Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"Іңкәр көңіл, нәзік сезім"
Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы Еңбекші орта мектебінің психологы Орынтаева М С.
Іңкәр көңіл, нәзік сезім
Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл,нәзік сезім Сабақтың мақсаты: Махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық бетіндегі мәнін ашу. * адамның ең жоғары нәзік қастерл сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру. * ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту. * сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері М.Шахановтың "Гүлдәурен" әнін оқушылар шеңберге тұрып орындайды. Асау өмір арасында Бөлеп сәби сезімменен Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменнен Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды Терезенің жақтауында Ойып жаздым атыңды.
Пікірлесу Оқушыларды тақырыпқа тарту мақсатында мұғалім оқулықта берілген сұрақтар төңірегінде пікірлесуге шақырады. * Іңкәр, нәзік, сезім: деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс Г.Сайынқызының Күн ұрлаған күн әнгімесі ұсынылады. Күн сыңғырлап тұрып күлетін. Ол күлгенде айнала ән салғандай болатын. Оның күлкісі адамдарды қуантатын. Ол болар - болмас нәрсеге өкпелей қалатын.Бірақ өкпесін тез ұмытатын. Ал енді күлмейді де, жыламайды да. - Неге? - Неге екенін мен де білмеймін. Сұрап едім, айтпады. Тек бір ауыз сөз айтты: `'Кеше менің күнімді ұрлап алды. Күн ұрлаған күн - менің тарихымдағы азалы күн'' деді. Күн күлмеген срң,күн қуанбаған соң қара жер де қуанбайтын сияқты. Мен де қуанбаймын. Оған дауыстап айта алмаймын. Ертең мен үшін жаңа күн аспанға шығады. Мен ешқашан өткен күнге оралмаймын, сен оны білесің.
* Егер күннің орнында болсаңыз не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба?
* Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?
* Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?
Әңгімелесу Біз өзіңді ортада қалай ұстауыңды, жазуды, киім тігуді үйренуге болатынын білеміз. Шын мәнінде,сүйе білу дағдысының ұғымы кең. Сүйе білуді ұятты қылық деп қарамай, адам өмірінің сыры ретінде қабылдауға үйрену керек. Себебі біреуге сүю күш беріп, қуаныш сыйлайды, өмірінің мәніне айналады, ал екінші біреудің сенімін жоғалтып, қайғы - мұң әкеледі.Енді біреулер оған тек құштарлық ретінде қарайды. Сүю, махаббат сезімі біреуді алға жетелесе, біреуді артқа тартады. Сондықтан махаббатқа тек адамзаттық құндылық ретінде қастерлеп қарау қажет.
Оқу ақпараты
Оқушыларға оқытып, алғашқы мөлдір махаббат деген ұғымның мәнін ашып талдау.
Дәйексөз
В.Шекспирдің Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ, сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады.
Дәптермен жұмыс
Қыз баланы қадірлеу, оларға қорғаныш болу, құрметтей қарау қазақтың қастерлі ұғымдарының бірі.
* Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?
* Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
* Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба? Оқушылардың ойларын білген соң, мұғалім өзі тиянақтайды.
Шығармашылық тапсырма
Ауызша жұмыс. Мұғалім оқулықта берілген тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар А.Дүзелхановтың Қыз Жібек,С.Андерсеннің Бозқараған гүлдейтін уақыт, Э.Зампигидің Сүйеді,сүймейді атты шығармаларын салыстырып, адам жанына тьән қандай нәзік сезім иірімдерін байқағандықтарын түсіндіру.
Назар аударайық
Ғ.Мұстафиннің Кейде көшеде, аялдамада, автобус ішінде нақ бір басқа жер таппағандай көптің көзінше құшақтасып тұрған жастарды көресің. Махаббат неғұрлым ұятты, әдепті келсе солғұрлым қадірлі болмай ма? Сабыр, нысап, ар, ұят, әдеп - бірінсіз күні жоқ. Бәрі жиылып махаббатты құрайды.Бірін жоғалтсаң, бәрін жоғалтасын. Жаман қылық - жұқпалы аурудан да қиын, бірден біреуге ауысса, ұрпағыңа да кетуі мүмкін.
Тапсырма
Оқушылардың ойларын білген соң, мұғалім өз ойын тиянақтайды. Достық қарым - қатынасқа тез түсінесіз бе? Тапсырманы орындау
Сахналау С.Мұратбековтың мәтіні оқылады. Оқулықта сахналау айдарында төмендегідей тапсырма берілген:
Төмендегі кейіпкерлердің қасиеттеріне сәйкес, өзара диалог құрастырып, :Қыз Жібек:, Еңлік - Кебектердің шағын қойылымын қою.
1.Қыз,2.Сатай.
* Сатайдың әрекетін қалай бағалайсыз? * Егер танысыңыз сізді ұнататынын бүкпесіз, айтса қалай қабылдар едіңіз? * Ұялу қандай адамдарға тән қасиет деп ойлайсыз?
Оқулықтағы берілген ауызша тапсырма
Абайдың Көзімнің қарасы өлеңі оқылып, оқушыларға өлеңдегі сезіммен әдептің ұштасуын түсіндіру. Мұғалім қазіргі кезде, өкінішке орай, көбіне жастардың өз сезімдерін анық көрсету дәстүрінің куәсі болып жүргенімізді, ол біздің ұлттық дәстүрімізге жат әрепкет екенін, таза да терең болатынын түсіндіру.
Мәтін оқылған соң жағдаятты шешу. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттың шешімін табады. Сабақты қорытып, тұжырымдау.
Жүректен жүрекке
М.Омаровтың Алғашқы махаббат әнін оқушылар шеңберге тұрып шырқайды. Өртенген сезімді, Қалайша өшірем.
Балауса кезімді, Қайтіп мен кешірем.
Алғашқы махаббат, Жүректі тербейді.
Мәңгілік бақ құсы, Қоштасқым келмейді.
Өмірдің пәктігін, Жаныма сыйлаған.
Кештерді қайтейін, Кетуге қимаған.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz