Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

<< домбырам - асыл мұрам>>

<< Домбырам - асыл мұрам>>
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы түсінік беру, атақты күйшілер туралы мағлұмат беру, өз ұлтының музыка өнерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу
Көрнектілігі : Домбыра аспабы, слайд, шарлар, гүлдер.
Кіріспе: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар! << Домбырам-асыл мұрам>> атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер>>
Қазақ халқы үшін домбыраның орны ерекше.Ен даладағы қазақтың қай-қайсысыда домбыраның үніне жан-тәнімен беріліп,оны өзінің бүкіл асыл ойының қазынасындай сезінеді.Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы,қасиетті аспабы-домбыра .Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл ойы көңіл күйі жатыр.Ата-бабамыз басынан кешірген не бір қилы заманда осы ұлы домбыра сазы арқылы жеткізе білді.Енді осы домбыра аспабы туралы 3-сынып оқушыларының әдеби-музыкалық композициясын тамашалайық .
I Жүргізуші : Сәлематсыздар ма, құрметті ұстаздар! << Домбырам-асыл мұрам>> атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
II-жүргізуші Домбыра-асқақтата ән салып ,күмбірлетіп күй төккен ,өнерпаз халықымыздың асылынан артық қастерлеп, жалғызындай аялап, қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі.
I-жүргізуші : Оның алпыс екі тамырыңызды идіріп, құлақ құрышын қондырар аса бір ерке назды, майда қоңыр үнін бабын тауып сөйлете білсең, ерте заманнан, сонау ата-бабамыздың ғасырлар қойнауында қалған қилы-қилы тағдырынан тіл қатар еді.
II-жүргізуші: Халықымыздың мұңы мен зары қуыныш-күйініш, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты осы киелі домбыранаң қос ішегінен күй болып төгіледі. Домбыра елдің бар өнері, оның інжу-маржанын көңіл төріне сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманатындай жеткізе де білген.
I-жүргізуші :Ақын Қ.Мырзалиев айтқандай: <<Қазақ - нағыз қазақ емес ,нағыз қазақ домбыра !>>-деп ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз.
Нұр:Қос қазық екі желі,тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Сөзге ұста ,әнге шебер болғанымен
Ашпайды жұмған аузын адам жоқта.

Бақыт:Екі ішек,екі желі,тоғыз перне,
Теңселіп, тербеледі соқсаң сенде.
Қос қазық-қос құлағы,ол-домбыра
Тыңдатар ән мен күйін тәмам елге.
Сымбат:Серігі әншілердің домбырама ?
Домбыра тарта білмең,болдырама?
Баппенен домбыраны қолға алып
Әнге сал,қос құлағын оң бұрада.

Мира:Домбырам екі ішекті,тоғыз перне
Жарасар әшекейлеп айтсаң терме.
Көзіңмен Көрген іске көңіл тоқтат,
Әркімнің іріткі салған сөзіне ерме.
Салтанат:Түрі бар домбыраның бүктемелі
Кім оны жол жүргенде жүк көреді.
Жанынан тастамайды түзде күйші
Төріне үйдің іліп күткен елі
Домбыраның құрылысы туралы слайд көрсетіледі.
Ендігі кезекті әнге берейік.Ән <<Қасиетті домбыра.Орындайтын: 1 <<А>>сынып оқушысы :Өткелбаева Балнұр
I-жүргізуші:Домбыра - күрделі шығармаларды шығарып,оның мазмұнына терең бойлап түсінуге мүмкіндік беретін аспап.Домбыра өнерінен туған ән,күй тез бойға сіңеді.Осы өнерді үйрену адамды жақсылыққа жетелейді.
II-жүргізуші:Оның кілтін ашып,игере білген адамға нұр шапағаты құйылады.Домбыра-тілмен мәдениетті реттейді.Салт - дәстүр қағидаларын ұмыттырмайды.
I-жүргізуші:Домбыраны меңгерген адам көп білуге құштар.Сондықтан қазақ күй өнеріне өте қатты мән берген.Күй адамның ішінде жатқан,мүмкін ешкімге айтпайтын,сыртқа шығармайтын,өзі ғана анда-санда оралып,есіне алып қоятын бір сыр сияқты.
Электрондық оқулықтан күйші-композиторлардың суреттерін көрсету қазақтың аспаптары туралы көрсетіп <<Ақсақ құлан>>күйін тыңдау.
Арман:Екі ішектің бірін қатты ,бірін сәл-сәл кем бұра,
Қазақ-нағыз қазақ емес,нағыз қазақ домбыра.
Білгің келсе біздің жайды,содан сұра тек қана
Одан асқан жоқ шежіре ,одан асқан жоқ дана
Гүлнұр:Бір ішегінде биіктік бар
Бір ішегінде тереңдік бар
Ол мылқауды сөйлетеді,
Жылатады кереңді
Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт
Сандуғаш боп,бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт
Ұлдай:Көкірекке толған кезде бар қасірет бар қайғы
Боз інген боп боздайды ол,
Боз інген боп сарнайды
Білгің келсе біздің жайды содан сұра тек қана
Одан асқан жоқ шежіре,одан асқан жоқ дана
Екі ішектің бірін қатты,Бірін сәл-сәл кем бұра
Қазақ-нағыз қазақ емес нағыз қазақ домбыра
Ән: <<Домбыра туралы баллада>>.Орындайтын:3 <<А>> сынып оқушысы Тіркешіп.Жоламан .
I-жүргізуші:Біз екеуміз үндемелік домбыра бір шалқысын
Домбырасыз қайран өлең,жетімсің сен,жалқысың.
Құнсыз сөзім бүлдірмесін,тілсіз сезім балқысын
Біз екейміз үндемелік,домбыра бір шалқысын!
II-жүргізуші:Біз екеуміз үндемелік
Домбыра бір сөйлесін.
Екі ішегі,екі жүрек
Таба білген үйлесім
Көрденең сыр,көлденең жыр
Омыраулап кимесін
Біз екеуміз үндемелік,домбыра бір сөйлесін!
Ән: <<Біз өмірдің гүліміз>>.Орындайтындар: <<Жас домбырашылар үйірмесінің оқушылары>>
II-жүргізуші:Мың бұрала билеген,
Тал шыбықтай иілген,
Бигеде кезек берейік
Би: <<Бипыл>>.Орындайтын 3- сынып қыздары.
I-жүргізуші:Домбыра киелі бар аспанымсыз,
Бабамнан қалған мұра дастанымсың.
Сындырмай таза ұстап ұрпағыма,
Жеткізер қасиетті дәстүрімсің.
II-жүргізуші:Қоңыр үні күмбірлесе қос ішектің,
Сиқырлы әсем әуен бұл бір неткен.
Келеді көз алдыма өркеш-өркеш
Белесі бабамыздың жүріп өткен.
Хор : <<Домбырасыз ән қайда>>
Осымен << Домбырам- асыл мұрам>> атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Ұқсас жұмыстар
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Тәрбие сағаты Ана тілім – ажарым, асыл мұрам
Домбыра халық даналығы ересектер тобы
Ана тілім - ажарым, асыл мұрам
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері-ай
Жүзден жүйрік жайлы ақпарат
Біз еліміздің ертеңіміз
Қасиетті менің ана тілімде
Мен және менің отбасым
Пәндер