2-сынып математикадан кестелік қосу мен азайтуға арналған бақылау жұмысы

Мұғалімі: Өксікбай Гүлбақыт Тұрмағанбетқызы

Ақтөбе қаласы, №2Жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы

Пәні: Математика

Класы: 2 «Ә» класы

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

а) Математика сабағында оқушылардың логикалық ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ә) Ж аңа тақырыптың мазмұнын ашу, білімдерін кеңейту, білімдерін тыянақтау.

б) Ш апшаңдыққа, тазалыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ міндеттері: Оқушыларға білімділік пен біліктілікті ұштастыра білуін үйрету. Пәнге, тақырыпқа қызығушылықтарын, белсенділіктерін қалыптастыру. Адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қалыптастыру.

Сабақ типі: Білімді бекіту.

Сабақ әдісі: Ауызша, жазбаша.

Сабақтың түрі: бақылау

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй тапсырмасына шолу жасау.

3. Өткен сабақты пысықтауға берілген есептерді шығара отырып, білімдерін кеңейту .

Теңдіктер құрастыру, есептепді шығар, сызбаны орында, салыстыр сурет және өрнектер бойынша есептер құрастыр, теңдеуді шеш сияқты есептерді орындату. Бестік бағаға үлгеріп, аяқтаған балалар №1 жұмыс дәптерінен қосымша есептер шығарады.

4. Дәптермен жұмыс .

№2 бақылау жұмысы

(Кестелік қосу және азайту, есептер шығару)

  1. Есепте.

7+5= 14-7= 5+9= 11-8=

8+3= 18-9= 6+8= 12-5=

  1. Есепті шығар.

Себеттен 8 алма алынғанда, онда тағы 9 алма қалды. Бастапқыда себетте неше алма болған?

  1. Есепті шығар.

Дәулеттің 14 медалі болды. Ол оның бірнешеуін інісіне сыйлағанда, өзінде 6 медаль қалды. Дәулет інісіне неше медаль сыйлады?

  1. Өрнекті жазып, оның мәнін тап.

8-бен 4-тің қосындысынан 10-ды азайт.

12-мен 6 сандарының айырмасына 4-ті қос.

  1. Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін, одан 4 см қысқа КМ кесіндісін сыз.

Математикадағы ережеге сүйене отырып, есептетуге дағдыландыру.

5. Сабақты бекіту . Өтілген сабақпен байланыс жасай отырып, сабақты бекіту ұсынылады.

Өлшем бірліктерінің атауларын атайықшы, кәне?

Мәтін есептерден мысал келтіру арқылы да, сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, бекітуге болады.

6. Қорытындылау. Үйге тапсырма. Қайталауға арналған есептер шығарып дағдылану. Сонымен бірге өз-өзін бағалай білу үшін өз қателерін табуға, қатемен жұмыс жасауды үйден ата-ананың көмегімен орындап дағдылауға да болады.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып математика: Кестелік қосу және ондықтан аттап қосу тәсілдері
Өтілген тақырыптар бойынша математикадан бақылау жұмысы
Жазбаша қосу және азайтуға арналған 2-сынып математика сабақ жоспары
2-сынып математикасы: 8 санын қосу және азайтуға арналған сабақ жоспары
1-сынып математика: кестелік қосу және ондықтарды қосу мен азайту
2-сынып математикасы: Кестелік қосу және азайту амалдарын қайталау және білімді бекіту
2-сынып математика: Кестелік қосу мен азайтуды қайталау - 100-ге дейінгі сандар мен өрнектерді меңгерту
5-сыныпқа арналған математикадан бақылау диктанты
7-сынып, 1-тоқсан - Компьютер негіздері (2-нұсқа) бақылау жұмысы
6-сыныпқа арналған математикадан бақылау жұмыстарының толық жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz