Поэзия, менімен егіз бе едің? ... ( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)

Поэзия, менімен егіз бе едің? . . .
( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)
С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамауова Алтынжан
Білімділік мақсаты : Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін,
Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету.
Түрі: поэзия кеші
Көрнекілігі: Ақын портреті, (ванердегі ) слайдттар, тірі дауыста өлеңдерінен үзінділері, « Жазылар естеліктер мен туралы » ақынға арналған естеліктер мен бағалар, кітап көрмесі.
Өту барысы: 1 жүргізуші : Құттыбаева Әйгерім
2 жүргізуші: Амангелдина Ақерке
1ж: - Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2ж: - Армысыздар, ардақты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты поэзия кешіне қош келіпсіздер!
Поэзия кешін бастамас бұрын назарларыңызды ақын өмірі мен шығармашылығына арналған слайд- суреттемеге аударсақ .
1ж: - Мұқағали 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы. Бір топ жерлестерімен әкесі майданға аттанғанда ол небәрі- он жаста- тұғын.
Алаңсыз күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы - құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тым ерте татты.
Нағиман апаның айтуынша үйдің тұңғышы болған соң ба, әжесі Тиынның бауырында өсіп, анасын жеңге есебінде санаған .
. . . Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем
Ақ кимешек жоғалса . . . нені көрем, -деп өзі жырлағандай Мұқағали өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.
« Менің анкетам»
2ж : Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы. Иә, естеліктер де жазылуда , пікірлер де айтылуда. Жыр боп ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы мен терең мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек. Мені өз өлеңдерінен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы мен аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. ( «Жазылар естеліктер мен туралы »)
Қыздар тобының орындауында би.
1ж: Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрды. 1962 жылы Алматыға көшіп келеді де, « Социалистік Қазақстан» газетінде, « Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді. « Жұлдыз» журналында қызмет атқарады.
2ж: - « Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда,
Байқашы бір бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп ақиық ақын- Мұқағали ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Анасының естелігіне жүгінсек, Мұқағали 14-15 жасынан-ақ өлеңге шындап ден қоя бастайды. Төбесі аласа ғана тамға қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап, шаршамай, шалдықпай оқумен болады. ( «Мен өскен лашық бір бөлме»)
1ж: - « Жыр басы Қарасаздан басталған Мұқағали бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады (Ән Құмған алған ) .
Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан. Әр өлеңнің өзі - жаңа дүние. Ал табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жердің, оның табиғатын жырлау - барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың да өзі туған жері мен еліне арналған өлеңдері қаншама. («Алыс болып барасың ауыл маған», « Туған жерге»)
2ж: - Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың небәрі 12 жылдық өмірі қалған-ды. Соны сезіп білгендей ақын жүрегі алабөтен асығады.
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңада ғана бастадым . . . - деп жанұшыра үн қатады.
Үлкен қалада үйсіздік пен күйсіздіктің қиыншылығын тартуына, қызметінің жиі ауысуына қарамастан, Мұқағали «алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан, бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан, шырақтардан, оттардан, жалаулардан, тіпті жоғалған замандардан да » өзі тағат таппай іздеген поэзияға деген шексіз махаббатына деген адалдығына, тұрақтылығын сақтап қалды.
« Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені, сезесің бе, неге іздедім ?» деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырларымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.
«Поэзия өлеңі »
1ж: - Тұрмыстағы жайсыздық пен жағдайсыздық, жұмыссыздық, әдеби ортаның жорта шеттетуі, ақын көңіліне кірбің, денсаулығына сызат түсірмей қоймайды. Таланты өзінен әлдеқайда төмен базбіреулердің том-том кітаптары есепсіз данамен басылып жатқанда Мұқағали жинақтарының пышақтың қырындай ғана көлемде, әрі болмашы тарлыммен шығуы үлкен әділетсіздік болатын. Мұның бәрі ақынды жүйкелетті де, торықтырды да. Ол содан да: « Бар өмірімнің қор, жиіркенішті болып көрінетіні соншалық, кейде бәрін өз ырқыммен - ақ қиып кете салғым келеді» дейді бір мезетте амалсыз. Десек те Мұқағали ешқашан өлген емес, Ұлы ойшыл Абайда Өлді деуге сыяма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған демеп пе еді. Ендеше, Мұқағали жыр сүйер ұрпағы бар да мәңгі тірі. Ол бүгін де, ертең де, келешекте де қалың қазақ қауымымен бірге өмір сүреді. Мұқағалиын ардақтаған халық оның өз дауысың тот баспас алтындай аялап, сақтап келеді. Ендеше, Мұзбалақ ақынның дауысын тыңдап көрейік. (Мұқағали Өмір туралы өз дауысынан өлеңін тыңдау) Мұқағали көзі тірісінде атақтан құр қалыпты. 1973 жылдан кейін құзырында тиянақты қызмет те болмады. Тірісінде алған жалғыз жүлдесі
« Лениншіл жас» газетінің өлеңдерге жарияланған « Менің атым-жиырма бес!» атты бәйгесіндегі алған II орны.
Отыз бес жыл өмірді кезіп келем,
Енді - отыз бес бола ма сезіктенем, - деп өмірінің қысқа болатынын аңғарған сияқты. ( « Жоқ дәрігер», « Шаршадым білем», « Соқ жүрек»,
« Майгүліме» )
2ж: Міне, тағдырдың тауқыметін көріп, өмірдің соқпақты кезеңдерін басынан кешірген Мұқағали нағыз табиғаттың құнды сыйы. Оның тұлғасы мен өлеңдері тот баспас алмас қылыштай жыл өткен сайын жарқырай береді. Адам мен табиғат егіз деген сөз қандай кереметтілікпен айтылған сөз десеңізші. Ақынның туған жерінде өткен 80 жылдық тойы бүкіл иісі қазақты таңқалдырды. Оған куә табиғаттың өзі жасаған тау мүсін. Ақынның өз келбетін нақты айшықтау еді. ( Енді мына бейнесуретке назар аударыңыздар. )
Шешем менің- иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді
Қалай ғана қалпына келтіресің,
Дауылдар майыстырған мынау белді.
Бұл ақынның анасы Нағиман Батанқызына арнаған өлеңдерінің бірі еді. Осыдан бастап балам сеңдей бұзылды. Қатты күйзелді. Иығы түсіп сылынып сала берді. Пәтер жалдап бірталай жыл әуре-сарсаңға түстік. «Еркелеп кететін кезін де көрдік. »Түнерген аспандай мұңлы сәті де болатын. Қуанса өлең үшін, шыққан жаңа кітабы үшін қуанатын.
1ж: - Ана -өмір сыйлаушы, бала бағбаншысы. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі жырдың алтын арқауы болмақ. Ендеше, ақынның ана тақырыбына арналған әні « Шеше сен бақыттысың»
2ж : - « Жалғасы бар жырымның жалғасы бар
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар
Сел-жырым ақтарылса арнасынан,
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар » деп тебіренген ақын жырының жалғасындай болып, Мұқағали жырларынан үлгі алып, өз сезімдерін жырмен өрнектеп жүрген ақындар баршылық. Жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады. Өйткені халықтың жыры да, пірі де Мұқағали.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz