9-сынып биологиясы: І тоқсандық көп таңдаулы тест сұрақтары

Биология

9-сынып

І тоқсан

1. Сыртқы ортаның әр түрлі факторларына организмнің жауап қайтаруы.

а\өсу б\көбею в\ ырғақтылық г\тітіркенгіштік д\ өздігінен реттелу

2 Тіршіліктің ең жоғары деңгейі

а\молекулалық б\ популяциялық-түрлік в\ биогеоценоздық г\ биосфералық д\ жасушалық

3 Ядроны ашқан ғалым.

а\ Я. Пуркине б\Р. Броун в\ А. Левенгук г\ М. Шлейден д\ Т. Шванн

4. Жасушаның «энергетикалық станциясы» аталған органоид

а\ цитоплазма б\ рибосома в\ митохондрия г\ лизосома д\ гольджи жиынтығы

5. Мембранадан түзілген түтікшелер, өзектер, қалташықтар, қоймалар жүйесі.

а\ рибосома б\ митохондрия в\ эндоплазмалық тор г\ лизосома д\ пластидтер

6. Өсімдік жасушаларында ғана болатын екі мембраналы органоидтер.

а\ рибосома б\ митохондрия в\ пластидтер г\ гольджи комплексі д\ эндоплазмалық тор

7. Мембраналы органоидтері жоқ, оның орнын мезосомалар атқаратын ағзалық әлем

а\ өсімдік б\ жануар в\ саңырауқұлақ г\ вирус д\ бактерия

8. Катоболизм кезінде ферменттік реакциялардың әсерінен крахмал ыдырайды.

а\ аминқышқылдарына, б\ май қышқылына в\ глицеринге г\ глюкозаға д\ мономерлерге

9. Кейбір хлорофилі жоқ бактериялардың бейорганикалық заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланып, органикалық қосылыстар түзуі қалай аталады?

а\ фотосинтез б\ хемосинтез в\ биосинтез г\фототроф д\ хемотроф

10. Гетеротрофты организм .

а\ бактерия б\ балдыр в\қарағай г\ қарағаш д\ гүлді өсімдік

11. Глюкоза молекуласынан сүт қышқылының түзілуі қай уақытта жүзеге асады?

а\ дайындық кезеңінде б\оттексіз кезеңде в\ оттекті кезеңде г\ оттекті кезеңнен соң д\ оттексіз кезеңнен соң

12. Организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын нәруыздың құрылымы туралы ақпарат жазылған ДНҚ молекуласының үлескісі қалай аталады?

а\ генетикалық ақпарат б\ тұқым қуалау ақпараты в\ ген г\генетикалық код д\триплет

13. Транскрипция дегеніміз не?

а\ Нәруыздың толық синтезделуі

б\ Нуклеотидтерді комплементарлық принципке сай әкеліп орналастыру.

в\ а-РНҚ-ға ақпараттың көшіріліп жазылуы

г\ Нәруыз туралы ақпраттың жазылуы

д\ Нәруыз молекулаларындағы аминқышқылдардың орналасу реті

14. Әр триплеттің нақты бір аминқышқылын анықтауы генетикалық кодтың қай қасиетіне жатады?

а\ триплеттігі б\ арнайылығы в\ коллиенарлығы г\артықтылығы д\ әмбебаптығы

15. Нәруыздың синтезделуі қандай бағытта жүзеге асады?

а\ ДНҚ-РНҚ-нәруыз б\ РНҚ-ДНҚ -нәруыз в\ нәруыз- РНҚ-ДНҚ г\ РНҚ -нәруыз -ДНҚ

д\ нәруыз-ДНҚ-РНҚ

16. Нәруыз туралы ақпараттың а-РНҚ-дағы нуклеотидтер ретінен полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары ретіне ауыстырылуы.

а\ трансляция б\ триплет в\ оперон г\ транскриптон д\ транскрипция

17. Жасуша ядросын ауыстырып қондыру генетикалық инженерияның қай деңгейіне жатады?

а\ молекулалық б\ жасушалық в\ гендік г\ хромосомалық д\ организмдік

18. Хромосомалардың ширатылуының шегіне жетуі митоздың қай фазасында жүзеге асады?

а\ телофаза б\ метафаза в\ анафаза г\ даярлық кезең д\ профаза

19. Бүршіктену арқылы көбею қай ағзаға тән?

а\ амебаға б\ эвгленаға в\ гидраға г\ кебісшеге д\ құрттарға

20. Яро қабықшасының еріп кетуі митоздың қай фазасында жүзеге асады?

а\ ІІ профаза б\ ІІ телофаза в\ І метафаза г\ ІІ метафаза д\ ІІ анафаза


Ұқсас жұмыстар
7-сынып физикасы: I-VI нұсқаға арналған көп таңдаулы тест тапсырмалары
Қысым, гидростатика, гидравлика және механика бойынша көп таңдаулы тест сұрақтары (жауаптарымен)
7-сынып: Ақпараттық технологиялар - І-тоқсандық тест (І-нұсқа)
Биология пәні: 25 көп таңдаулы тест сұрағы
География пәнінен 25 сұрақтық көп таңдаулы тест
Қазақстан тарихы: 25 сұрақтық көп таңдаулы тест
5, 7 және 9 сынып математикасы: көп нұсқалы тест сұрақтары мен жауаптары
Ұлпалар мен адам биологиясы бойынша тест сұрақтары
0117 Биология пәнінен 25 сұрақтық көп таңдаулы тест
Қазақстан тарихы пәнінен 25 сұрақтық көп таңдаулы қорытынды тест
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz