7 - сыныпқа модуль сабақтар жоспары

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.

Заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.

Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді

Модульдік технологияның гипотезасы:

Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.

Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. [4]

Нәтижесінде:

  • Тарих пәнінен білім сапасы жоғарылайды;
  • Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;
  • Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.

Практикалық тиімділігі:

Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.

Модульдік технологияның мүмкіндігі:

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
  2. Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.

  1. Оқушылар еркін сөйлеседі.
  2. Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.
  3. Оқушылардың белсенділігін арттырады.
  4. Оқу мотивациясы артады.
  5. Неғұрлым аз шаршайды.

Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.

7 - сыныптағы Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәніне арналған оқу модульдерін назарларыңызға ұсынамын.

7 - сынып.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (68 сағат)

Тақырыбы
Бөлінетін уақыт
№:
Тақырыбы: Кіріспе
Бөлінетін уақыт: 1 сағ
№: Модуль № 1
Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер
Бөлінетін уақыт: 7 сағ
№: Модуль №2
Тақырыбы: VI - IX ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті
Бөлінетін уақыт: 5 сағ
№: Модуль № 3
Тақырыбы: Орта орта ғасырлық кезеңде Қазақстан территориясында мемлекеттердің құрылуы
Бөлінетін уақыт: 4 сағ
№: Модуль №4
Тақырыбы: Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы
Бөлінетін уақыт: 4 сағ
№: Модуль № 5
Тақырыбы: Х - ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Бөлінетін уақыт: 7 сағ
№: Модуль № 6
Тақырыбы: ХІІІ - ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Бөлінетін уақыт: 10 сағ
№: Модуль № 7
Тақырыбы: ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер, қазақ ұлтының қалыптасуы және ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Бөлінетін уақыт: 6 сағ
№: Модуль № 8
Тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы
Бөлінетін уақыт: 3 сағ
№: Модуль № 9
Тақырыбы: Қазақ мемлекетінің ХVІ -ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі
Бөлінетін уақыт: 5 сағ
№: Модуль № 10
Тақырыбы: Қазақ мемлекетінің ХV -ХVІІ ғасырлардағы әлеуметтік -экономикалық дамуы
Бөлінетін уақыт: 4 сағ
№: Модуль № 11
Тақырыбы: ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
Бөлінетін уақыт: 4 сағ
№: Модуль № 12
Тақырыбы: ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бөлінетін уақыт: 7 сағ
№:
Тақырыбы: Қорытынды қайталау
Бөлінетін уақыт: 1 сағ

Модуль № 1 Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер

(7 сағ)

Бөлімі
Бөлінетін сағат
Сабақтың мазмұны мен түрі
Уақыты
Бөлімі: Кіріспе
Бөлінетін сағат: 1 - ші сабақ
Сабақтың мазмұны мен түрі:

1. Модульдің құрылымы мен мақсат - міндеттерімен таныстыру

2. Тірек - сызба арқылы тақырыпты түсіндіру

3. Дәптермен жұмыс

4. Қорытынды. Үйге тапсырма

Уақыты:

5 мин

15 мин

20 мин

5 мин

Бөлімі: Сөйлесу бөлімі
Бөлінетін сағат: 2 - ші сабақ
Сабақтың мазмұны мен түрі:

Оқу материалын меңгерту

1. “Қарлы кесек” ойыны

2. Қорытынды. Үйге тапсырма

Уақыты:

40 мин

5 мин

Бөлімі: 3 - ші сабақ
Бөлінетін сағат:

Білім - іскерлік дағдыларын дамыту.

1. “Мерзімдерді жатқа айту” ойыны

2. Карточкамен жұмыс

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақтың мазмұны мен түрі:

25 мин

15 мин

5 мин

Бөлімі: 4 - ші сабақ
Бөлінетін сағат:

Білім деңгейін пысықтау

1. “Сиқырлы сандықша” ойыны

2. “Қатені тап” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақтың мазмұны мен түрі:

20 мин

20 мин

5 мин

Бөлімі: 5 - ші сабақ
Бөлінетін сағат:

Білім - іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

1. “Аукцион” ойыны

2. “Жарысты жалғастыр” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақтың мазмұны мен түрі:

25 мин

15 мин

5 мин

Бөлімі: Қорытынды бө лімі
Бөлінетін сағат: 6 - шы сабақ
Сабақтың мазмұны мен түрі:

1. Тест

2. Тарихи сынақхат

Уақыты:

30 мин

15 мин

Бөлімі: 7 - ші сабақ
Бөлінетін сағат: Сынақ
Сабақтың мазмұны мен түрі: 45 мин

Білімдік мақсаты: Қазақстан жерінде алғаш пайда болған мемлекеттік

құрылымның негізгі кезеңдерімен, түркі тілдес

халықтардың тарихымен, әлеуметтік-экономикалық,

мәдени дамуымен таныстыру ;

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға,

оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан - жақты дамыту. Олардың тарихқа, халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту ;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қазақ мемлекеттілігінің бастау бұлағы -

түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мағлұмат бере отырып,

отаншылдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Оқушылар нені білу керек:

- қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

- тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;

- қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т. б),

- орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін.

Оқушылар нені меңгеру керек:

- тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;

- мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;

- хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;

- тарихи мәтіннің толық жоспарын жасауы;

- орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;

- орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;

- Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;

- орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;

-Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. М. М. Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы, 2002 ж
  1. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”
  1. М. М. Жанпейісова, А. Ш. Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
  1. М. Қани “Қазақтың көне тарихы”
  1. Л. Гумилев “Көне түркілер” Алматы “Білім” 1994

6. Т. Жұртбаев “Дулыға” 2 - том. Алматы “Білім” 1994

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Қазақстанның ежелгі қалалары
  1. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
  1. Түркі қағанаты

Негізгі ұғымдар:

Түркі қағанаты, теле, Бумын, “он - оқ бұдун”, Күлтегін, Тоныкөк, қаған, ябғу, шад, елтебер, түркеш, Сұлу, соғдылар, арабтар, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар.

1 - сабақ

Сабақ жоспары:

Кіріспе § 1 Түрік қағанаты

§ 2 Батыс түрік қағанаты

§ 3 Түргеш Қағанаты

§ 4 Қарлұқ қағанаты

§ 6 Оғыз мемлекеті

§ 7 Қимақ қағанаты

Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер

(Лекция тезистері, тірек - схемалар)

Жоспар:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.
  2. Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы.
  3. Әлеуметтік - саяси жағдайы.
  4. Мәдениеті

.

+

Мемлекеттік басқару жүйесі

Қоғамдық құрылысы

Көшпелі халықтардың әскери жүйесі

Әскери дайындық, байқау өткізу

Майданда әскери шеп құру, айқасты жүргізу

тәсілі

Соғыс жүргізу, қорғаныс жүргізу тәсілі

Әскери марапаттау, атақ беру жүйесі

Батырлардың жекпе -жегін өткізу әдістері

Қарулардың жеке түрлерін иқолдану

тәсілдері

Әскерді қаржыландыру, т. б .

Сөйлесу бөлімі 2 - сабақ

“Қарлы кесек” ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқытып, бір - біріне түсіндірту арқылы тақырыпты меңгерту

Ойынның шарты: Оқушылар өз еріктерімен “А”, “Б”, “В”, “Г”, “Д” сілтемелері көрсетілген топтарға бөлініп отырады. Әрбір оқушының отырған столына сәйкес нөмерлер беріледі (мысалы: “А” столына сәйкес А - 1, А - 2, А - 3, А - 4, А - 5) және осы көрсетілген нөмерлеріне сәйкес бағыттау парақтары беріледі. Осы бөлінген столдарға мұғалім оқу материалын жинақтап топтарға бөліп береді де, топ ішінде дайындалуға арнайы уақыт бөлінеді (оқу материалының көлеміне сәйкес берілетін уақытты мұғалім өзі белгілейді) . Берілген дайындық уақыты өткеннен кейін мұғалімнің берген командасы бойынша оқушылар бағыттау парағында көрсетілген столдарға орналастырылып, мұғалімнің нұсқауымен 1 - тур басталады. Бұл турда оқушылар бағыттау парағында көрсетілген ретпен өздерінің дайындалған тақырыптары бойынша басқа топтың оқушыларына түсіндіреді. Осындай кезекпен топтағы барлық балалар рет - ретімен түсіндіріп болған соң, әрқайсысы өз бағыттау парақтарына ең жақсы түсіндірген оқушының нөмерін белгілейді. (Оқушылар өзін немесе 2-3 оқушыны қатар белгілеуге болмайды) . Уақытты бақылап отырған мұғалім 2 - турды хабарлайды. Бұл турда оқушылар басқа құрамда кездесіп, 1 - турдағы жұмысты қайталайды. Келесі турлар осындай жүйемен өтеді. Барлық тур аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың бағыттау парақтарын жинап алып, нәтижелерін жалпы жинақтау парағына түсіріп, ең көп ұпай жинаған топты және оқушыны анықтайды.

Тапсырмалары: “А” тобы § 1-2, “Б” тобы § 3-4, “В” тобы § 5-6, “Г” тобы § 7-9

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-7 оқып, дайындалып келу

3 - сабақ

“Мерзімдерді жатқа айту” ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушыларға оқу материалын меңгерту және есте сақтау қабілетін дамыту

Ойынның шарты: Жүргізуші оқушылардың екі командаға бөлінуін өтінеді.

- Енді мынадай жарыс өткіземіз. Барлығыңыз оқу мәтінін мұқият қарап шығып, сосын оны есте жаңғыртып, жатқа айтасыздар. 1-ші сөзді барлығыңыз жаттап қалатын шығар деп ойлаймыз, ал әрі қарай - кімнің қаншаға шамасы келеді.

Мәтінді оқып шығып, есте сақтап қалуға 1 минут қана беріледі.

Содан кейін жарысқа қатысқысы келгендер шығады. Алдымен команданың бірінші ойыншысы мәтінді жатқа айтады, ал басқалары ол тоқтап немесе дұрыс айтпай қалғанға дейін мәтін бойынша қадағалап отырады да, уақытын белгілейді. Одан кейін екінші команда ойнайды. Бұдан әрі ойын осы тәртіппен жүреді. Қателескен жағдайда тоқта бұйрығы беріледі.

- Міне, қызық! Кімнің есте сақтау қабілеті мықты екен?

Жүргізуші қорытынды жасайды. Неғұрлым көп сөз, әсіресе мерзімдерді жатқа айтқан оқушы жеңіске жетеді.

Берілетін мәтін:

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603ж.

қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды.

Жегуй қаған (610-618 жж. ) мен оның інісі - Түн-жабғы қаған (618-630 жж. ) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. . Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді. Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын

басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985 ж. оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады

ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті.

Карточкамен жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың білім - іскерлік дағдыларын дамыту

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу

4 - сабақ

“Сиқырлы сандықша” ойыны

Ойынның мақсаты: Білім деңгейін пысықтау

Ойынның шарты: Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды: 5 балл, 4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар.

«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен (билеттермен) толтырылады, олардың саны оқушы санынан артық болады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе

бойынша тиісті бағасын алады (берілген ақпараттың мәнділігіне қарай) .

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.

«Сиқырлы сандықшаның» сұрақтары:

1 ұпайлық сұрақтар

  1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
  2. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
  3. “Теле сөзінің мағынасы?
  4. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?
  5. Бумын елді қай кезеңде басқарды?
  6. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
  7. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
  8. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф”деген атақ берген қаған?
  9. Батыс Түрік қағанатында яғбу, шад, елтебер атағы кімдерге берілген?
  10. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған?
  11. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар?
  12. Түркеш қағанатының мерзімі?
  13. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны?
  14. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған?
  15. Атлах шайқасынан кейін 756жылы Түркеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алған тайпа?
  16. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан?
  17. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған?
  18. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші?
  19. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?
  20. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты?
  21. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші?
  22. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
  23. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан?
  24. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған?
  25. Оғыздардағы тайпалар саны?
  26. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа?
  27. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін?
  28. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ?
  29. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы?
  30. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет?

4 ұпайлық сұрақтар

  1. Түрік қағанатының алып жатқан аумағын картадан көрсет
  2. Түрік қағанатының ыдырауына не себеп болды?
  3. Батыс Түрік қағанатының жерін картадан көрсетіп, қай елдермен шектесетіні туралы айтып бер
  4. Қағанаттың әлсіреуіне не себеп болды?
  5. Түркеш қағанатының жерін, орталығын картадан көрсет.
  6. Түркеш қағандығы сыртқы саясатында қандай бағыттар ұстанды?
  7. Оғыз мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай елдермен жақсы қарым- қатынаста болды?
  8. Қимақ қағанатының сыртқы саясаты туралы айт

5 ұпайлық сұрақтар

  1. Түрік қағанаты аумағы үлкен болса да күшті мемлекет бола алмау себебі неде?
  2. Түрік қағанатының Батыс, Шығыс бағыттағы жорықтары туралы айтып бер. Қағанаттың әлеуметтік жағдайына қатысты өз түсінігіңді айт.
  3. Соғдылардың Жетісуға қоныстануының қандай себептері болды.
  4. Қарлұқтардың арабтармен соғысы кезеңдерін сипатта.

“Қатені тап” ойыны

Ойынның мақсаты: Білім деңгейін пысықтау

Ойынның шарты: Сынып топтарға бөлінеді, әрбір топ тапсырма алады:

1) бір сурет салып, онда 1-2 қате жіберу керек (нені бейнелейтіні оқу материалының тақырыбына байланысты) ;

2) мәтін құрастырып, онда бірнеше сөз тастап кету немесе алмастыру, мүмкін, тіпті мәтін бойына таратып шашу керек.

Жұмыс 15-20 минутқа созылады.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу

5 - сабақ

“Аукцион” ойыны

Ойынның мақсаты: Білім - іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның шарты: Жүргізуші өтілген тақырып

(оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет.

Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды,

жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз

болады.

«Аукцион» сұрақтары:


Ұқсас жұмыстар
Тізбектелген сабақтар
Модуль 1 Адам . Ақпарат. Компьютер. 5 сағат
Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. бұйымдарды жасау схемасы
Техникалық қауіпсіздік ережелері
ІІІ топ
Жақсылықтан жақсылыққа
Мектептегі тәжірибе кезіндегі желілік қауымдастықты құру жоспары
Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты
Оқушы әрекеті
Көгершін тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz