Ауа қысымы, желдер. 8-сынып

Күннің жады 13. 12. Сыныбы 8 Пәні Қазақстанның физикалық географиясы
Сабақтың тақырыбы: Ауа қысымы және желдер
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеті
- Білімділік:Оқушыларға ауа қысымының таралуы, маңызы, жел және олардың түрлері туралы мағлұмат беру.
- Дамытушылық: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше кесте толтырту, атластан кескін картаға түсірту, тірек-конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуальдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
- Тәрбиелілік:Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, талапты болуға, инабатты, тапқыр, адамгершілікке, табанды, патриоттық сезімге, дүниетанымдық көзқарасын кеңейтуге, саяси-идеялылыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық және әдептілік сауаттылыққа т. б. баулу.
Сабақтың түрі: тарих пәнімен сабақтасқан құпиялы саяхат сабағы,
Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаңа сабақты бекіту, аралас сабақ,
Сабақтың әдісі: проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, дамыта оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың тәсілі : жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивтік тақта және электронды тапсырмалар, суреттер, қосымша мәліметтер т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, физика, химия, биология, әдебиет, информатика, дене тәрбиесі т. б
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
1. Ұйымдастыру
А) амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалап, сабақты бастау
Оқушылар бүгінгі сабағымыз алдағы келе жатқан тәуелсіздік күніне арналған. Сонымен қатар біздің сабағымыз құпиялы саяхат сабақ десекте болады. Себебі біз бүгін әр тапсырманы орындай отырып тарихты жасырып тұрған парақ сырын бірінен соң бірін тарқататын боламыз. «Тарихты жасырған парақ» сырын біз кезекті тапсырманы орындаған жағдайда ғана аша аламыз. Олай болса бүгін сыр ашылмай қалмасын, іске сәт!
Ә) Аннаграмма «Р»-ді шешкенде ауа райын анықтайтын құралдардың аты шығады.
1. Ауаның температурасын өлшейтін құрал.
2. Ылғалдылықты өлшейтін құрал
3. Ауа қысымын өлшейтін құрал
Тарих беттеріне үңілейік. Бұдан мыңдаған жылдар бұран осы күнгі қазақ жерінде пайда болған адамдар бірте-бірте руларға бірікті. Бір-біріне кәсібі ұқсас, тілдерін түсіне алатынрулар тайпа болып қосылды. Қазақ халқының қалыптасуы сонау ежелгі дәуірден басталып, ХV ғ аяқталды. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей болды. Жәңгір ханның баласы кең байтақ Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, жақсарту мақсатында әсіресе, қазақтың бірлігін сақтау үшін үш жүзге би тағайындады. Ұлы жүзге Әлімбекұлы Төле би, орта жүзге Келдібекұлы Қазбек би, кіші жүзге - Байбекұлы Әйтеке би
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) тест
1. Қазақстан климатына әсер етпейтін ауа массасы
а) арктикалық б) тропиктік
ә) қоңыржай в) экваторлық
2. Ауа райының көпжылдық қайталануы?
а) циклон б) климат
ә) фронт в) радиация
3. Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан
а) тропиктік б) қоңыржай
ә) субтропиктік в) теңіздік қоңыржай
4. Қазақстан аумағына теңіздік ауа массасы қайдан келеді?
А) Солтүстік Мұзды мұхиттан б) Каспий
ә) Атлант в) Тынық
5. Бұл ауа массасын кейде иран ауасы деп те атайды.
А) континенттік тропиктік б) арктикалық
ә) теңіздік қоңыржай в) экваторлық
2) Кім тапқыр?
ә) . Ауа өте мөлдір, құрғақ болады. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа райы орнайды.
б) Бұл ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады. Қазақстанда оның екі типі қалыптасады: теңізді және континенттік.
в) Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды.
3) кестелермен жұмыс
а) Күн радиациясының түрлері туралы кестені толтыр
Ә) ауа массалары туралы кестені аяқта
Бүгінгі сабағымыздың шарты бойынша келесі тарих жасырып тұрған сыр сандығымызды ашайық:
Қазақ халқының жері ежелден кең байтақ, байлыққа толы болғандықтан көршілері көз алартып келді. Қазақ халқының дүрбелеңге толы жылдарының бірі аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қалың халық оңтүстікке қарай босты. Осы кезде Қазақ хандығына мықты одақтас ел керек болды. Кіші жүз ханы Әбілхайыр 1730жылы Ресей империясының ұсынысын қабылдап, олардың қоластына бодан болып қосылды. Осыдан кейінгі Қазақ хандығының оқиғасын келесі сыр сандығымыздан білеміз.
Үй тапсырмасын қорытындылау
«Ия / жоқ»
Келесі сандық сыры:
Қазақстан Ресей құрамына кіргеннен кейін де жағдайы жақсара қойған жоқ. Патшалы Ресейдің қыспағына шыдай алмаған бұқара халық қолдарына қару алып ұлт-азаттық күреске шығады. Осы жолда халықты Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет аталарымыз бастау болды. Бірақ та Ресей империясынан босап шығу оңайға түспеді. 1931 жыл - жаппай ашаршылақ, 1937-38 жж. жазалау жоңғар шапқыншылығынан кейінгі жауыздық еді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар - 103 мың адам, атылғандар - 25 мың.
Жаңа тақырып
ТСН-1
Климат қалыптастырушы факторлар
ТСН-2
ТСН-3
ТСН-4
Келесі сыр сандығымызға үңілейік:
1941-45 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып өтті. Ер жүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір кісідей аттанды, қаһармандықпен қаза тапты. Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк . . .
Ия бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың өжеттігін ұлтшыл, бетімен кеткендік қылып көрсетіп, қаншама қан төгілді, яғни 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.
Жаңа сабақты бекіту
- ҰБТ-да кездесетін тест-сұрақтары
1. Воейков белдеуі қай ендік бойынша өтеді? (50 с. е. )
2. Ебі желінің жылдамдығы қанша ? (60-80 м/с)
3. Қазақстанға антициклондық ауа райын әкелетін ауа массасы (арктикалық)
4. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған ғалым (Ш. Уалиханов)
5. Қазақстан жерінде, қыста Сібір антициклоны орнаған кезде соғатын жел (Қордай)
6. Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер (Ебі, сайқан)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz