Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Экономикалық білімге алғашқы қадамдар


Сабақтың тақырыбы: Экономикалық білімге алғашқы қадамдар.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін дүниетанымын тереңдете түсу,мақсатымен олардың елестету қасиеттерін жетілдіріп айқынырақ сөйлеуге үйретуге,ақыл-ой белсенділігін дамыту. Экономика саласынан балаға бастапқы мағлұмат беру.ең алдымен адамгершілік тәрбиесімен еңбекке баулу талаптарымен өзара ұштастырылып. Оның бойындағы азаматтық қасиеттерін жетілдіру.Бірінші кезектегі әдіскерлік жұмыстар:саяхат,көрсету,әңгімелесу,әңгімелеу,сұрақ-жауаптар.
Көрнекілігі: Көкөністер базары, жемістер.
Теңгелер (1,2,5 теңге).
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Бір,екі,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
1-мамыр Бейбітшілік,Достық,Бірлігі күні мерекесі.Олай болса біз нені қалаймыз?Бейбітшілікті қалаймыз.Бейбітшілік ненің белгісі?
Бауырластық,татулықтың белгісі.Олай болса сендерді 3 топқа бөлемін.
I-топ Бейбітшілік
II-топ Достық
III-топ Бірлік

II. Бейбітшілік топ
Бейбітшілік туралы <<Ақ көгершін>> әні.
Ақ көгершін макетін екі оқушы ұстап тұрып айтады,қалғандары қайырмасына қосылады.

Ақ көгершін,көгершін
Қол қанат құс сен едің
Бар кезіп қайт ел үшін
Жер дүниенің көлемін

Әділеттің құсы деп
Көз алмастан жолыңнан
Бақыт болып қоншы деп
Ұшырамын қолымнан

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына

Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған

Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап

III Достық топ
Дос деген кім?
Дос сенімді адам
Достық туралы мақал-мәтел
Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам
Жалған достан-жау артық
Жауға жалынба
Досқа тарылма

Жат асыңа қарайды
Дос басыңа қарайды
Дос жылатып айтар
Дұшпан күлдіріп айтар

Дос табу оңай-сақтауы қиын
Жау болу оңай-тоқтау қиын
Қимас досың сұраса
Қимасыңды бергейсің

Жүз теңгең болғанша
Жүз досың болсын
Досың үшін долы боранға да шыда
Дос болсаң,берік бол досыңа серік бол

Досың қас,дұшпаның дос болуы мүмкін
Сақтанып ұстаған жөн тілдің кілтін
Өзіңе қарай дос таңда
Күшіңе қарай жүк көтерер

Жақсымен дос болсаң
Алдыңнан шығар елпектеп
Жаманменен дос болсаң
Сыртыңнан жүрер өсектеп

Досыңның көзінде болғанша
Көңілінде бол
Досыңды барда да сына
Жоқта да сына

Досы көптің олжасы көп
Күлме досыңа
Келер басыңа

IV Бірлік топ
Бірлік дегенді қалай түсінеміз?
Ортақ істе ұйымшылдық көрсету
Өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау
Бірлік туралы тақпақ
Өнерге сай боп келсін бірлік,ерлік
Сонда ғана аларсың сен де теңдік
Надандықтан екенін білесізбе?
Көрінгенге болғаның семіз жемдік

Ел болуға алдымен білім керек
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек
Жалғыз ғана оқу мен теңелмейсің
Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек
Өнермен техниканы жұмсап еңбек
"А құдай өзің берден"түк шықпайды
Талаптанып, талпынсаң сонда бірлік

Егер мен білімді болсам
-Еліміздің экономикасын көтеруге
бар күшімді жұмсар едім.
-Ғарыш әлемін игеруге қатысар едім.

ХХI ғасырдың індетіне айналған
құрт ауыруы,рак ауруларына қарсы
қолданатын дәрі ойлап табар едім.
Өндіріс, ғылым,білім саласында
Жаңалық ашып Нобель сыйлығын иеленер едім

Бар қиындықты тек ғана ғылым жеңбек
Оқыса басқа елдердегі қатарға енбек
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек өз-ақ жылда жоғары өрлеп

Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек
Оку мен бірлік болса, көзіне ілмек
Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң
Байлығы иелік бермес күндеп

Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек
Өнерге ұмтылатын аңсап - шөлдеп
Қорғайды елін жерін қаныменен
Болмайды жаннан қорқып басын имек .


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қауіпсіздік
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Оқушылардың мотивациясын арттыруда оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
Тәрбие сағатын қорытындылау
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі
Кәсіби қазақ тілі сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс
Екі таңбалы санды қосу және азайту әдістерін қайталау
Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Пәндер