Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Энергия

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі Тыныштыкова Жанат Шалабаевна
Энергия.Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Сабақтың мақсаты: Энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заң ретінде түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.

Міндеттері :
1. Механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету.
2. Оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:
* Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
* Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
* Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
* Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
* Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

Қамтылатын модульдер:
1- модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы,түсіндірмелі,практикалық,тірек-сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,
3- модуль - бағалау,
4 - модуль-АКТ пайдалану (слайдтар),
7- модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:
* Үй тапсырмасын тексеру
* Топпен жұмыс
* рефлексия

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
* Ұйымдастыру
* Оқушының зейінін сабаққа аудару
* Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.
* Мәтінді тарату
* Деңгейлік тапсырма

I-Білу.Үй тапсырмасын тексеру үшін сәйкестендіру кестесін толтыру.

1- тапсырма.

Сұрақтар
Жауаптар
1
Дене импульсі

А) күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі
2
Импульстің сақталу заңы
Ә) дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы
3
Дене импульсінің бірлігі

Б) жылдамдық бағытымен сәйкес келеді
4
Күш импульсі
В) дене массасы мен қозғалыс жылдамдығының
көбейтіндісіне тең
5
Дене импульсінің өзгерісі

Г) күш векторының бағытымен сәйкес келеді
6
Дене импульсі векторының бағыты

Ғ) өзгермейді(сақталады)
7
Күш импульсі бағыты

Д) Ғ=ma
8
Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы
Ж) p1+p2= p1 '+p2 '
9
Реактивті қозғалыс

З) күш импульсіне тең
10

Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формула
И) кг*м/с

II-Түсіну. Сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісі қолданылды.

1. Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.
2. Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.
3. Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
4. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.
5. Дененің толық механикалық энергиясы.
6. Толық механикалық энергияның сақталу заңы.
7. Энергияның сақталу және айналу заңына сүйеніп жұмыстың физикалық мәнін түсіну.

III-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару.

Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық
энергиясын анықтаңыз.
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?

Қатаңдығы 104Н/м 3см сығылғанда,оның потенциалдық энергиясы қанша


Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға б
болады?

20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж
болса,оның массасы:

Кинетикалық энергиясы Ек=250Дж және импульсі p=50кг*м/с дененің
массасы неге тең?

Бірінші автомобильдің массасы екіншісінен 18 есе артық,ал жылдамдағы 6 есе
кем. Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы?

IV-Талдау. Шаманы таны.

1.Энергия.
2.Потенциалдық энергия
3.Кинетикалық энергия
4.Жұмыс

V-Синтез. Топтарға жекелеген тапсырмалар беріледі.
I- 5 жолды тұжырым.
II- Эссе
III- Венн диаграммасы
IV- Тірек-сызба құру.

Рефлексия
"Білім ағашы" тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру.

VI-Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды.
Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.

Үйге тапсырма. §22,23. 19жаттығу-5.


Ұқсас жұмыстар
Энергия және оның түрлері
Механикалық знергия. механикалық знергияның сақталу заңы
Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия
Шеберхана кезеңдерін қолдану
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Потенциалдық және кинетикалық энергия
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. 9 cынып
Баламалы отын-энергиясын пайдалану жолдары
Энергия - болашаққа барар жол
Пәндер