Еліміздің рәміздері

Жариялаған: бастауыш сынып мұғалімі Панжазова Лейла Нурлановна

«Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ

Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: еліміздің рәміздері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық:оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін, сөздік қорларын,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: елжандылықққа, ел рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, карточка, сөзжұмбақ.
Сабақтың тәсілдері: топтық, жұптық, жеке жұмыс.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

  • Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.

1-слайд.

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.

(«Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады)

-Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық.

-Сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 2-слайд.

Сөзжұмбақ шешу: Астана.

1. Жер ортасындағы ең үлкен құрлық? ( Еуразия)

2. Астана - қай өзеннің бойында орналасқан? ( Есіл)

3. Мемлекеттік рәміз? (Ту)

4. Бұрынғы Астанамыз қай қала болды? ( Алматы)

5. Ас атасы --(нан) .

6. Ерте заманнан қалыптасқан қандай шаруашылық? (мал)

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. 3-слайд.
1. Блиц-турнир сұрақтары. Оқушы қызығушылығын ояту.

-Астананы картадан тауып, көрсету.
1. Қазақстан батыстан шығысқа қарай қанша киллометрге созылып жатыр? (3000 км)
2. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Жері байдың - . . . (елі бай)
4. Қазақстан оңтүстіктен солтүстікке қарай қанша киллометрге созылып жатыр? (1600 км)
5. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? (9)
6. Ит тойған жеріне, . . . (ер туған жеріне)

7. Біздің Отанымыз?

8. Біздің Елбасымыз?

9. Басқаламыз?

-әр мемлекеттің өзіне тән белгілері бар. Олар қалай аталады?

-рәміздерді атайық.

Тақтаға тақырыпты жазу.
Әнұран Елтаңба Ту

IV. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді оқи отыра, балаларды жаңа тақырыпқа жетелеу.

1. Мемлекеттік рәміздердің авторларымен таныстырып өту. 4-слайд.

Елтаңбаның авторлары: Шот -Аман Ыдырысұлы Уалихан, Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков.

Тудың авторы: Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

Әнұранның авторлары. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

V. Алғашқы бекіту

2. Мәтін бойынша екі топқа сұрақтар беріледі.

3. Оқулықпен жұмыс: Әнұран-талдау.

Сергіту сәті:

VІ. Бекіту.
1. «Есте сақта» ойыны-жеке жұмыс. 5-слайд.
Шарты: Экраннан бірнеше әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң сурет экраннан алып тасталады. Оқушыларға көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін есте қалған суреттердің атын алдын ала таратылған қағазға түсіру сұралады.
Суреттер: глобус, саңырауқұлақ, ту, аю, , елтаңба, сауысқан, Бәйтерек монументі, әтеш, көбелек.

2. Шығармашылық тапсырма: сөзден - сөз құрау. Жұптық жұмыс. 6-слайд.

3. «Кім зерек?» тапсырмасы. Топтық жұмыс.
Шарты: жаңа тақырып бойынша 2 топқа сұрақ беріледі. Топ мүшелері бірге ойланып, бір оқушы жауап береді.
І топ: ҚР Мемлекеттік туы қандай жерлерге ілінеді?
ІІ топ:ҚР Мемлекеттік әнұран қандай жиындарда орындалады?

-Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?

-Біздің ауылымызда ше?

4. Білімдінің көзі ашық. Топтық жұмыс. 7-слайд.

1-топ: Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген?

2-топ: Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?

VІI. Қорытындылау. 8-слайд.

А) Сызба арқылы қорыту.

Ә) Үй тапсырмасын беру (1 мин)
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында шығарма жазу
Ізденушілік бағытта: ел рәміздеріне сипаттама жазып келу

VIII. Бағалау. 9-слайд.

Оқушы еңбегін бағалау, мадақтау.

«Белоусовка бастауыш мектеп -балабақша кешені» КММ

Ана тілі.

Тақырыбы: «Ел рәміздері».

(ашық сабақ)

Орындаған: Панжазова Лейла Нурлановна

3 «В» сынып.

2013-2014 оқу жылы.


Ұқсас жұмыстар
Еліміздің рәміздері. 3 сынып, әдебиеттік оқу
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы
Елтаңбаның авторы кім
Қазақстан республикасының елтаңбасы
Тәуелсіз елім - тірегім жайлы ақпарат
Рәміздер
Балаларға таратылатын ресурстар
Рәміздерім-мақтанышым туралы ақпарат
Қазақстанның рәміздері
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz