Физикада инновациялық технологияларды енгізу: теория және әдістеме

ФИЗИКАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т. б. ) ; маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т. б. жаңалықты жасаудағы инвестиция - жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі. Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу. “Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты-оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Баяндамада оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады.

Қазіргі замандағы мұғалімнің алдындағы негізгі басты міндеті - тек қана оқушыларды білім жағынан ғана қалыптастырып қоймай, оқушылардың рухани деңгейін оятып, тәрбиелік құндылықтарын арттырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуға атсалысу. Бала тәрбиесінің дамуына ұстазынан басқа қоршаған орта немесе басқа да адамдардың ықпалы әсер ететіндігі барлығына аян. Мұғалім өмір бойы оқушымен оқушы болып өтетіндіктен, оқып - ізденуін ешуақытта тоқтатпайды. Мұғалімнің өздігінен ізденіп, білімін жетілдіріп отыру - бүгінгі таңдағы білімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі болуы шарт.

Ақын - ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп жазған. Сондықтан да ұстазы бар жерде саналы білім мен сапалы тәрбие болмақ.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:

  1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
  2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
  3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Ақпараттық технологиялардың қағидалары:


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу: әдістеме және тәжірибелік сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тәжірибесі (Қарағанды қаласы)
Информатика пәнін оқытуда инновациялық ақпараттық технологияларды қолдану
Математика сабағында заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану
Білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізудің әдістемесі
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу және дамыту
Кәсіптік лицейде ақпараттық технологияларды енгізу және оқушылардың ақпараттық құзыреттігін қалыптастыру
Бастауыш мектепте ақпараттық инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының тұлғалық және танымдық дамуы
Мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және педагогтардың АКТ құзыреттілігін арттыру
Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz