Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тіл - құдірет


Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құрық орта мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Оспанова Ақмарал Бақбергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Тіл – құдірет
Мақсаты.
1. Білімділік мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша төменгі сыныптарда алған
білім деңгейін сараптау, біліктіліктерін арттыру,Тілдің тереңіне үңілу,
құдыретін ашу.
2. Дамытушылық мақсаты: Қазақ тілінен білімдерін толықтыру, тиянақтау,
дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Пән бойынша алған білімінің өмірде алатын орнының
зор екендігін ұғындыра отырып, ой қорыта білуге, оны жүйелі жеткізе білуге
тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдісі: Көкпар сабақ.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, интерактивтік тақта.
Жүрісі: І бөлім «Кім көп біледі?»
ІІ бөлім «Сыңарын тап!»
ІІІ бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
ІҮ бөлім «Жеті жұмбақ»
Ү бөлім «Ұшқыр ой»
ҮІ бөлім «Ұлттық ұғымдар»

Мұғалім сөзі: Қазақ халқының тілі бай, әрі көркем тіл екендігіне ешқандай
да дау тумаса керек. Бұл тілде сөйлейтін қазақ халқы осынау сахара,
сардалада көне заманнан бері өмір сүріп, тіршілік жасап, осы тіл арқылы
өмірлік қатынас жасап келеді. Ана тілі халқымыздың қоғамдағы қатынас тілі
болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге жан семіртер жан азығына айналды.
Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей
біртіндеп бойымызға сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның
белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі,
халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халыхтың жазуы жоқта кітабы,
мектебі жоқта ұстазы болған.Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп,
білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып
қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны,
сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Өз тіліңді менсінбеу,
бүтіндей Сахараны мекендеген халықты, өз халқыңды, ата-бабаңды, туған
топырағыңды менсінбеу деген сөз.
Қазақ тілінің тарихына көз жіберсек тым алысқа кетеміз.
Қазақ тіліміздің абыройлы тіл болуын кімдер армандамады. Кешегі ұлы
Абайдан бастап, ақтаңдықтың құрбандары болған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан
Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтар тіліміздің
мемлекеттік тіл болуына көңіл бөліп, арман етпеді ме? Олай болса біз де
қазақ тілімізді сүйіп, қастерлеп, былғанбауына күнделікті жанашыр жасап,
саф алтындай сақтап, тіліміздегі әрбір сөздің, әрбір дыбыстың қасиетіне
үңіліп, құдыретін аша білейік, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде
өтпекші. Сондықтан біз сыныбымызды екі топқа бөлдік.

І топ «Арман» Ұраны: Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
ІІ топ «Мұрат» Ұраны: Білім мен білік өмірлік серік.

І бөлім
« Кім көп біледі?»

1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс (у)
2. Дауысты дыбыс нешеу? (12)
3. Сөз мағыналарын зерттейтін ғылым (лексика)
4. Жазамыз және көреміз (әріп)
5. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
6. Зат есімнің сұрақтары (кім? не?)
7. Ұзын сөзінің антонимі (қысқа)
8. Батыр сөзінің синонимі (ержүрек)
9. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын сала (орфография)
10. Бәдірен екті сөз тіркесінде қандай сөз бар? (диалект)
11. Арман, қиял деген сөздер зат есімнің қай түрі? (дерексіз)
12. Ба-ла қандай буынды сөз? (ашық)
13. Ш дыбысы қандай дыбыс?(қатаң)
14. Екпін қай буынға түседі? (соңғы)
15. Кереует, самаурын қандай тілден енген сөздер? (орыс тілінен)
15. Септік нешеге бөлінеді? (7)
16. Нарық, несие қандай сөздер? ( жаңа)
17. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)
18. Жұрнақтың неше түрі бар? (2)
19. Үндестік заңы нешеге бөлінеді? (2)
20. Буынныңнеше түрі бар? (3)
21. Сын есімнің неше шырайы бар? (4)
22. Қып-қызыл қай шырайда тұрған сөз? (күш)
23. Талдықорған қаласы зат есімнің қай түріне жатады? (жалқы)
24. Сөз табы нешеу? (9)
25. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір, қосымша)
26. Мақал-мәтелдер тіл білімінің қай саласында қарастырылады? (лексика)
27. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер? (көнерген сөз)
28. Синус, теңеу сөздері қандай сөздер? (термин)
29. Шалға қарағанда бала сөзінде не көп? (а дыбысы)
30. Қиысу қандай сөз тіркесі? Бастауыш пен баяндауыштың байланысы)
31. Өткірдің жүзі қай сөз тіркесіне жатады? (Матасу)
32. Тұрлаусыз сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (3)
33. Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы
34. Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлемнің айырмашылығы
35. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? (2)
36. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?

ІІ бөлім
«Сыңарын тап!»
Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.(10
ұпай)

1. Тіл тас жарады, тас жармаса...(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(У да тамады)
3. Сөз тапқанға...(қолқа жоқ)
4. Жыртық үйді жел табар,...(өтірік сөзді шын табар)
5. Тауды, тасты жел бұзар,...(адамзатты сөз бұзар)
6. Жақсы сөз...(жарым ырыс)
7. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
8. Жақсы байқап сөйлер,...(жаман шайқап сөйлер)
9. Сүңгі жарасы бітер,...(тіл жарасы бітпес)
10. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
11. Тіл қылыштан...(өткір)
12. Піл көтермегенді...(тіл көтереді).

ІІІ бөлім
«Тапқыр болсаң, тауып көр!»
Үш дыбысты сөздерді тауып жазу.

Т |Т |Т |Т |Т |Т |Т |Т |Т |Т | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
ІҮ бөлім
«Бес жұмбақ»
1. О жағы мәрмәр,
Бұл жағы мәрмәр.
Ортасында сандуғаш сарнар. (Тіс және тіл)
2. Бірінші буыным – құс аты,
Екінші буыным – түс аты.
Екеуін біріктіріп оқысаң
Ұлт боламын қуатты.
Бірінші буыны – жіңішке, езулік.
Екінші буыны – есімдік.
Тұтасынан алғанда
Ол ағаш тым биік. (Емен)
3. Бір ақынның атында
12 әріп, 4 буын.
Мұны тауып кәнеки
Айтар екен кім бұрын? (Сұлтанмахмұт)
4. Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин, ал бірге жазылса
республикамыздағы бір қала. (Ақтөбе)
5. Бөлек жазылса металл мен өткен шақтық есімше, ал бірге жазылғанда
кен өндірісті қала. (Жезқазған)

«Арман» мен «Мұрат» тобының топ басшыларына сұрақ?
«Тіл – ұлттың жан дүниесі» деген сөзді қалай түсінесің? Ойыңды дәлелдеп
өт.

Ү бөлім.
«Ұшқыр ой»
Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтелдер жазу
1. Дұшпан – дос.
2. Жақсы – жаман.
3. Батыр – қорқақ.
4. Арзан – қымбат.
5. Туады - өледі.

ҮІ бөлім
«Ұлттық ұғымдар»
1) Адамның үш жұртын ата! (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
2) Үш байлық. (Денсаулық, ақжаулық, бес саулық)
3) Үш арсыз. (Ұйқы, тамақ, күлкі арсыз)
4) Үш ғайып. (Ажал, қонақ, несібе ғайып)
5) Үш даусыз. (Мінез, кәрілік, ажал даусыз)
6) Үш тәтті. (Жан, мал, жар тәтті)
7) Төрт құбыла. (Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік)
8) Төрт маусым. (Көктем, жаз, күз, қыс)
9) Жеті қазына. (Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл-білім, Жүйрік ат, Қыран
бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы)

ҮІІ бөлім
«Ұшқыр ой»
Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

1) Сақал сипап қалу. (Алдану)
2) Сең соққан балықтай болу. (Есеңгіреу)
3) Сөзі мірдің оғындай. (Өткір сөз)
4) Тонның ішкі бауындай. (Өте жақын адамдар)
5) Мойны ырғайдай болу. (Азып-тозған адам)
6) Отқа май құю. (Өршіту)
7) Құлаққа ұрған танадай. (тып-тыныш)
8) Қаймағы бұзылмау. (Бірлігі бұзылмау)
9) Кескен жерінен қан шықпас. (Қатал, ұятсыз адам)
10)Аузын буған өгіздей. (Үндемейтін)

Бекіту: Құрметті оқушылар, бүгінгі «Тіл – құдірет» атты ашық сабағымыз өз
мәресіне жетіп келеді.
Тіл өнері – елдігіміздің, біртұтастығымыздың белгісі. Тәуелсіздігіміз
тұғырлы, еліміз еңселі болсын десек, туған тілімізге салғырт қарамай,
оның мәртебесін көтеруге атсалысуымыз қажет.

Үйге: «Тіл – ұлттың жаны» ойтолғау. Тіл туралы ұлы адамдардың нақыл
сөздерін ізденіп, теріп жазып келу.
Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ең үздік тіл жанашыры
Ана тілін білмеген адам
Сынып жетекшілері
Сыңғырла, соңғы қоңырау жайлы ақпарат
Қазақ-қонақжай халық жайлы ақпарат
Аялайық ананы 2-сынып тәрбие сағаты
ТЕХНОЛОГИЯ - ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ
Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын
Ана - өмір шуағы
Қарлығаштың қасиеті
Пәндер