Ш.айтматов "найман - ана"

Бөдене орта мектебі

8-сынып

Тақырыбы:

Ашық сабақ

Өткізген: Мусағалиева Арай

2009 оқу жылы

«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.

Ш. Айтматов

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман - Ана»

(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ш. Айтматовтың романынан алынған үзіндінің

мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,

ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,

ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау.

Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тіреу-сызбалар,

үнтаспа, көрме «Қазақ-қырғыз бір туған» (Ш. Айтматов пен М. Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, саз.

Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру

  1. Амандасу
  2. Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру
  3. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе

  1. Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
  2. Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ: Шағын дәріс

А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы - табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы - Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.

Жылы
Басылым атауы
Еңбегі
Жылы: 1957
Басылым атауы: «Ала-Тоо» журналы
Еңбегі: «Бетпе-бет» повесті
Жылы: 1958
Басылым атауы: «Новый мир» журналы
Еңбегі: «Жәмилә» повесті
Жылы: 1961
Басылым атауы: «»Дружба народов» журналы
Еңбегі: «Шынарым менің, шырайм менің» повесі
Жылы: 1961
Басылым атауы: «Ала-Тоо» журналы
Еңбегі: «Алғашқы ұстаз» повесі
Жылы: 1963
Басылым атауы: «Ала-Тоо» журналы
Еңбегі: «Құс жолы» повесі
Жылы: 1961
Басылым атауы:
Еңбегі: «Байдамтал бойында» әңгімесі
Жылы: 1964
Басылым атауы: «Молодая гвардия»
Еңбегі: «Қызыл алма» әңгімесі
Жылы: 1968
Басылым атауы: Қырғыз баспасөзі
Еңбегі: «Атадан қалған тұяқ»
Жылы: 1964
Басылым атауы: Қырғызстан альманагында
Еңбегі: «Сыпайшы» әңгімесі
Жылы: 1954
Басылым атауы: «Советтік Қырғызстан» басылымы
Еңбегі: «Ақ жауын» әңгімесі
Жылы: 1955
Басылым атауы: «Советтік Қырғызстан» басылымы
Еңбегі: «Мұрат» әңгімесі
Жылы: 1961
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Ботагөз» повесі
Жылы: 1975
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Ерте келген тырналар» повесі
Жылы: 1966
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Қош бол, Гүлсары!» повесі
Жылы: 1970
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Ақ кеме» повесі
Жылы: 1977
Басылым атауы: «Знания» журналы
Еңбегі: «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі
Жылы: 1980
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Ғасырдан да ұзақ күн» романы
Жылы: 1986
Басылым атауы: «Новый мир» басылымы
Еңбегі: «Жан пида» романы

Ә) «Найман-Ана» үзінді суретін интерактивті тақта арқылы түсіндіру.

Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?

Б) Жазушы шығармасының тақырыбын, идеясын оқушыларға жете меңгерту.

Тақырыбы: Ана ерлігін насихаттау.

Идеясы: Адамзатты жауыздықтан қорғау.

IV. Ой-толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті - елдігінен көрінер»

(Оқулықпен жұмыс)

1) Көрініс көрсету.

Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.

Музыка жәймен ойналып тұрады.

Ана:

  • Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?

Мәңгүрт:

  • Мәңгүрт.

Ана:

  • Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.
  • Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?
  • Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!
  • Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.
  • Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
  • Сенің атың - Жоламан. Естимісің сен? Сен - Жоламансың. Әкеңнің аты - Дөненбай. Әкеңдіұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Мен менің баламсың. Мен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен . . .

Ана:

  • Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?

Мәңгүрт:

  • Ештеңе де болған жоқ.

Ана:

  • Мұнда келгеніңеде күндіз бе еді, түн бе еді?

Мәңгүрт:

  • Ештеңе де.

Ана:

  • Кіммен сөйлескің келеді?

Мәңгүрт:

  • Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.

Ана:

  • Тағы не қалар едің?

Мәңгүрт:

  • Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса.

Ана:

  • Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін.
  • Анау кім?

Мәңгүрт:

  • Маған ауқат алып келе жатыр.

Ана:

  • Сен ештеңе айтпа. Мен кешікпей келемін.

Маңғол:

  • Келген кім?

Мәңгүрт:

  • Ол маған шешеңмін дейді.

Маңғол:

  • Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Теріңді сыпырып тастамақшы! Ені келгенде мына садақпен ат!

Ана:

  • Жоламан! Құлыным менің, Жоламан, қайдасың? Жоламан! Қайдасың құлыным?

Ұқсас жұмыстар
Ш.айтматов. «найман-ана». 8 сынып
Жолы болған тұтқындар кімдер
Жамбылдың қай шығармасынан
Абай өлеңдері
Бұғы-Ана. Ш.Айтматов
М. Әуезов көксерек әңгімесі жайлы ақпарат
Мектеп энциклопедия
Ш. айтматов «ерте келген тырналар» (1-сағат)
Бұғы ана туралы аңыз
Шынарым менің, шырайлым менің
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz