жан арың!

Мұғалім:

-Тіл- ата -баба аманаты. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан-балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы.

-Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, тіл-бесік жыры.

« Бесік жыры » орындалады.

8-оқушы:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

9-оқушы:

Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім-ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Бәрі қосылып:

Тілден биік асқар жоқ

Тілден асқан байлық жоқ

Тілден терең теңіз жоқ!

Қорытынды:

Мұғалім: Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді.

Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды

Тіліңсіз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.

-Ананың ақ сүтімен берілген ана тілімізді ардақтап, сүйе білейік.

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталады.


Ұқсас жұмыстар
Ана тілін қадірлеу және тіл мәдениетін нығайтуға арналған мектептік байқау-жоспары
Өз тіліңді құрметте: ана тілін қадірлеу және шешендік мұрасын таныту
Ана тілі және тіл мәдениетін тәрбиелеудің көркем-әдеби негіздері
Орта мектепте химиялық тіл және оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту
Буын ұғымы мен түрлері, Не деу керек өлеңі арқылы оқыту және тіл мәдениетін тәрбиелеу
Алтын дала сайысы: қазақ тілін дамыту және туған жерге сүйіспеншілік тәрбиелеу
Ана тілі - ұлттық байлық: мемлекеттік тілдің рөлі мен тіл мәдениетін дамыту
Тәрбие сағаты: Мемлекеттік тіл - менің тілім: ана тілін құрметтеу және дамыту
Жеті жұрттың тілін біл тәрбиелік сабағы: көптілділік, мемлекеттік тіл және патриотизм
Ана-жүрегім, тіл тірегім: ана тілін тәрбиелеуге арналған әдеби-сахналық кеш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz