Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"Құстар қалай қыстайды?."
Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды?
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға құстардың қысқы тіршілігі жайында білім беру, оқу дағдысын жетілдіру, оларды саналы түсініп, дұрыс оқуға машықтандыру.ә) Дамыта оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге жетелеу.б) құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Қолданылған технология: << Блум таксономиясы>>
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру-ажырату, ойын әдісі
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы,
<<5>>-ке қолды жеткізу . Жарайсыңдар! Әрине бүгінгі сабақта <<5>> алатындарыңа сенімдімін.
(жетекші сұрақтар қою) -Бір жылда неше мезгіл бар?-Қазір қай мезгіл?-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?-Қыс айларын ата
* Жарайсыңдар! Мен сендерге тағы жұмбақ қойғалы тұрмын.
* Аң-құстардың мекені,
Ағашы оның көп еді.
Шешуін кім біледі? (орман)
* Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ . Біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Орманға немен барған ыңғайлы? ( автобуспен)
* Оны неге таңдадыңдар? (Себебі, бәріміз бірге барамыз)
* Ендеше қысқы орманға саяхатымызды бастайық. Балалар, қараңыздаршы қоян біздің жолымызды бөгеді . Ол бізге берген тапсырмасын орындасақ жолымызды ашатынын айтып тұр . Кәне , берілген тапсырманы орындайық.
<<Кім көп біледі?>> - қоянның тапсырмасы. Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру.
Ойынның шарты: <<Кім көп біледі?>> ойыны бойынша оқушылар аңдардың қысқы тіршілігі жайында әңгімелейді.
-Балалар , сендер қоянның берген тапсырмасын орындадыңдар. Қараңдаршы, орманда бізге нелер кездесті? (құстар)
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Осы құстар қыста қалама?
- Неге?
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз құстар жайында болмақ. Мақсатымыз құстардың қысқы тіршілігі жайында білім алып, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға үйрену.
ІІ. Жаңа сабақ. <<Блум таксономиясы>> бойынша жүргізіледі.
Білім.
(Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды.)
Слайд 1 Торғай
Торғайлардың жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Сыртқы түсі әртүрлі, тамақ асты қара түсті болады. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады.
* Оқулықпен жұмыс
Түсіну.
(Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.)
Слайд 2 Құр
* Қысқы орманға саяхатымызды жалғастырайық. Бізге қандай құс кездесті? (құр)
* Құрдың қандай құс екенін білу үшін тапсырмасын орындайық.
(Құрдың тапсырмасы оқулықтағы жаңа сабақты тізбектеп оқу. )
ҚҰР - орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Негізгі қорегі - өсімдіктер. Ол алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.
Слайд 3 Тоқылдақ
* Балалар мынау не? (тоқылдақ) Олай болса ,тоқылдақ туралы білгіміз келсе оның тапсырмасын орындаймыз.(Мәтінді рөлге бөліп оқу )
ТОҚЫЛДАҚ - Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.
* Сергіту сәті.
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ - тоқ-тоқ,
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ-жоқ-жоқ.
Тоқ-тоқ-тоқ
Жоқ-жоқ-жоқ .
Қолдану.
(Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау . Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді.)
* Дәптермен жұмыс
Слайд 4 Сауысқан
* Балалар, мынау қандай құс бізге кездескен?(сауысқан) Сауысқанның тапсырмасын орындайық.(Мәтіндегі қыстап қалатын құстардың атын жазу)
САУЫСҚАН - ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі - жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық - кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.
Слайд 5 Кептер
(Кептердің тапсырмасы,ол туралы мәлімет беру.)4. Шығармашылық жұмыс
(Өлең жолдарын жалғастыру)
1-қатар 2-қатар
Ала қанат... (сауысқан), Жем іздейді тоңбай, Қалдықты жеп тауысқан. Аязда... (суықторғай)
3-қатар
Тұмсығымен шымшып, Құрт тереді...(шымшық)
КЕПТЕР - басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында "көгершін" деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
ІІІ Сабақты бекіту
Талдау.
( Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету. Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.)
* Кептердің берген тапсырмасын өте жақсы орындап шықтыңдар. Енді сыныпқа қайтатын уақыт болып қалыпты. Автобусқа мініп,сыныпқа жеткенше мен сендерге тапсырмалар беремін.
* Ой толғаныс.
"Сәйкесін тап!" ойыны (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)Қарға------ шиқылдайдыСауысқан----- тоқылдайдыШымшық------ қарқылдайдыТоқылдақ --------шақылдайдыҚұр ----------- құрқылдайды
Жинақтау .
(Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау. Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.)
* Тест сұрақтары:
* Құстар екіге бөлінеді: отырықшы құстар және....
а) жыл құстары ә) ұшып келетіндер
2. Жыл құстары қашан ұшып келеді?
а) көктемде ә) күзде
* Жыл құстары не себептен ұшып кетеді?
а)суық ә)жем жоқ
4. Мына топтан артық құсты тап.
а)қарға ә)кептер б) қарлығаш в)артық құс жоқ
5.Мына топтан артық құсты тап.
а) тауық ә) үйрек б)қаз в) артық құс жоқ
ІV. Сабақты қорытындылау.
-Балалар,құстар болмай қалса не болады?-Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.Жылы жаққа ұшпайтынБіздің жақта қыстайтынҚұстар жүрсе жуықтаЖем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету, олардың бір күндік тіршілігін бақылау, дәптерге жазу. Мәтінді оқып келу.
Бағалау. (сын, пайымдау)
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
<<Абай атындағы орта мектебі>> ММ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік семинары
Семинар сабақ
Пәні: дүниетану
Сыныбы: 1 <<В>>
Тақырыбы: Құстар қалай қыстайды?
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Сариева Маншук
Бейнеу,2014жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz