Әзіліміз жарасса мектепішілік өнер сайысының бағдарламасы

D:\фото\Нуржан\сканер фото\1.jpg Хамзин Нұржан Әлімжанұлы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аралбай ауылы Жангелдин орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Әзіліміз жарасса!»

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! " Әзіліміз жарасса " атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Армысың жиылған мол қауым

Көбейсін мерекең күн сайын

Қошемет құрметпен ашайық

" Әзіліміз жарасса " байқауын

Олай болса сайысқа қатысушы 4 команданы ортаға шақырайық. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

  1. Сықақ оқу,
  2. Би (қазіргі заманғы )
  3. Танымал адамдардың бейнесін салу,
  4. Вальс,
  5. Сұрақтарға жауап беру

Әділдікпен баға берер сайысқа

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Шын жүйрікті бүгін таңдап алуға - деп қазылар алқасын сайлап алайық

  1. Әр ойдан көрермендер тыс қалмайық

Командаларды қатысушы қарсы алайық

Сықақ айтып сынасқан бұл топтардың

Өнеріне бәріміз тамсанайық -( 4 командадан 1 оқушы шығып сықақ оқиды. )

  1. Бишілерім кел бері

Ортаға шық ілгері

Мың бұралып билеңдер

Жастық шақтың гүлдері - дей келе 2 бөліміміз биге береміз ( әр команда би билейді)

  1. Танытатын қатысушы жастарды

Сөз сөйлейтін кез де керек астарлы

Бәріңізге сәттілік тек тілейміз

Бейне салу уа, жарандар басталды - деп 3 бөліміміз танымал адамдардың бейнесін салуға кезек береміз.

  1. Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде

Тал шыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде -деп 4 бөлім вальс биін тамашалаңыздар.

  1. Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Жеңістің мынау шыңына -деп 5 бөліміміз сұрақтарға жауап берейік. ( әр топқа сұрақ қойылады )

Өнеріңді саралап

Төрелігін айтатын

Әділ баға беретін

Әділ қазы алқасын

Шақырайық ортаға

( Жеңімпаз топтар анықталып, барлық команда марапатталады. )


Ұқсас жұмыстар
Анашым-ақылшым мектепішілік отбасылық өнер сайысының сценарийі
Мектепішілік Информатика әлемінде білімділік сайысының бағдарламасы
Өнерлі елдің өресі биік: мектепішілік өнер сайысының мақсаты мен ұйымдастырылуы
Тапқыр болсаң, озып көр сайысының мектепішілік өткізу бағдарламасы
Мектепішілік Озық ойлы оқушы сайысының бағдарламасы мен өткізу жоспары
2015 жылғы Жыл оқушысы мектепішілік сайысының мақсаты, шарттары және бағдарламасы
7-10 сыныптар арасындағы Қолқа шешендік өнер сайысының бағдарламасы
Саға негізгі мектебіндегі Спорт біздің досымыз мектепішілік спорт сайысының өткізу бағдарламасы
Күз ханзадасы мен ханшайымы: мектептегі күздік білім-өнер сайысының бағдарламасы
Ең үздік тарихшы мектепішілік тарих сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz