6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту бойынша сабақ жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданы,

Дүйсеке орталау мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы.

Математика 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарды көбейту».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың рационал сандарды көбейтуді білу туралы түсінік беру;

Дамытушылық : Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәеге деген қызығушылықты, математика тілінің мәдениетін дамыту;

Тәрбиелілік. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.

Әдісі : Түсіндіру, есептер шығару.

Көрнекілігі . Үлестірмелі карточкалар, ребустар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру:

Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейткіштер теріс сан болады.

(-) (+) = (-), (+) (-) = (-) .

Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі-модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.

(-а) в= -ав, а (-в) =-ав.

Мысалы: 4∙ (-15) = -60.

Екі көбейткіштің таңбаларыбірдей болса, көбейткіштер оң сан болады.

(-) (-) = (+), (+) (+) = (+) .

Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі-модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.

(-а) (-в) = ав,

Мысалы: (-30) ∙ (-3) = 90.

Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады, : а 0 = 0 .

Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады.

а 1 = а .

Мысалы: (-2, 5) 1 = -2, 5

Кез келген санды -1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама - қарсы санға тең.

а (- 1 ) = -а, - а (- 1 ) = а.

Мысалы: 7, 4 ∙ (-1) = -7, 4; -9 ∙ (-1) = 9.

ІV. Рационал сандарды көбейтуге байланысты есептер шығару:

№ 520 (ауызша)

-3 ∙ (-18) =54, -2 ∙ (-15 ) =30, -30 ∙ (-2) = 60,

27∙ (-2) = -54, 9 ∙ (-7) = -63, -15 ∙ 4 = -60.

Деңгейлік тапсырмалар:

«А»

-20 ∙ (-4) =80, (-15) ∙ 0 = 0, 28∙ (-2) = -56,

3 ∙ (-25) = -75, -21 ∙ (-4 ) = 84.

«Б»

22∙ (-0, 3) = -6, 6, (-100) ∙ 0, 72 = -72, -88 ∙ 0, 1 = - 8, 8,

-3, 8 ∙ (-3) = 11, 4, -0, 4 ∙ (-30 ) = 12.

«С»

-1, 5 ∙ 0, 7 = -1, 05, 0, 6∙ (-0, 5) = -0, 3,

7, 2 ∙ (-25, 3) = -182, 16, -0, 7 ∙ 0, 64 = - 0, 448.

Тапсырмаларды орындау:

Сергіту сәті: «Ойлан тап».

Қөбейтіндіні орындап, шыққан мәндерді өсу ретімен орналастырып тиісті әріптерді қойсақ мақалдың жасырылған сөзін анықтаймыз.

1) . -3 ∙2 ═ -6 (ы) 5) . 4 ∙4 ═ 16(ң)

2) . 4 ∙2 ═ 8(н) 6) . -3 ∙(-5) ═ 15 (ы)

3) . 5 ∙2 ═ 10(н) 7) . 4 ∙(-5) ═ -20(о)

4) . -3 ∙4 ═ -12 (с) 8) . 5 ∙(-5) ═ -25(Д)

. . . мың болғанына мақтан, Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.

Жауабы: -25, -20, -12, -6, 8, 10, 15, 16.

Д о с ы н н ы ң

  1. Көбейтіндіні орындап, көбейтінділері бірдей әріптердің орнын ауыстырсақ мақалдың жасырылған сөзі анықталады.

1) . -2 ∙ 3 ═ -6 (ң)

2) . -10 ∙(-3) ═ 30 (ы)

3) . -3 ∙(-2, 2) ═ 6, 6 (с)

4) . -6 ∙(-4) ═ 24 (д)

5) . 60 ∙(-0, 1) ═ -6 (д)

6) . 12 ∙ 2 ═ 24 (ы)

7) . 5 ∙ 6 ═ 30 (о)

Жауабы: -6, 30, 6, 6, 24, -6, 24, 30.

Д о с ы ң д ы

. . . үш күн сынама, үш жыл сына.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №525, 528.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды көбейту
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту - ашық сабақ жоспары
6-сынып математика: Рационал сандарды бөлу - сабақ жоспары (Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар)
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту - ашық сабақ жоспары (Сатаева Т. А., 2013-2014 оқу жылы)
6-сынып математика: Рационал сандарды бөлу сабағы
6-сынып математика. Рационал сандарды азайту және есептер шығару
Рационал сандарды көбейту: сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
6-сынып математика: Рационал сандарды салыстыру және координаталық түзуде кескіндеу
Рационал сандарды көбейту: ережелер мен есептер
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды бөлу ережелерін тиянақтау (саяхат әдісі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz