"Ұстаз шәкіртімен әйгілі."

Рисунок1Рамки Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

Өтес орта мектебі

Информатика және математика пәнінің мұғалімі:

Досмагамбетова Арайлымның іс-тәжірибесінен

2013-2014 оқу жылы

Ұсынылды:

Педагогикалық кеңес шешімімен

Хаттама: №__ “___” 2014 ж

Мектеп директорының м. а. : А. С. Назарова

Жинақтаған:

Мектеп директорының

Бейіндік жөніндегі орынбасары: Р. Қ. Садақбаева

Бекітілді:

Өтес орта мектебі

Хаттама: №__ “___” 2014 ж

«Ұстаз шәкіртімен әйгілі» -деген ұстаздың ұлылығын білдіретін ұғым. Ұстаз еңбегіне берілген үлкен баға. Досмағамбетова Арайлымның педагогикалық қызметінің мәні оқушыларына жан-жақты бүгінгі күн талабына сай білім беру. Құндылығы сол ұстаз деген ұлы есімге кір келтірмей өз қызметін адал еңбегімен атқарып, жемісін көріп жүрген мұғалім. Шәкірттерінің білімді, адамгершілігі мол, саналы азамат болып, шығуы үшін бар тәжірибесімен мен еңбегін арнайды.

Мектептегі басты тұлға мұғалім десек, алған біліммен, тәжірибелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын, ой-танымның иесі саналы азаматты жетілдіруге үлес қосу оның құндылықтарының ең бастысы болмақ.

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген болатын. Арайлым үнемі іздену үстінде өз білімін жетілдіріп, білім жағынан бәсекеге қабілетті шәкірт дайындауды басты назарда ұстайды.

Досмағамбетова Арайлымның мақсаты: оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Сапалы білім негізі - жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.

Осындай жаңа даму үрдісі ал­ға басып отырғанда Елбасы Н. Назарбаев: «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» - деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.

Мектеп директорының

Бейіндік жөніндегі орынбасары: Р. Қ. Садақбаева

22

7 - сынып.

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы: «Файлдар, қапшықтар және таңбашалар»

Сабақтың мақсаты : «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың көрнектілері: тесттер, таратпа материалдар.

Сабақтың құрал - жабдықтары: Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.

II. Өткенді пысықтау.

  1. Ауызша сұрақтар:
  1. Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?
  2. Windows қандай ож?
  3. Жұмыс столы дегеніміз не?
  4. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
  5. Компьютердің енгізу құрылғылары?
  6. Компьютердің шығару құрылғылары?
  1. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы
А
Ақпарат
1: 2
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
А: В
Ақпарат: Жұмыс аймағы
1: 3
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: Бұл - объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы
А: С
Ақпарат: Терезе
1: 4
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан
А: Д
Ақпарат: Интерфейс
1: 5
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: Адам мен компьютер арасындағы байланыс
А: Е
Ақпарат: Сканер
1: Жауабы:
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: 1
А: 2
Ақпарат: 3
4
5
1:
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы: Е
А: С
Ақпарат: В
А
Д
  1. Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
  1. « . . . - компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»

А) ОЖ* В) Интерфей С) Драйвер D) Терезе E) Объект

  1. « . . . европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы
  1. Аналитикалық машина
  2. Есепшот
  3. Паскаль машинасы
  4. Арифмометр
  5. Дербес компьютер
Жауабы:
Есепшот

III. Жаңа сабақ

1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілері
Windows объектілері: Негізгі
Арнайы
Windows объектілері:
  1. Қапшықтар
  2. Бағдарламалар
  3. Құжаттар
  4. Таңбашалар
  1. Бас меню
  2. Басқару тақтасы
  3. Менің компьютерім
  4. Себет

Файл -бұл аты бар байттар тізбегі.


Файлдың аты

Сол жақ бөлігі Оң жақ бөлігі

Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

  1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.
  2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.
  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:

дефис (-), астын сызу (), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (, ), {, } қолдануға болады.

  1. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (; ), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (. ) қолдануға болмайды.

1. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

  1. doc - мәтіндік файлдар;
  2. bmp-графикалық файл;
  3. htm-Web-Internet беті;
  4. TXT-блокнот бағдарламасының құжаты
  5. ppt- қолданбасының кеңейтілуі

Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.

Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т. б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Жаңа қапшықтар құру

Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы.

Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтар болып екіге бөлінеді. Windovs -тің объектілері жүйелік қапшықта сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерту енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.

Жүйелік қапшықтар: Windovs, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.

Жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:

Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау; Логикалық дискілер; Себет; Принтерлер; Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар) .

ТАҢБАШАЛАР

Таңбаша - бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің таңбасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді. Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т. б. )

III. 2) Практикум

1. «Мои документы » т ерезеде жаңа қапшық құру .

Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру.

Жұмыс үстелінің жаңа қапшық, ты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.

Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық, белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.

2. Ағымдағы терезеде таңбаша құру.

1. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать -Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.

Таңбашаны жасағаннанкейін оны қажетті орынға орналастыруға болады.

Ол үшін таңбаша кұрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау процесін іске қосканнан соң жүргізуге болады немесе алдымен объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға болады.

Жұмыс үстелінде таңбаша құру .

  1. Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустыңон жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
  2. Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны ҚҰРУ") диалог терезесі пайда болады.
  3. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.
  4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі"ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетпеген.
  5. "Далее" ("Одан әpi") батырмасын басу - "Таңбашаның атынтаңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
  6. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңатаңбаша пайда болады.

Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау.

  1. Қажетті таңбашада маустың оң жақ батырмасын басып, «Қасиеттері: таңбашаның аты» диалог терезесін ашады. «Таңбаша» (Ярлык) қосымшасын ашу
  2. Быстрый вызов енгізу өрісінде меңзерді жылжыту (пернелер тағайындалмай тұрып, енгізу өрісінде «Нет» жазуы көрінеді) .
  3. Пернені таңдап, оны басу. Быстрый вызов енгізу өрісінде Ctrl+Alt+таңдалған перненің символы бейнеленеді.
  4. Пернелердің үйлесуін пайдалану таңбашаға мауспен баспай-ақ, бағдарламаны шақыруға мүмкіндік береді. Пернелер үйлесуі (нақты соңғы таңдалатын символ) бірегей болуы керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

CИН оқулығындағы тапсырмаларды орындау.

Ойын «Жартымды тап»

Жүйелік
коды
Блок
Жүйелік: Перне
коды: Pad
Блок: Тақта
Жүйелік: Жұмыс
коды: блок
Блок: Үстелі
Жүйелік: ASCII
коды: ROM
Блок: Коды
Жүйелік: Морзе
коды: тақта
Блок: Әліппесі
Жүйелік: Фото
коды: үстелі
Блок: Аппарат
Жүйелік: Қатты
коды: аппарат
Блок: Диск
Жүйелік: СD
коды: әліппесі
Блок: ROM
Жүйелік: Word
коды: құжаттарым
Блок: Pad

Тест тапсырмалары:

1. Ақпаратты өлшеудің ең үлкені бірлігі:

A) Байт B) Бит C) Мбайт D) Кбайт Е) Гбайт

2. Ересек адам компьютер алдында күніне неше сағат жұмыс істеуге болады?

A) 5 сағаттан артық емес B) 10 сағаттан артық емес

C) 5 сағаттан кем емес D) 10 сағаттан кем емес E) 8 сағаттан артық емес

3. Кеңейтілген файлдар . TXT - бұл:

A) Атқарылатын файлдар.

B) Командалық файлдар.

C) Паскальда жазылған программа.

D) Мәтіндік файлдар.

E) блокнот бағдарламасының құжаты

3. «Файл» дегеніміз не?

A) Түсіндіру, баяндау, мәлімет.

B) Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.

C) Аты бар байттар тізбегі.

D) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.

E) Әртүрлі мақсаттарға арналған программалар жиынтығы.

4. Компьютер дегеніміз не?

A) Түсіндіру, баяндау, мәлімет. B) Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.

C) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі.

D) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.

E) Әртүрлі мақсаттарға арналған программалар жиынтығы.

5. Курсордың сол жағындағы символдың жойылуы:

A) Delete. B) Home. C) Backspace. D) Insert. E) End.

V. Қорытындылау

1) Үйге тапсырма 3. 4 - Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Таңбашалар жасау.

2) Оқушыларды бағалау

3) Бағалау

6 - cынып.

Сабақтың тақырыбы: "Рационал сандарды салыстыру"

Сабақтың мақсаты : Рационал сандарды салыстыру нәтижелерін тура теңсіздікпен жазуға үйрету.

Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; тарихи мәліметтерімен таныстыру;

Дамытушылық: Рационал сандарды салыстыра білу, оң және теріс сандарды жалпы түрде жаза білу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;

Сабақтың әдісі: сайыс.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Оқыту тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, викторина.

Сабақтың көрнектілері: Таратпа материалдар, слайд, мадақтау грамотасы, оқулық, жұмыс дәптері.

Пән аралық байланыс: тарих.

Сабақтың құрал - жабдықтары: ИТ, ДК, слайд.

Сабақ жүрісі:

І. Ұйымдастыру

І-кезең. “Ойланып көрші”

ІІ-кезең. “Сен білесің бе?”

ІІІ-кезең. «Математикалық жәрменке» /оқулықпен жұмыс

ІV-кезең. «Шығармашылық жұмыс»

V-кезең. «Білікті маман» /викторина/

ІІI. Үйге тапсырма

ІV. Бағалау.

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтіледі. Сабақта белсенділік, шеберлік, білімділік көрсеткен оқушы «Білікті маман» лауазымын алады. Осы «Білікті маман» лауазымын алу үшін 5-кезеңдегі тапсырмаларды орындауларыңыз керек. Жоспармен танысайык:

І-кезең. “Ойланып көрші”

ІІ-кезең. “Сен білесің бе?”

ІІІ-кезең. «Математикалық жәрменке» /оқулықпен жұмыс

ІV-кезең. «Шығармашылық жұмыс»

V-кезең. «Білікті маман» /викторина/

І кезең. “Ойланып көрші”

  1. Оң сандар дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Теріс сандар деп қандай сандарды айтамыз? Мысалы?
  3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан бар ма?
  4. Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  5. Санның модулы дегеніміз не?
  6. Санның модулі қалай жазылады?
  7. Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі? Мысал келтіріңдер.
  8. Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі? Мысал келтіріңдер.
  9. Қандай санның модулі 0-ге тең?

ІІ-кезең. “Сен білесің бе?”

Жаңа сабақ:

І. Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол. жақта кескінделеді.

Мысалы: -5 . . . 5; 1 . . . -3. C:\Users\User\Documents\Сканирование\110.jpeg

ІІ. Кез келген оң сан нөлден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен.

Мысалы: 2, 5 . . . 0; 2, 5 . . . -5; . . . 0; 1, 7 . . . -8.

ІІІ. Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

Мысалы: - 4 . . . 0; -5 . . . 2; -3 . . . 2, 5; -2 . . . .

Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:

  1. Егер а - оң сан болса, ол жалпы турде былай жазылады:а > 0.
  2. Егер b - теріс сан болса, ол жалпы турде былай жазылады:b < 0.

ІҮ. Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

Мысалы: -11 . . . -3; онда -11 . . . -3; -2, 4 . . . -7 онда -2, 4 . . . -7.

ІІІ-кезең. «Математикалық жәрменке» /оқулықпен жұмыс

І деңгей. №383. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар:

  1. 4>0; -7<0; 8>0; -1<0. 2) 3) 8, 1>0; -3, 7<0; -9, 8<0.

Тарихи мәлімет:

Б. з. д. ІІ ғ. Египеттіктерде, вавилондықтарда, ежелгі гректерде теріс сандарды білмеген. Теріс сан деген түсінік теңдеуді шешу кезінде пайда болған. Математика есептерін шығаруда Қытайда пайдаланған, онда қызыл түспен оң сандар, қара түспен теріс сандар берілген.

ІІ деңгей. № 394. Салыстырыңдар:

Тарихи мәлімет:

Б. з. д. ІІІ ғ. Ежелгі гректік математик Диофант оң сандар мен теріс сандарды көбейтуді қолданып жүрген. Бірақ ол теріс санды дербес сан деп ойламаған, оны бар болғаны «азайтқыш» деп, ал оң санды «қосылғыш» деп есептеген.

ІІІ деңгей. № 399. Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар:

Тарихи мәлімет:

Француз математигі Рене Декарт 1637 ж «Геометрия» атты кітабында «Сандық осте нүктемен оң сандар нөлдің оң жағында, ал теріс сандар сол жағында орналасады» геометриялық тұжырымы берілген.

ІV-кезең. «Шығармашылық жұмыс»

  1. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр
  2. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда.

  1. Себеттегі 7 алманы 7 қызға тең бөліп берді. Бірақ, себетте 1 алма қалды. Бұл қалай?
  2. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады, ал 28 саны қай айда кездеседі
  3. Ең кіші үш таңбалы сан
  4. Жүз жылдың басқа атауы

V-кезең. «Білікті маман» /викторина/

І қатар:

  1. Кеше күн 3 градус суық, бүгін 2 градус жылы.
  2. Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайды?
  3. Мына сандарға қарама-қарсы сандарды жазыңдар: -3; 9; 0, 3; -17\frac{1}{7}.
  4. Мына сандардан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар: -99; -19\frac{1}{9}; 0, 99; 0; 9; -5; -14.
  5. Теріс санның модулі неге тең?
  6. Модульдерін салыстыр: -6 мен 3-тің; -7 мен -2-нің.
  7. Қандай сандар 0-ден үлкен?

ІІ қатар:

  1. Тарбағатай жоталарының ең биік жері теңіз деңгейінен 2992 м биіктікте, Каспий ойпаты теңіз деңгейінен 28 м тереңдікте.
  2. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
  3. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?
  4. Мына сандардан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар: -88; -18\frac{1}{8}; 0, 88; 8; 0; -7; -15.
  5. Санның модулі дегеніміз не?
  6. Модульдерін салыстыр: -8 бен 5-тің; -8 бен -3 тің.
  7. Қандай сандар 0-ден кіші?

Есте сақта!

1. Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан оның сол жағында кескінделеді.

2. Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез келгеннен теріс саннан үлкен.

3. Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

4. Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

ІІІ. Бағалау. «Білікті маман» оқушыны анықтау, марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып Ұстаз - ұлы есім
Менің педагогтік сенімім
Тәрбиеден бастау алған бар арман
Ұстазым – алтын діңгегім
Армысыздар аяулы ұстаздар
Сәлеметсіздерме ұстаздар
Мектепте Алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізу туралы
Құрметті үміткерлер
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Кәсіптік қазақ тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz