Сабақ жоспары: Қазақ алфавитін тиянақтау

Тақырыбы: «Қазақ алфавиті» Білімді тиянақтау

Мақсаты: Қазақ алфавитінде 42 әріп бар екендігін және алфавит туралы ұғымдарын кеңейту;

Балаларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, ой - өрістерін дамытуға машықтандыру;

Таза, әдемі жазуға, ойын толық айта білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі : слайд, бейне баян, суреттер

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап - таза,

Бор да дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партаға.

  • Балалар, бізде ана тілі сабағы, керек құрал - жабдығымызды аламыз.
  • Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті жай сабақ емес, артымызда қонақтар отыр, яғни бүгін ерекше сабақ болмақшы. Сондықтан бар білгендеріңді қорықпай, жауап берулеріңді сұраймын. Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
  • Өткен сабақты пысықтау
  • Балалар, сендер балаларға арналған қандай журналдарды білесіңдер? Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Балдырған журналдарын білеміз, яғни алдағы уақытта осы журналдарды алып оқимыз. Сендерге арнап қызықты әңгімелер, өлеңдер, суреттер т. б жарияланады, сабағымызды пысықтамас бұрын бүгінгі«Білім журналының»бетін парақтай отырып өтпекпіз.

Олай болса, журналымыздың 1-ші беті: «Алфавит» қарияның ауылында. Мен сендерге өткен сабақты пысықтау мақсатында сахналап келуге үйге тапсырма берген болатынмын.

Мұғалім: Өте ерте заманда «Алфавит» деген ақылды, білімді қария болыпты. Бір күні ел аралап келе жатса, әдемі әннің әуенін естиді. Жақындап келсе, 1 қызыл үйді көреді. Әр үйден жаңағы әннің әуендері естіледі ( а, о, ұ, ө, ү, е )

Хормен: «Біз дауысты дыбыс әріптерміз»

Алфавит қария: Сендердің дауыссыз дыбыс екендеріңді білдім. Енді бұдан былай сендер бір көшенің тұрғындары боласыңдар.

Хормен: Сіз енді біздің патшамыз «Алфавит» қария боласыз

Алфавит қария: жарайды, олай болса, бәріміз бірге өмір сүреміз.

Хормен: Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар . (слайдтан алфавит көрсетіледі)

Мұғалім: Міне, балалар, Алфавит қария дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір қалыпқа келтіріп рет - ретімен орналастырыпты, қане, балалар, осы алфавитті кім маған жатқа айтып береді

Үй тапсырмасын сұрау: Алфавитті жатқа сұрау

Алфавит дегеніміз не? Әріптердің орналасу ретін айтамыз.

Осы алфавит сөзін буынға бөліп көрейікші Ал-фа-вит 3 буын

  • Неге үш буын?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге жуан, жіңішке
  • Жұп дауыстыларды атау а-ә, ы-і, ұ-ү, о-ө.
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3- ке, қатаң, ұяң, үнді мыс: п, н, б
  • Қар сөз бе, сөйлем бе? Неше әріп, неше дыбыс? Аю сөзі неше әріп, неше дыбыстан тұрады? Неге?

Журналымыздың 2-ші беті: «Оқулықты аш, әдемі етіп жаз» деп аталады.

Оқулықпен жұмыс 29 беттегі 23 жаттығуды орындау

  • Кісі аттарын алфавит ретімен жаз:

Асылтай, Әлия, Болат, Гүлнар, Ғалия, Дәулет, Еркебұлан, Қайрат, Ораз, Сәуле.

25 - жаттығу:

Ауыздық, жүген, қамшы, құрық, таға, тізгін, үзеңгі . ( слайдтан бейнеролик көрсету және слайдтан суреттері көрсетіледі )

Мағлұмат беру:

  1. Қамшы- атқа мінгенде ұстайтын, атты айдап жүргізетін құрал.
  2. Жүген- ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады.
  3. Құрық- басында жібі байланған ағаштан жасалға құрал, асау аттарды, яғни ұстатпай жүрген аттарға, биелерге пайдаланатын құрал
  4. Таға- аттың тұяғы тозбау үшін және табаны таймау үшін тұяғына тағылатын темірден жасалған құрал
  5. Ауыздық- жүгеннің арасына бекітілген жылқы аузына кигізілетін бөлшегі

Сергіту сәті: би билету

Журналымыздың 3-ші беті: «Әдеби мәтін» деп аталады

  • «Боз бие»өлеңін мәнерлеп оқу
  • Мұғалімнің оқуы ( слайдтан суреттерін көрсету)
  • 1 оқушыға толықтай оқыту
  • Тізбектей оқыту
  • Сұрақ - жауап: Жылқы төлі не? Жылқы атасы кім?

Қорытындылау: Сонымен, біз бүгінгі сабақта сендермен толықтай алфавитті қайталадық. Жаттап келген мақал - мәтелдерімен сабақты аяқтау.

* Арық атқа қамшы ауыр.
* Жақсы аттың тісін ашпа.
* Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді.
* Жақсы ат - жанға серік.
* Атың жемқор болса, берді құдай, Қатының жемқор болса, ұрды құдай.
* Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
* Ат мінбеген атқа мінсе, шаба-шаба өлтірер, Тон кимеген тон кисе, сілке-сілке тоздырар.
* Қара арғымақтан жал кетсе, қарға адым жер мұң болар.

Бағалау

  1. Оқулық
  2. Білімді тиянақтау
  3. Сабақ мақсаты
  4. Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Балдырған журналдары
  5. Білім журнал

Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сөйлем тақырыбын жалпылау және тиянақтау
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағы: болымды және болымсыз етістіктерді тиянақтау
4-сынып қазақ тілі: қыстырма сөздердің сөйлемдегі мағыналық реңктерін тиянақтау
Интерактивті тақта арқылы 4-сынып қазақ тілінен сөйлем туралы білімді тиянақтау
Бастауыш сыныпта математикалық білімді тиянақтау: банк ойыны негізіндегі сабақ жоспары
5-ке көбейту және бөлу: бастауыш сыныптарда білімді тиянақтау сабақ жоспары
4-сынып математикасы: Білімді тиянақтау - әдістемелік сабақ жоспары және бағалау тапсырмалары
2 А сыныпқа арналған математика сабағы: Білімді тиянақтау (Өткенді пысықтау) сабақ жоспары
Қазақстанда мемлекеттің пайда болуы мен дамуын тиянақтау сабағы
Солтүстік Америка материгіне саяхат: білімді тиянақтау және жүйелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz