Сабақ жоспары :: Ағылшын тілі
Файл қосу
Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігі
«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі сабақтарында ойын
технологиясын пайдаланудың
тиімділігі
Дайындаған: Аулетова Л.С.
Жетібай – 2011 ж
Мақсатым:
Ойын әдістерін қолдана отырып, нәтижеге қол жеткізу.
Міндетім:
• Оқу материалдарының мазмұнына қарай оқушылардың ынтасы мен
белсенділігін қалыптастыратын ойындарды енгізу.
• Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
• Оқыту процесінде оқушылардың әртүрлі қабілеттерін дамыту және жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінгі күннің біздің алдымызға қойып отырған мақсаты –
балаларға тиімді де нәтижелі білім беріп, адамгершілік қасиеті
мол отаншыл азамат тәрбиелеу үшін жұмыс тәсілдерінің жаңа
түрлерін қолдану, сабақты балалар үшін есте қаларлықтай
қызықты ойын-сауықтар, сайыс құру арқылы өткізу, балалар
тәрбиесінде имандылық, ізеттілік, үлкенді сыйлау сияқты
адамгершілікке баулитын сабақтарды, сонымен қатар қисынды
ойлау тақырыбына қатысты дидактикалық сабақтарды
ұйымдастыру.
Балалық шақтың ең әуес нәрсесі – ойын. С. Торайғыровтың «Ойын –
балалар үшін тамақтан да қымбат» деп айтқанындай, балалардың қызығушылығын,
ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру үшін – танымдық ойындар мен дамыту
жаттығуларын жүргізудің маңызы зор. Сондай-ақ, ойын баланың психикалық
дамуына, яғни не нәрсені болмасын, жақсы түсініп, есте сақтай алуына,
тілінің дамуына да жағдай туғызады.
Ағылшын тілі сабағын оқушыларға қызықты етіп өткізу үшін ойын сабағын
қолданамын. Сабақта қолданылатын ойындар:
• Фонетикалық ойындар
• Әріптерге байланысты ойындар
• Оқу ережесіне байланысты ойындар
• Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар
• Грамматикалық ойындар
• Сан есімге байланысты ойындар
Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп
өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.
Мысалы:
Aa – apple
Bb – book
Cc – cake
Dd – doll
Ee – ear
Ff – face
Сонымен бірге әрбір әріпті дұрыс қатесіз түзу жазу да осы бастауыштан
басталады. Ол үшін арнайы дәптер арнаған дұрыс, сонымен қатар әр әріпті
тақтаға мұқият жазып, оқушылардың сол әріпті қалай жазып жатқанын тексеріп
отыру керек.
Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту,
оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай
жалғастырып оқып қызығуы үшін оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы
болып өткен жөн. Оқушылар ағылшын пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды,
мұның өзі мұғалім мен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын
іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек
процестерін суреттеу, еңбек, білім, ғылым озаттары, табиғат, туған ауыл,
қала туралы әңгімелеу, т.б. жатады.
Мектепте шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды шет ел тілінде
сөйлеуге үйрету. Шет ел тілін уйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз
мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өтілсе, білім мазмұнының
сапасы артпақ.
Бұл кезеңде оқушылардың сабаққа қызығуын жойып алсақ, олардың тілді әрі
қарай меңгеруі қиынға түседі.
Сабақта оқушылар бірыңғай көп жазудан, оқудан жалығады. Сондықтан сабақ
арасында ойын элементтерін сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыруға, ойлау
қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге
материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда өз сабақтарымда қолданып
жүрген ойын түрлері мен элементтеріне тоқталмақпын. 2-сыныпта тілді
үйретуде көзделетін негізгі міндет ағылшын тілінің 26 әрібін толық
меңгерту. Осы алғашқы алфавитті үйрену кезеңінде мына ойынды қолдану
тиімді:
Who knows ABC best?
Оқытушы алдын-ала дайындаған әліпбидің әріптерін жеке-жеке кесіп
араластырып қояды. Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып әріптерді қателескенше
кезекпен айтуы керек. Қанша әріп дұрыс айтылса немесе оқылса топ сонша ұпай
жинайды.
Дыбыстарды қайталау барысында оқушыларға мына ойынды қолдану тиімді:
Who knows the symbols for the sounds best?
Оқытушы ағылшын дыбыстарын айтады, ал оқушылар сәйкес келетін
транскрипциялық белгісін көрсетуі қажет. Ойынның ережесін керісінше де
өзгертуге болады.
Оқу ережесіне байланысты оқушылардың дұрыс оқуына ықпал ететін мына ойынды
қолданамын.
Do you know the rules of reading?
Оқушыларға берілген сөйлем ішінен бір әріп әртүрлі оқылатындығын айтып, сол
сөздерді табу қажет. Мысалы: a –әрпі, plane, flat, large. Сөздерді жылдам
және дұрыс табу керек.
What have you and what has your friend?
Оқушылар қатармен топқа бөлінеді. Әр оқушының алдына түрлі ойыншықтар
қойылады. Оқытушы бір оқушыға сұрақ қояды:
What have you on your desk?
Ал, оқушы алдындағыойыншықтарды көрсетіп, атауы керек. Мысалы:
I have a toy – car. I have a pencil-box.
Кейін оқытушы сол топтың оқушысына
What has Marat on his desk?
деген сұрақ қояды. Оқушы жауап беруі керек. Оқытушы дәл осындай сұрақтарды
келесі топқа қояды. Оқушылардың қаншалықты грамматиканы түсінгенін білу
үшін ойын әрі қарай жалғасады.
Оқушының сөздерді білуі мен дұрыс айтуына да байланысты сөйлеу қабілетін
дамытуға арналған ойындар бар. Олар оқушылардың ағылшын тілінде еркін
сөйлеуіне көмек береді.
Comment on what you hear…
Оқытушы тақтаға бір оқушыны шақырып, қалаған тақырыбына бірнеше сөйлем
құрастыруын сұрайды, ал қалған оқушылар сол сөйлемдерге түсініктеме
жасайды, мысалы: My name is Abai Alibekov. I am 14. I go to school. Оқытушы
әр топтан бір-бір оқушыдан шақырады.
1-ші оқушы: His name is Abai Alibekov
2-ші оқушы: He is 14
3-ші оқушы: He goes to school.
Бұл ойын оқушылардың топпен жұмыс істеуіне және олардың еркін сөйлеуіне
көмегі көп.
Ұлы педагог В.С. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбие болмайды», -
дейді. Демек, ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай,
сонымен қатар оның таным-түсінігін арттырады және бір-бірімен тіл табысып,
ұғынысуына көмектеседі, тапқырлыққа үйретеді. Ойын балалардың сабаққа
ынтамен қатысуына, өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына
жол ашады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz