Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ процесіндегі ұлттық ойын түрлері


ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

Баяндама

« Сабақ процесіндегі ұлттық ойын түрлері »

Мұғалім: Мамраимова Ж.Т.

Астана, 2013 ж.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болғандықтан
«Тіл туралы заңды негізге ала отырып». Ұлттық ойын түрлерін қолдану арқылы
оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып, алған білімін кеңейтіп, көркемдік
талғамдарын арттыруда, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық
тәрбие беруде, ізгі мінез-құлық, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда ана тілі
мен әдебиеті сабақтарының міндеті мол, орны ерекше. Оқушы білімінің сапалы
болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық
дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істетіп,
біліктерін іскерлікпен дамытуға байланысты.
Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында тұрған ең басты міндет – оқушыларды
сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы әр тақырыпты жете түсіндіру.
Ал, оқушыны сабаққа қалай ынталандыруға болады?
Бұл сұрақтың бір ғана жауабы бар: тек сабақ қызықты өткенде ғана, сабақты
қызықты тартымды өткізу мұғалімнен білімділікті, қабілеттілікті,
тапқырлықты, дарындылықты қажет етеді.
Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеті – ана тілінің қырлы
иірімдеріне терең бойлату, оларды сауатты жазуға және мәдениетті сөйлеуге
уйрету дұрыс оқу, оқығанын жүйелі түрде айтуға жаттықтыру. Әр тақырыпты
өткенде мұғалім қай әдісті тиімді деп есептейді ол өз еркінде.
Өйткені, ұстаз үшін ең тиімді әдіс жақсы меңгерген, жетік білетін әдісі.
Белгілі бір тақырыпты әр мұғалім әр түрлі әдіспен жеткізеді. Бұдан ұстаздың
өзіндік методикалық икемі, білімі талғамы, өзіне тән педагогикалық
шеберлігі байқалады.
Күнделікте сабақта мысалға алатын болсақ бұл ұстаздар арасында кеңінен
тараған әдіс – ойын элементтерін пайдалану. Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында ойындар оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін
арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда өте тиімді екендігі мәлім. Бала
белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен
беріліп, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті меңгереді.
Алға мақсат қоя білуге төселеді, білгенін соған жұмсайды.
Әсіресе, сабақ барысында өзіміздің қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін
өтілетін тақырыпқа пайдалану, ғасырлар бойы тасада қалып келген тамаша
дәстүрлерімізді қайта жандандырып ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін
тигізетіндігі сөзсіз.
Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-
қатынас өнеріндегі салт-дәстүрлерді саналы түрде сезініп өседі. Сабақта
ұлттық ойын түрлері сәтті жол тапса, оқушылардың белсенділігін дамытып,
пәнге деген құштарлығын оята түседі.
Қазіргі уақытта өзімнің сабақ беретін топтарымда ұлттық ойын түрлерін
кіргізіп жүрмін.
Алдыма қойған мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен
әр тақырыпты жете меңгеру. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып,
халқымыздың әдет-ғұрпы, мәдениетімен жете таныстыру мақсаты да басты
назарда болмақ. Сол себепте де өз сабақтарымда ұлттық ойындарды қолдануды -
әдетке айналдырдым. Енді солардың кейбіреуіне тоқталып өтейін.
I. « Көкпар» зерделілер сайысы. Бұл ойын әдетте қайталау сабақтарында
жүзеге асырылады. Әрі бұл ойын түрі “Көкпар сабақ“ деп аталады. Сынып
оқушылар бес-бестен екі топқа бөлініп, әр топқа ат беріледі. Ойынға керекті
құрал-жабдықтар номерленген асық салынған қоржын, сұрақ тапсырмалар
жазылған карточкалар, команда аттары жазылған көрсеткіш тақталар, қамшы,
ұпай көрсетілген тақта. Тақтаға қайталауға арналған тақырып жазылып плакат
немесе электронды слайд түрінде ілінеді: «Етістіктің рай түрлерін және
тұйық етістікті қайталау.» Әр топ басшысы кезектесіп келіп қоржыннан асық
суырып, номерге байланысты карточка алып, орнына отырып, өз тобымен
дайындалады.
Ойын бір минут ішінде дайындалып жауап беруге тиіс. Сөз сұрарда қамшысын
көтеріп белгі береді. Егер жауап дұрыс болмаса не жеткілікті болмаса
қарсылас топтың қосымша айтуға еркі бар. Осылайша, әр топ ұпай санын
жинайды, ол плакаттағы қалтаға салынып көрсетіледі. Оқушылар шамамен 15-20
минут ойынды толық аяқтайды, бағаларын алады. Өзара пікірлеседі, таласады.
Карточкаға дайындалған бақылау сұрақтары мен тепсырмалар.
а) Райдың қандай түрлері бар? Бұйрық райдың жасалу жолдарын
түсіндіріңдер, оларға мысал келтіріңдер.
б) Шартты рай дегеніміз не? Оның жұрнағын есіңе түсір. Етістің шартты
рай түрлері қалай жіктеледі, мысал кетіріңдер.
в) Ашық райдың неге арқаулы көрсеткіші жоқ? Оны сөйлем ішінде қалай
табуға болады?
г) Тұйық етістік дегеніміз не? Оның басқа етістіктерден айырмашылығы
неде? Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі қандай? Емлесін еске түсір.
II. «Хан талапай ойыны». Асықпен ойналатын түрі.
Ойын жүргізушісі қолындағы асықты « Хан талапай» деп ортаға қарай шашып
жібереді. Балалар тез-тез жинап алулары керек. Асықты кім аз жиып алса, сол
жеңілген болады. Ал, қазір « Хан талапай» ойынын былай ойнатуға болады.
Оқушы саны шек қойылмайды, номірленген асықтарды «Хан талапай» деп ортаға
шашып жіберіп, қай номер кімге түссе тиісті сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Сұрақтар арнаулы қапшықтарда болады.
III. «Шашу шашу» ойыны. Бұл да қайталау жаңа сабақтарды қорытындылау
ретінде пайдаланып жүрмін. Кәмпиттердің қабына тиісті сұрақ жазып «Шашу»
деп оқушыларға шашып жіберіледі.
Шашудан алған кәмпиттердің ішінде сұрақ жазылған. Қай сұрақ кімге түссе,
сол оқушы ойын шарты бойынша жауап беру тиіс.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту
мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып,
оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген
қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық
шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал
баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік
қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы
сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қорытынды:
Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің
қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа
адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде
баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.
Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі,
дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары болып
табылады.
Ұлттық ойындарды қолдануың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің
сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен
адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың
пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай
түседі. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-
ақ маңызды ол Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,
бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары
отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу
процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау
сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да
арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.


Ұқсас жұмыстар
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұны арқылы оқушылардың экологиялық құзырлығын қалыптастыру
Қазақша күрес
Өңдеу қателігін есептеу
Ұлттық тұрғыдағы тәрбие
Сипаттау әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Өндірістік оқыту сабақтарын жоспарлау
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Ұлттық спорт түрлері. Сын есім және оның түрлерін қайталау
Пәндер