5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Ұлттық ойындар - Тоғызқұмалақ және етістік (қазақ тілі)

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. Тоғызқұмалақ. (5- сынып)

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық ойындар тақырыбына байланысты мағлұмат беру. Ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын ұғындыру. Оқушылар етістік туралы түсініктерін пысықтай отырып, алған білімдерін жинақтайды, бекітеді.
Дамытушылық: Өткен сабақтардағы алған білім деңгейін байқауға, тез ойлауға есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының салт- дәстүрін, тарихын білуге тәрбиелеу; адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: асық, тоғызқұмалақ, арқан, тест тапсырмалары, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.

- Балалар, «сәлем-сөздің анасы» деген екен, сондықтан келген қонақтармен амандасайық.
1. оқушылармен сәлемдесу . Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау (тренинг)

Оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.

2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

Ән тыңдау «Қонақ келсе» Жігіттер тобы (1мин)

II. Үй тапсырмасы ( ұяшықтардағы сұрақтар арқылы), 1-2 оқушы түсінгендерін мазмұндайды

Мұғалім: Балалар, қазір біз қазақтың ойындары туралы бейнебаян көрейік.
(Мультимедиялық қондырғыдан «Қазақтың ұлттық ойындары » деген бейнефильм көрсетіледі) .
Мұғалім: Балалар, бейнебаян ұнады ма? Несімен ұнады? Ойынға шыққан адамдар не істейді?
Оқушылар бейнебаян туралы өз ойларын айтады.

-Ендеше, балалар, осы асық ойынын өзіміз ойнап көрейік. ( Ұл балалар ортаға шығып асық ойынын ойнайды) А. Енсепов күй

Мұғалім: Бүгінгі сабақта да ұлттық ойындар туралы жалғастырамыз, сондықтан да дәптерлеріңді ашып күн жадын, жаңа сабақ тақырыбын жазып қойыңдар. (мақсаты айтылады)

III. Жаңа сабақ: «Тоғызқұмалақ»

Білетін оқушылар ойнап көрсетеді.

  1. Оқулықпен жұмыс. Орыс тіліндегі мәтінді аудару, жаңа сөздермен жұмыс.

Жаңа сөздер : (түрлі жұмыстар жүргізу: синоним, антоним, омонимін табу, қазақ тіліне тән дыбыстарды табу, дыбыстық талдац т. с. с)

Құмалақ-сухие овечьи катышки

Қарсы жақ-противная сторона

Қолданады-применяют

Раскладывают-салады

Пластмасса шарлар-пластмассовые шарики

Қатысады- участвуют

Ұяшық-ячейка

Бірдей сан-парное число

Пайда болу-образуется

ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.

б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

2 . Грамматика : Етістікті қайталау. ( Жуан, жіңішке сұрақтар арқылы дәлелдеу)

  1. « Ойнады» -бұл етістік .
  2. Етістік құрамына қарай 2 ге бөлінеді.
  3. Етістік сөйлемде 2сызықпен сызылады.
  4. Кел, кет, көрген, айтпа- бұл негізгі етістіктер.
  5. Алып кел, жазып отыр, уәде берді - бұлар күрделі етістіктер.
  6. Алды, жаздыр, бар, қарайды-бұлар болымды етістіктер
  7. Барған жоқ, алма, алған емес, көрген жоқ, көрген емес-болымсыз етістіктер
  8. Ойла, сана, көмектес, ақылдас-туынды етістіктер.

3. Семантикалық карта .

Атауы

мысал

Дара етістік
Күрделі етістік
Негізгі етістік

Туынды

етістік

Болымды етістік
Болымсыз етістік
Атауымысал: Баста
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: Ойнап отыр
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: Жеңілген жоқ
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: Жүгіріп жүр
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: Кел
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: Ойнады
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:
Атауымысал: сана
Дара етістік:
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туындыетістік:
Болымды етістік:
Болымсыз етістік:

4. Тест (Етістікке байланысты)

Сабақты қорытындылап, бекіту

IV. Рефлексия Оқушылар стикерлер арқылы білімдерін бағалайды.

Үй тапсырмасын беру. Деңгейлік тапсырмалар, 91-бет.

Мәтінмен топтық жұмыс. Екі топқа «Ханталапай» және «Тоғызқұмалақ» ойындары беріледі. Бір топ қазақшадан орысшаға, келесі топ орысшадан қазақшаға аударулары қажет.


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған Ұлттық ойындар тақырыбындағы қазақ тілі сабағы
5-6 сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: Ұлттық ойындар және Қызық құс
Тоғызқұмалақ ойынының ережелері мен ерекшеліктері: 5 сыныпқа арналған ашық сабақ
5-сынып қазақ тілі сабағы: Айқұлақ ұлттық ойыны арқылы болымсыздық етістік жұрнақтарын меңгерту
10-сыныпқа арналған ашық сабақ: Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
Сабақты етістік пен салт етістік: қазақ тілі сабақ жоспары
Болымды және болымсыз етістік: 3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары
Тоғызқұмалақ ойынын таныстыруға арналған 4 «а» сыныпқа сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Қазақ халқының ұлттық киімдері
3-сынып: Қазақ тілі - Етістік бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz